Мамандығы: 0105000 – «Бастауыш білім беру»
Біліктілігі: 0105083 – «Ағылшынша білімі бар бастауыш білім беру мұғалімі»
Тобы: ББ-П-18
Орындаған: Дутбай Ақнұр
Сабақтың тақырыбы: «Түрлі жастағы балалармен қимыл-қозғалыс ойындарды ұйымдастыру ерекшеліктері»
Қайырлы күн ,ұстазым!
Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
1.Реферат: Қимыл-қозғалыс ойындары
Қимыл-қозғалыс ойындары
Ойын - эмоционалды әрекет, сондықтан балалармен тэрбиелік жұмыста үлкен бағалы дүние ретінде болады. Көптеген эртүрлі ойындардың ішінде балалардың арасында қимылды ойындар кеңінен тараған. Қимылды ойындар ұжымдық сипатта орын алатындықтан, балаларды үжымға, бірлікке үйретеді.
Ойындар балаларда жолдастық, ынтымақтстық сезімдерді жэне бір - бірінің ісіне деген жауапкершілікті дамытады. Ұжымдық ойынға қатысу арқылы бала жақсы жағдайда жолдасына доп беру, қолға түскен жолдастарын құтқарып алу сияқты қамқорлық, сыйластық т.б. қасиеттерді бойына қалыптастыруға негіз болады.
Ынтымақтастық және жолдастық сезім ойындар арқылы біртіндеп тәрбиеленеді. Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларда өз қимылдарын жолдастарының қимылдарымен тек қана үйлестіру қажет болады. Кейіннен бірін- бірі құтқарып, жолдастарына көмектесетін ойындар пайда болады. Бұдан кейін өз қызығушылығын командасының, ұжымдық қызығушылығына бағындыратын ойындарды қолдана бастайды.
Ойынның ережелері оқушыларды сапалы тәртіпті, адалдықты, ұстамдылықты тәрбиелеуге игі ықпалын тигізеді, өзінің жекелік ұмтылыстарын тежеуге үйретеді.Қимылды ойындардың бәрі баланың техникасына азды - көпті әсер етеді. Олардың көпшілігі оның еркін, зейінін, есте сақтау үрдісін дамытады. Сонымен қатар, ойын үстінде көптеген мәселелер кездеседі. Оларды шешуде балалардың ойлану үрдісі өріс ала бастайды. Оның ерік - жігерлігі, ұстамдылығы, тәртіпке бағынышты келуі - құрбыларымен достық қарым - қатынасын нығайтуға септігін мол тигізеді.
Ойын түрлері өте көп. Соның ішінде қимыл-қозғалыс ойыны. Ойынның негізін-әртүрлі қимыл-қозғалыс әрекеттері шығармашылықпен құрылып, дәлелді мазмұны, тақырыбы, идеясы бар, ережелері, көбінесе қарапайым ойындар құрайды.
Қимыл-қозғалыс ойындары – мектепке дейінгі жастағы баланың сүйікті де пайдалы іс-әрекетінің бірі болып табылады. Ойын адам ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттырады. Көңіл-күйін сергітіп, тамаққа тәбетін ашады, еңбекке құлшынысын күшейтеді.
Қимыл-қозғалыс ойындарының бала өмірінде маңызы зор, өйткені ол баланың қоршаған ортаны білуі мен ұғынуының таптырмас құралы іспетті.
Қимыл-қозғалыс ойындары спорт ойындарынан айырмашылығы ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін орынды және уақыт регламентін талғамайды.
Осы ойындар ішінен қысқы ойындарға тоқталып кетсек. Қысқы күндері қар үстінде, айдында, мұз және қар жал төбелерінде көптеген қызықты ойындар ұйымдастыруға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |