Сабақтың тақырыбы: Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі) Әдебиеттік оқу 2 сынып Сабақтың мақсаты



Дата25.08.2017
өлшемі64,27 Kb.
#27569
түріСабақ
Атбасар қаласы

Әдебиеттік оқу

Тақырыбы:Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі)



Ашық сабақ


Өткізген: Усембаева Амина Болатаевна


2014/2015 о.ж.


Сабақтың тақырыбы: Туған жер туралы жыр (қалмақ ертегісі)
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнын өз бетімен түсініп оқуға және оның идеясын ашуға жол салу.Мәтінмен жұмыс істей білуге, мәтіндегі негізгі ойды таба білуге жағдай жасау. Түсініп, жүгірте оқи білу, ойын толықжеткізе білуге машықтандыру, ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту.Туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: әнші құстар, тордағы құстардың, туған ауланың, қаласының суреттері.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Психологиялық дайындық.
Армысыз, Асыл күн!

Армысыз, Асыл жер!

Армысыз, Аппақ қар!

Армысыздар, Апайлар

2 мин Топқа бөлу
Атамекен өлеңінің жолдарын құрастыру арқылы 3 топқа бөлінеді. 
1 мин Сабақтың бағалау критерийлерімен таныстыру
Аты-жөні Үй тапсырмасы Қызығушылықты ояту Мағынаны тану Ой толғаныс Сабақты бекіту Ұпай Баға
Топта жұмыс жасаймыз. -Оқушылар топ бойынша отырады. Топ жетекшілері сайланады.
Үй тапсырмасын сұрау.
Балалардың бақыты. Сырбай Мәуленов.
Оқушылар жатқа айтады..

Қызығушылықты ояту. Миға шабуыл. Сұрақ-жауап

- Туған өлке деген сөзді қалай түсінесіңдер? 


(өз ойларын сұрау).
- Туған жеріміз туралы бейнероликтен тамашалау.

Балалар, біз уақыт машинасына отырып «Қазақстан еліне саяхат жасаймыз»

  1. Бейнеролик көрсету: Жөңғар шапқыншылығы туралы.
    Болжау әдісі. Жұппен жұмыс, (карточкалар тарату)
    1. Қалмақтар, сыйлапты, Қытай, императорына, құс, әнші.

    2. Отырды, алтын, үнсіз, торда, құс.
    3. Құсты, қақпағын, қоя, ашып, тордың, берді.
    Осы сөздер мен сөз тіркестерін бір - бірімен байланыстыра отырып, мәтін құрастыру.

    Мағынаны тану. Туған жер туралы жыр.

Қалмақ (моңғ. халимаг) - ұлт, Ресей Федерациясы құрамындағы Қалмақ автономиялы республикасының тұрғын халқы. Ламаизм дінін тұтынған. Тілі Алтай тілдерінің батыс-моңғол тобына жатады. Б. з. б. 1-мыңжылдықта қазіргі моңғолия жерін мекендеген. 15-16 ғасырларда жоңғар атырабында өз хандықтарын құрып, 17 ғасырдан бастап басқа жерлерді басып алуға кіріскен. 1723 ж. басталған жоңғар шапқыншылығы барысында қазақ халқы «Ақ табан шұбырынды» кесапатына ұшырады. Қазақтар мен қалмақтар арасындағы аласапыран арпалыстарға байланысты әңгіме аңыз, батырлық жырлар өте көп.

- Мәтінді аудиотаспадан тыңдау;
- Оқушының мәнерлеп оқуы;
- Сөздік жұмысын жүргізу
Слайд.
Сөздік жұмыс.
Император – мемлекет билеушісі.
Жұмақ – рақат өмір.
Ғұлама, данагөй – оқымысты, білімді адам.
Нөкер – императордың көмекшісі.

Сұрақ- жауап
1. Қандай ертегі екенін анықтау.
2. Әнші құс сайрауын неліктен тоқтатты?
3. Императордың бағы мен құстың туған жерінің сипатын тауып оқу.
4. Ертегінің қай тұсында императордың өзі де құсқа ұқсап қалды.
2-Бейнеролик көрсету: Ұлы Отан соғысы туралы айту

Туған жер туралы мақал - мәтелдің жалғасын тап.
Бақа көлін сүйеді,
Бұлдырық шөлін сүйеді,
_____________________
Ұлтарақтай болса да,
__________________
Ат төбеліндей болса да,
____________________
Әркімнің өз жері - _______

2 мин Сергіту сәті
«Туған жер» биі бейнеролик


3-Бейнеролик көрсету: Желтоқсан оқиғасы туралы айту.
«Галереяда ой шарлау» әдісі. Шығармашылық жұмыстар ұсынылады.

Әр топ басшылары келіп сұрақтарды таңдайды. Берілген 3 сұрақ бойынша 3 топ әр түсті маркерлермен плакатқа жауап жазады. Белгілі бір уақыт ішінде топ мүшелері орындарын ауыстырады.Орындарын ауыстыра отырып, әр топтың жазған жауаптарын тексереді және өз пікірлерін қосады. Кейінәртоптанбіроқушышығыпқорғайды Плакат.



  1. Сөйлемдердіаяқта.

1-    Топ: Мен туғанжерімдісүйемін, өйткені....

2-    Топ: Мен туғанжерімдіаялаймын, өйткені....

3-    Топ: Меніңтуғанжерім мен үшінқымбат, өйткені....

(4-    Топ: Менің  отанымдайжержоқ, себебі...)




Ой толғаныс.5 мин Сабақты бекіту
Әр топқа бөлек тапсырма.


1-топ: Мақалдардың жалғасын табады.

2-топ: Ертегіні сахналау.

3-топ: Өлең құрастыру.
3-Бейнеролик көрсету: Тәуелсіздік туралы.

Тесттік тапсырманы орындау.

1.Қазақстан Республикасы қандай мемлекет?

А. Тәуелсіз

Ә. Еркін

Б. Әдемі

 1. Император ертегі соңында нені түсінді:

А. Құстың тар жерде отырғысы келмейтінін;

Ә. Құстың туған жерде ғана рақат өмір сүретінін;

Б).Қажайып баудың әнші құсқа ұнамағанын.

 3. Тудың түсі қандай?

А. Қара және ақ

Ә. Қызыл және жасыл

Б. Көгілдір және сары

  4. ҚР президенті кім?

А. Нұрсұлтан Назарбаев

Ә. Шәмші Қалдаяқов

Б. Шәкен Ниязбеков

 5. Тудың ортасында не бейнеленген?

А. Шаңырақ

Ә. Күн


Б. Ою-өрнек
Үйге тапсырма:«Туған жер» тақырыбына шағын шығарма жазу. 
Бағалау:Критериалды Әр топ лидерлері өздерінің топ мүшелерін бағалайды. Қорытынды бағаны айтады.Бағалау критерийлері жазылған парақшалар.

22 жыл. Дәл солай, еліміз азат ел болып, Тәуелсіздік алғанына осынша уақыт болды. Елім деп еңіреп, Тәуелсіздік деп тер төккен бабалар арманы орындалды. 

Ән айту: «Астана»

Рефлексия: 


Балалар, бүгінгі сабағымыз сендерге ұнады ма? Не ұнады? Өздеріңнің пікірлерінді тақтаға шығып, белгілеңдер. 

Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақта сендер өте белсене қатыстыңдар. Көп сұрақтарға жауап бердіңдер.Көп шығармашылық жұмыстарды атқардыңдар. Сендерге әлемдегі бар жақсылықты тілеймін! 

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет