Сабақтың мақсаты: Түс датчигімен, оның баптауларымен және жұмыс істеу принциптерімен танысу. Объектінің түсін анықтауға арналған бағдарлама жасау.
Күтілетін нәтиже:
Түс датчигімен, оның баптауларымен, жұмыс істеу принциптерімен танысады;
Объектінің түсін анықтауға арналған бағдарлама жасайды.
Компьютерде бағдарлама жасау дағдысы қалыптасады.
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: класстерлеу әдісі, (түртіп алу) әдісі, Венн диаграммасы
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
Құралдар: компьютер, түрлі түсті маркерлер, стикерлер, А1 форматты қағаз (плакат), EV3 бағдарламасы, түс датчигі (Color Sensor), LEGO MINDSTORMS EV3 бағдарламасы, слайд;
Көрнекіліктер:үлестірмелі қағаздар, қима қағаздар, бағалау парақтары.