Сабақтың тақырыбы Туризм деген не? Сабақтың мақсаты


Жамбыл ауданы аумағында орналасқан тарихи ескерткіштер



бет8/46
Дата13.09.2023
өлшемі1,77 Mb.
#180919
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46
Байланысты:
туризм қмж

Жамбыл ауданы аумағында орналасқан тарихи ескерткіштер
Айша Бибі кесенесі.Тараз қаласынан 12км қашықтықта орналасқан Айша бибі кесенесі – ХІ-ХІІ ғ.ғ. ортағасыр сәулет ескерткіштерінің бірі. Біздің күнге кесененің тек батыс бөлшегі сақталған. Қазір кесене толығымен жаңартылған. Қараханидтер сәулет ескерткіштері ішінен Орта Азия және Қазақстан аумағында сәулет-құрылыс мәдениетінде бұл ескерткіш кереметі болып саналады. 60 түрлі ою-өрнектері бар эпиграфикалық белдеумен жасалған.Ескерткіш туристтерді тек қана ерекше сәулетімен ғана емес, сонымен қатар сұлу Айша-бибі мен батыр Қарахан арасындағы шексіз махаббаты туралы аңыз да қызықтырады. Айша әйгілі шығыс ақылшысы Зеңгі бабаның қызы болып келеді. Аңыз бойынша Айша өзінің ғашығы Қараханға бара жатқан жолында жыланның шаққанынан қайтыс болған. Бабаджа Хатун кесенесі — Айша бибі мазары жанында орналасқан. Бұл кесене де XI- XIIғ.ғ. сәулет ескерткіші болып саналады.
Бектөбе қалашығы - Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округі аумағындағы көне қалашық. Тараз қаласына серіктес "бекініс төбе" деген мағынаны білдіреді, әлі де орыны сақталған. VII-VIII ғасырларда соғды тайпалары соққан бекініс. Бекініс туралы араб жылнамашылары  жазғандай "Атлах" шайқасы кезінде арабтардың қорғаныс орталығы болған. 
Ақтөбе қалашығы IX – XIII ғғ.жататын тарихи ескерткіш. Жамбыл ауданы, Бесжылдық ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 0,5 шақырым жерде орналасқан.Қалашықты 1978 ж. Жамбыл обл. тарихи-өлкетану мұражайының экспедициясы ашқан (К. Байбосынов).Жобасында тік бұрыштылау болып келген алаңның көлемі 150 х 110 м, биіктігі 3,5 м. Қалашық табанындағы ені 16 м, биіктігі 2 м-к үйінді жалмен қоршалған. Бұрыштарымен тараптарға бағытталған ескерткіш кесіндісінде солтүстік-шығыс - оңтүстік-батысқа бағытында орналасқан 3 алаң түрінде болып келген.
Қызыл Қайнар қалашығы Тараздан күншығысқа қарай 25 шақырым жердегі қала.Үйсіндердің біздің заманымызға дейінгі аса маңызды соғыс қамалы болған. Шығыстан келген жау қамал қорғаушыларымен айлар бойы тынбай соғысып, ақыры жеңіске жеткен соң, қамал-қала құлайды. Қамал-қаланың құландысы да, қамал ішіндегі бұлақ та Қызыл Қайнар аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет