Атырау қаласы Атырау мұнай және газ технологиялық колледжі. Математика пәні оқытушысы Ельжанова Гулмира Хаберовна Математика 10 сынып
Сабақтың тақырыбы: Туынды тақырыбын қорытындылау
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік:
Туынды тақырыбы туралы алған білімдерін, туындыны есептеу формулаларын еске түсіру, есеп шығару барысында нақтылау.
ә) тәрбиелік:
Ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, ұжымдық ауызбірлікке, шыншылдыққа тәрбиелеу
б) дамытушылық:
Студенттердің танымдық белсенділігін арттыру, туындыны есептеу қабілеттерін дамыту, өзбетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, мультимедиа аппараты, бағалау бетшесі, сурет – карточкалар
Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, топпен жұмыс, өзара оқыту
Пәнаралық байланыс: Математика, физика, тарих
Сабақтың жүру барысы:
І. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу. Түгендеу. Сабақта студент өзін – өзі бағалайды.
ә) Сабақты Ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін негізге алып жүргіземін. Ғылым таппай мақтанба,
Орын таппай баптанба.
Құмарланып шаттанба,
Ойнап босқа күлуге,
Бес нәрседен қашық бол.
Бес нәрсеге асық бол,...
Бүгінгі сабағымызға 2 топ қатысып отыр:
ПАРАБОЛА – ГИПЕРБОЛА
б)
Көңіл – күйлеріңіз қалай?
Сәттілік тілейміз!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. «Лото» ойыны арқылы (10-11-15-17)
1) Туындының анықтамасы
2) Туындының белгіленуі
3) Функцияны дифференциалдау дегеніміз не?
4) Дифференциалданатын функция дегеніміз не?
ІІІ. Ой қозғау «Формулалар сыры». Кестені толтыру
С`
|
X`
|
(Xn) `
|
(U+V)`
|
(cos x)`
|
(tgx)`
|
|
|
|
|
|
|
(Сv)`
|
(u/v)`
|
() `
|
(UV)`
|
(sin x)`
|
(ctgx)`
|
|
|
|
|
|
|
IV. Миға шабуыл. Жаттығу жұмысы.№175
1) f `(х)= 2х2+3х3+7х-1
2) f `(х)= 7х7+5 +3х5
3) f `(х)= х2+4х3+13х
4) f `(х)= х3 - 5 +11х4
V. Өзбеттік жұмыс. Тест
1. у= 7х5 функциясының туындысын тап.
А. 35х В. 7х4 Ж. 35х4
2. у=х2+х функциясының туындысын тап.
С. 2х+х О. 2х+1 Е. 2+х
3. у=sin3х функциясының туындысын тап.
Л.3 cos3 x М. сos3 x Н.-3 sin3х
4. у= (7х+11)11 функциясының туындысын тап.
К. 11(7х+11)11 Д. 77 (7х+11)10 З. (7х+11)10
5. у=3х3+4х4 функциясының туындысын тап.
Г. 6х2+12х3 А. 9х2+16х3 Ғ. 9х3+16х4
6. у= 3 cos x функциясының туындысын тап.
У. -3 sin x Т. 3 sin x Ш. -3 cos x
Нәтижесінде: Жолдау деген сөз шығады. Елбасы Жолдауы туралы түсінік беру.
VI. Математикалық диктант
Парабола
f `(х)= 10х2+11х3+7х
Гипербола
f `(х)= 11х2+10х5+3х
VIІ. Студенттер шығармашылығы: Тарихи мағлұматтар беру
Туынды термині derivee деген француз сөзінің қазақша сөзбе – сөз аудармасы.
Туындыны 1797 жылы Ж. Лагранж енгізген.
И. Ньютон функцияның туындысын флюксия деп, ал функцияның өзін флюента деп атаған.
Лейбниц дифференциалдық қатынас туралы айтқан және туындыны түрінде белгілеген.
Туындылар туралы ғылымды жүйелі дамытқан Лейбниц пен Ньютон болды.
Қазіргі кездегі у`, f ` белгілеулерінде Ж. Лагранж енгізді.
VIІІ. «Сөзжұмбақ шешу»
И. Ньютон функцияның өзін қалай атаған?
Уақыт бойынша жылдамдықтың туындысы?
Дифференциалдық есептеудің негізгі ұғымы?
Туынды туралы ғылымды жүйелі дамытқан кім?
Мына формуламен у`= f `(g(х)) g`(х) қандай функцияның туындысын есептейміз?
Туындының геометриялық мағынасы функцияның графигіне жүргізілген жанаманың қандай коэффициенті?
ІХ. Үйге тапсырма: §13-14
Х. Бағалау
ХІ. Қорытындылау
Туынды ұғымы туралы ой – өрістері дамыды
Формулаларды қолданып, есептер шығара білді
НӘТИЖЕ
Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа тәрбиеленді
Топпен жұмыс жасай білді
Шығармашылықпен жұмыстанды
Әр студент өзін – өзі бағалады
Қазақстанның білімді, беделді мамандары болу үшін, оқып, білім алып, көп еңбек ету керек. Болашақ тұғырына бір мақсат, бір мүдде, бір болашақты ұстанып, ертеңіне сеніммен қарайтын Мәңгілік Ел болу үшін, осы идеяны жүзеге асыруда ат салысайық!
Достарыңызбен бөлісу: |