IV. Талдау. Жасаған жұмыстарын қорғау, түсіндіру.
V. Жинақтау. «Ассоциация әдісі»: PowerPoint бағдарламасының мүмкіндіктері
Рефлексия.
PowerPoint бағдарламасы күнделікті өмірге қажет пе? Өз ойларын жазу.
VІ. Үйге тапсырма: тақырыпты оқу, өзіңді тексер жұмысы
VІІ. Бағалау: бағдаршам түстері арқылы бағалау.
Жасыл- мен бүгінгі сабақты түсіндім
Сары- маған әлде де тақырыпты игеру керек
Қызыл- маған бүгінгі сабақ түсініксіз болды
- Белгілі бір тақырып бойынша бірыңғай стильде безендірілген слайдтардың және тиісті жолдама материалдарға (презентация жоспарына, баяндамашы ескертпелеріне, тыңдаушыларға үлестірілетін материалдарға) сәйкес келетін слайдтардың жиынтығы презентация деп аталады.
Презентация (көрме) – ойды, адамдар мен өнімдерді, шикізатпен қызмет түрлерін көрнекі түрде ұсыну.
MS Power Point программасының әрбір презентациясы слайдтар жиынынан тұрады. Ал слайдта графикалық фонда орналастырылған обьектілер немесе текст тұруы мүмкін.
Слайд – көзге көрінетін күрделі көрініс. Оның құрылымына тақырып, мәтін, кесте, графикалық бейнеклиптер дыбыс үзінділері, сызбалар енгізуге болады.
Слайд фильмдерді жасау құралы – MS Power Point графикалық пакеті. Ол әр түрдегі презентацияны көрсетуге мүмкіндік береді.
Обьект қою.
Обьектіні безендірілген слайдқа қою жеңіл. Обьектіні екі рет шерту, обьект құратын немесе редакторлейтін сәйкес қосымшаны шақырады.
Картинка қою.
Вставка - Рисунок - Картинки командасын орындайды немесе картинка қоюға арналған жері бар слайдтың безендірілуінде екі рет шертеді. Ары қарай картинка қою Word - тағыдай жүреді. Айта кететін нәрсе PowerPoint - та картинканың түсін өзгертуге болады. Яғни, картинканың кейбір түстерін басқа түске бояуға болады.
Дыбыс пен видео.
PowerPoint - та дыбыстар мен видеороликтерді слайдты демонстрациялау кезінде ойнатуға болады. Кейбір дыбыстар Эффекты анимации панелінде келтірілген. Басқа дыбыстар мен клиптерді Вставка командасынан табуға болады. Клип қойылған соң слайдта белгісі пайда болады. Клипті ойнату үшін белгіде екі рет шертеді.
Диаграмма қою.
Диаграмманы Excel - де құруға болады. Егер құрылған диаграмма болса, оны PowerPoint - қа слайдқа енгізуге болады. Диаграманы PowerPoint - та құру үшін, Вставка - Диаграмма командасын орындайды. Ары қарай диаграммамен жұмыс Excel - дегідей жүреді.
Word - тан кесте қою.
Егер кесте Word - та құрылған болса, оны PowerPoint - қа қою үшін, көшірмесін алмастыру буфері арқылы алып, слайдқа орналастыруға болады. Үш баған мен төрт жолдан үлкен кесте онша көрнекі көрінбейді. Сондықтан қарапайым кестелермен жұмыс жасаған дұрыс. Презентацияға Word кестесін қою үшін, Вставка - Рисунок - Таблица Microsoft Word командасын орындайды. Содан соң қажетті қатар саны мен жол санын енгізеді. ОК батырмасын шерткен соң, PowerPoint - тың құралдар тақтасы мен меню командалары Word программасының элементтеріне ауысады. Енді кестемен Microsoft Word - тағыдай жұмыс жасауға болады.
Презентация жасау үшін мына әрекеттерді орындау керек:
1. Power Point - ті іске қосу. Файл - Создать командасын таңдау.
2. Безендіру шаблонын жасау үшін
Файл - Создать - Шаблон - Оформления командасын қолдану
3. Әр слайдқа үлгі мәтіннің орнына қажетті мәтінді теру.
4. Слайдқа объект немесе сурет енгізу үшін Вставка менюіне кіріп керекті опцияны таңдау.
5. Мәтін мен кез келген объект үшін анимация енгізу үшін
Анимации - Настройка анимации командасын таңдау.
6. Бетке фон қою үшін Меню қатарындағы Дизайн командасын таңдау керек.
7. Құрылым тәртібіне өтіп, презентация жоспарын қарап шығу.
8. Презентация экранда қалай көрінетінін көру үшін,
Показ слайдов менюін таңдау керек.
9. Презентацияны сақтау үшін Файл - Сохранить как командасын орындап, ат беріп, сақтау.
Жұппен жұмыс.
1 жұп редакторлардан тұрады. Олар тақырыпқа сай мәтін құрайды, оны өңдейді. Мәтін қаншалықты қызық жазылса да безендірілмесе әдемі көрінбейді. Сондықтан бізге дизайнерлер керек.
Оқушыларға нөмірленген түрлі - түсті үлестірмелі қағаздар таратылады:
• Көк түсті (1 ден 8 - ге дейін) үлестірмелі қағаз алған оқушылар редакторлар тобын құрады.
• Қызыл түсті (1 ден 8 - ге дейін) үлестірмелі қағаз алған оқушылар безендіруші дизайнерлер тобын құрады.
Бір слайдты екі өңдеп шығарады: редактор және безендіруші. Үлестірмелі қағаздарындағы цифрлары бірдей оқушылар жұп құрайды.
Тапсырмалар
№1 -№3 жұптарға. Тақырыбы “Ғарышкерлер күні”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиент фонын таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Текстура фонын таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Узор фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.
№2 -№4 жұптарға. Тақырыбы “Ұлы жеңіске 70 жыл”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Узорная заливка фонын таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Сплошная заливка таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Рисунок или текстура фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.
№5 -№7 жұптарға. Тақырыбы “Менің ұстазым”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация қою, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиентная заливка
Линейный түрін таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз. Бетке анимация орналастырыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Сплошная заливка таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және сурет пен мәтінді анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз. Сөздеріңізді анимациямен баптаңыз.
№6 -№8 Тақырыбы “Біздің мектеп”
Берілген тақырыптар бойынша /3 слайд/ презентация құру, дизайн таңдау, анимация таңдау, әдемілеп жазу, яғни:
1. 1 - ші слайдқа Градиентная заливка
Радиальный түрін таңдап, презентация тақырыбы мен оқушының аты жөнін жазыңыз. Бетке анимация орналастырыңыз.
2. 2 - ші слайдқа Рисунок или текстура түрін таңдап, тақырыбыңызға қатысты суретті таңдап, мәтін жазу және анимациямен баптаңыз.
3. 3 - ші слайдқа Узор фонын таңдап, слайдыңыздың мазмұнын жазыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |