Сабақтың тақырыбы: у дыбысының айтылуын мен жазылуын салысытыру



бет1/3
Дата27.12.2016
өлшемі0,7 Mb.
#6110
түріСабақ
  1   2   3
Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: У дыбысының айтылуын мен жазылуын салысытыру.

Мақсаты: 1. Жаттығулар орындай отырып, «У» әрпінің  жазылуын және айтылуын салыстыра білу, есте сақтау.

2. Тілін , сөздік қорларын дамыту.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. .Белсенділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: у әріпі

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

31 – жаттығу . Cуретші, шуда, жуас сөздеріне сөйлем құрау.

Мұнда "шуда" сөзіндегі "Ш" әрпі бас әріппен жазылмағандықтан, "шуда" сөзі түйенің мойын, өркеш арасы, тізе жүнінен алынатын қылшық болып отыр ғой. Демек шудадан жіп иіріледі. Шуда жіп деп аталады. 
Сәйкесінше сөйлемді де шуда жіпке қатысты құруға болады. Мысалы:
Саршұнақ аяз күшейген сайын мен де қасарысып,  атамның шуда жіптен тоқылған тонына орана түстім. 

2. Таңмен таласа оянған суретші керек-жарағын қолтықтаған күйінде қорықшының ағаш үйінен жедел аттанып, жалғыз аяқ соқпақты бойлай жоғары өрледі.

3. Еркін қаладан алып келген коньякка ерні тигені сол еді, қой аузынан шөп алмас жуастығы жайына қалды.

Жас суретші табиғат суретін салып отыр. Шуда күн ыстық. Жас бала ойнап жүр


ІІІ Білімдерін тексеру.

У дыбысының дауыссыз болып айтылуыУ дыбысының дауысты болып айтылуы.Мысалдар келтіру, талдау.Тура, уық, байлау, оқушы сөздерін буынға бөліп талдау.

 

ІҮ. Мақсат қою кезеңі.



Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
Ү. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс.33 жаттығу. Сөздердегі у әріпі қандай дыбыстардың орныныа жазылғанын түсіндіру. Жазушы, су, өсу, жуан , тура, оқу, жуу, ашудас, оқушы.

34-жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып, сөйлемдерді көшіріп жаз.

1.Оқушылар серуенге шықты.

2.Балалар жуа теруге барды.

3.Қымыз-шипалы сусын.

4.Ашудастың емдік қасиеті көп.

Бұл сөздердегі у дыбысының айтылуы мен жазылуын салыстыру.


ҮІ Білімін тексеру.

35-жаттығу. Сөздердегі у дыбысының дауысты немесе дауыссыз екенін дәлелдеу.

Дәуір, сулы, бауыр, сауысқан, егеу, сактушы.
ҮІІ Бекіту.Бүгін не білдік? У дыбысы қай кезде дауыссыз және дауысты болады. Мысалдар келтіру, ауызша дәлелдеу.
ҮІІІ Үйге тапсырма:35-37- жаттығу.  15 бет .

Бағалау


Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: Ы,і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылса,ы,і әріптерінің түсіп қалуы

Мақсаты: 1. Жаттығулар орындай отырып, «У» әрпінің  жазылуын және айтылуын салыстыра білу, есте сақтау.

2. Тілін , сөздік қорларын дамыту. Ы,і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылса,ы,і әріптерінің түсіп қалуын түсіндіру.

3. Ұқыптылыққа тәрбиелеу. .Белсенділікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: у,ы,і әріптері

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

35-жаттығу Ребусты шешу. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құрау. Сусын. Қымыз-шипалы сусын.

37-жаттығу «Шипалы сусын» тақырыбына құраған әңгімелерін тексеру.
ІІІ Білімдерін тексеру.У дыбысының дауыссыз болып айтылуыУ дыбысының дауысты болып айтылуы. 38-жаттығу. Қоржындағы сөздерді оқып салыстыру. Бұлардағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды табу.Тасы-тасу, шоқы-шоқу, тоқы-тоқу, оқы-оқу.
 ІҮ. Мақсат қою кезеңі.

Тақырыбы мен мақсатын хабарлау.


Ү. Жаңа сабақ:

Оқулықпен жұмыс.39 жаттығу. Өлеңді көшіріп жаздыру.

Сиса көйлек үстіңде.

Тоқу менен табылған.

Сауысқанның тамағы.

Шоқуменен табылған

Өнер, білім бәріде
Оқуменен табылған. Ы.Алтынсарин «Кел балалар оқылық!»

Өлеңдегі оқу, шоқу, тоқу сөздерін оқы, тоқы, шоқы сөздерімен салыстыру, қандай өзгеріс байқадыңдар.Өлеңнің авторы кім? Өлеңді жатқа аиттыру.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Беске бесті қосқанда

Болады екен он саусақ.

Жаза-жаза сауағым

Әлсіреді шаршады.

Оңға, солға бұрамыз,

Сосын қайта жазамыз.
ҮІ Білімін тексеру.

40-жаттығу. Сөздердегі у әрпін қосып жаздыру.

Қоры-қору, жылы-жылу, торы-тору, бекі-беку, телі-телу, жоры-жору.

У әрпінің алдынан ы,і әріптері жазыла ма?

Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрау.
ҮІІ Бекіту.Бүгін не білдік? Ы,і әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылса,ы,і әріптерінің түсіп қалуын қайталау.
ҮІІІ Үйге тапсырма:

40- жаттығу.  17 бет .

Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.



Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың тақырыбы: У әрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаты:

У әрпінің жазылуы мен айтылуын салыстыру және сөз ішінен орнын таба білуді үйрету. Қатесіз, ұқыпты жазуға дағдыландыру.

Сабақтың көрнекілігі: жеке сюжетті суреттер, тірек-сызба

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасу

2.Сынып тазалығын тексеру

3.Оқу құралдарын түгендеу

4.Назарларын сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

27-жаттығу (сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)


ІІІ.Жаңа сабақ

У әрпінің жазылуы.


А) У әрпінің емлесі

Су, сурет, суу, жуық, уақыт, қуырдақ, ояну, уайым, уық, улы

Тапсырмалар:
1)Сөздерді буынға бөліп жаз
2)Дауысты дыбыстың астын бір сызықпен, дауыссыз дыбыстың астын екі сызықпен сыз.
3)Осы сөздерді қолданып, екі сөйлем құрап жаз.
Ә) КІТАППЕН ЖҰМЫС

29-жаттығу

(өлеңді оқу, у дыбысы бар сөздерді табу)
30-жаттығу

(сөздерді түсініп, у дыбысының айтылуы мен жазылуын салыстыру)

ТУ, ТУРА, ШУДА, БУРА, ЖУАС, СУРЕТШІ, ОҚУШЫ, ШАШУ
32-жаттығу

(ребусты шешіп, әңгіме құрау)

,, (аққу) қу ,, (сиыр) ыр ,,, (бұршақ) шақ

ҚУЫРШАҚ
ҮІІ Бекіту.

Бүгін не білдік?

У әріптеріне аяқталған сөздерге у әрпі қосылса неге айналады?


ҮІІІ Үйге тапсырма:

31-жаттығу (сөздерді қатыстырып, сөйлем құрау)—14-бет

32-жаттығу Ребусты шеш. Жауабын қатыстырып әңгіме құра.

Бағалау


Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы:Несіпбек Айтов. «Оқулық»

Сабақтың мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айтуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психалогиялық кезең:

ІІ. Өткенге шолу

Балалардың 1-інші сыныпта өткен тақырыптары бойынша еске түсіру мақсатында сұрақ қойып жауап алу


ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Күн шыққанда өлеңін өз сөздерімен әңгімелеу


ІҮ. Жаңа сабақ

Несіпбек Айтов. «Оқулық»


А) автор туралы мәлімет

Несіпбек Айтұлы - 1950 жылы 22 қыркүйекте Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағы, Шәуешек ауданына қарасты Теректі ауылының Апиынды бұлақ деген жерінде дүниеге келген. 1962 жылы ата-анасымен атамекенге оралып, орта мектепті бұрынғы Семей облысы, Шұбартау ауданы, Баршатас ауылында бітірген. Еңбек жолын Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде бастаған. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.1974—1984 жж. «Балдырған» журналы поэзия бөлімінің меңгерушісі, «Жалын» баспасында редактор, 1984—1994 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші, 1995—1996 жж. «Ақын» қауымдастығының директоры, 1997 — 2001 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінде сын бөлімінің, «Жұлдыз» журналында поэзия бөлімінің меңгерушісі болып, 2001 жылдан бері Астанадағы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Президенттік Мәдениет орталығында қызмет істеген. Қазір «Алтын тамыр» журналының бас редакторы.Алғашқы «Балалық» деген өлеңі 1965 жылы Шұбартау аудандық «Жаңа өмір» газетінде, алғашқы топтамасы 1972 жылы Мұқағали Мақатаевтың сәт сапар тілеуімен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде, алғашқы кітабы 1974 жылы «Қозыкөш» деген атпен жарық көрді. «Жүректегі жаңғырықтар», «Әке туралы сыр», «Жаңбыр әні», «Түнделеп ұшқан тырналар », « Рухымның падишасы », «Мұқағали-Желтоқсан», «Бәйтерек»; балаларға арналған «Бала-бақшаға барар жолда», «Желкілдеп өскен құрақтай», «Күміс күйме» («Серебряный сундучок») «Қартаймайды күн неге?» атты кітаптары, «Ескендір қорғаны» (Ә.Науан), «Игорь жорығы туралы жыр», т.б. аударма кітаптары шыққан. Түріктің VII ғасырда өмір сүрген ұлы ақыны Жүніс Еміренің, қытайдың көне дәуір ақыны Бо Цызюдың, француз ақыны ДЖ. Родаридың, сондай-ақ М.Исаковский, A.Барто, С.Михалков, С.Баруздин, B.Берестов, Т.Сыдықов, С.Жусуев өлеңдерін тәржімалаған.«Бас сүйектері» (1976), «Жасвін-ның сынығы» (1977), «Найзағай» (1978), «Жүректегі жаңғырықтар» (1979) поэмалары кезінде «Жалын» альманахы жариялаған республикалық конкурстардың жүлделерін, «Мұхтар мен Абыз» толғауы М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған мүшәйраның бас жүлдесін алған. «Мұқағали-Желтоқсан» поэмасы 2001 жылы республикалық әдеби конкурстық жүлдесіне ие болса, «Бәйтерек» поэмасы әдеби қауым тарапынан жоғары бағаланды. 2004 жылы Мәдениет министрлігі жариялаған Республикалық патриоттық әндер конкурсының Бас жүлдегері.«Көз жасым» (2006), «Бөрі тостаған» (2007), «Қүланойнақ» (2009) атты кітаптары және «Бөгенбай», «Бердіқожа», «Шақантай», «Қара-өткел қырғыны» т.б. поэмалары жарық көрген.Қазақстан Жазушылар одағының Мұқағали Мақатаев және Халықаралық Жамбыл атындағы сыйлықтардың лауреаты. «Парасат» орденінің иегері.


Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС

Жұмбақты оқып, шешу. (қарындаш)

*Кітап туралы мақал-мәтел айту

**Оқулықтың аты:

Оқулық авторларының аты-жөні:

Қандай баспадан шыққан?

Редакторы кім?

Б) Несіпбек Айтов «Оқулық»

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын әңгімелеп айту
Ү. Сабақты қорытындылау

Балаларға ақырып бойынша түсінгендерне байланысты сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақты аяқтаймын.


ҮІ. Үйге тапсырма беру

Өлеңді жатқа айту


ҮІІ. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып



Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы: Жүсіпбек Аймауытов «Кітап оқу»

Сабақтың мақсаты:

Мәтінді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айтуға дағдыландыру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психалогиялық кезең:

ІІ. Өткенге шолу

Балаларға кез келген ертегінің басын қосып оны қушыларға аяқтату.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Оқулық өлеңін жатқа айту


ІҮ. Жаңа сабақ

Жүсіпбек Аймауытов «Кітап оқу»


А)автор туралы мәлімет

Жүсіпбек Аймауытов (1889—1931) — қазақтың көрнекті жазушысы, драматург, публицист, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі.

Туып өскен жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына қарасты бұрынғы «Қызыл ту», қазіргі Жүсіпбек Аймауытов ауылы.Әкесі Аймауыт кедей болғанымен, арғы аталары Дәндебай мен Қуан атақ-абыройлы, бай, ел арасында білікті кісілер екен.Жүсіпбек жастайынан арабша хат тану, оқу үйренген. 1907 ж. бастап Баянауылдағы орысша-қазақша екі кластық мектебінде, Керекудегі (Павлодар) қазыналық ауыл шаруашылық мектебінде, Керекудегі екі класты орыс қазақ мектебінде тиіп-қашып оқиды. Бір жағынан бала оқытып, қаражат табады.1911—1914 жж. ауылда мұғалім болып істейді.

1914 жылы Семейдегі оқытушылар семинариясына қабылданады. Оны 1918 жылы аяқтап шығады.Мұнан соң алашордашылардың істеріне араласып, Семейде «Абай» журналын шығарысып, Қ. Сәтбаевпен, М. Әуезовпен танысады.Кейін Алашордадан бөлініп, Коммунистік партия қатарына өтеді (1919).Қазақстан Кеңестерінің Құрылтайы съезіне делегат болып қатысып, Қазақ АҚСР Халық ағарту комиссариаты комиссарының орынбасары болып тағайындалады (1920).Мұнан соң Семей губерниялық оқу бөлімінің меңгерушісі (1921), «Қазақ тілі» газетінің редакторы.Қарқаралыда мектеп мұғалімі (1922—1924), Ташкентте шығатын «Ақ жол» газетінің бөлім меңгерушісі (1924—1926), Шымкент педагогикалық техникумының директоры (1926—1929) қызметтерін атқарады.1929 ж. басталған кеңестік қуғын-сүргін кезінде Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар деген жаламен тұтқындалып, ұзақ тергеуден кейін 1931 жылы ату жазасына сырттай үкім шығарылған. Шымкенттегі педагогика техникумының директорлығы - міне, мұның бәрі Аймауытовтың жаңа өмірді орнықтыру жолындағы күрес жолын, өмір белестерін көрсетеді. 1929 ж. басталған зобалаң кезінде қармаққа ілінген Жүсіпбек 1931 ж. атылған. Астан-кестең ауыр, бірақ ерекше қуатты да қызық, әлеуметтік төңкерістер, ұлы революциялар заманында өмір сүрген Аймауытов өзінің осы қысқа ғұмырында артына аса бай, бағалы әдеби, ғылыми мұра қалдырып үлгірді. Ол В. Шекспир, В. Гюго, Г. Мопассан, А. С. Пушкин, Н. В. Гоголь, Л. Н. Толстой шығармаларын, «Интернационалды», бірқатар ғылыми еңбектерді аударды, педагогика, психология, методика, эстетик. тәрбие туралы зерттеулер тудырды; әдебиет, эстетика, сын саласына араласты; сан алуан публицистик. мақалалар жазды; «Қартқожа», «Күнекейдің жазығы», «Шернияз», «Ел қорғаны», «Мансапқорлар» пьесалары, «Комплексті оқыту жолдары», «Жан жүйесі», «Өнер таңдау», «Мағжанның ақындығы туралы» еңбектері - күрделі таланттың қазақ әдебиеті тарихындағы өлмейтін орны бар шығармалар.


Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС: 14-15-16-беттер

«Аласың білім кітаптан» деген сөзді кім айтқан?

Сызба бойынша әңгімелеу. «КІТАП ОҚУ» мәтінін мәнерлеп, түсіндіріп оқып, мазмұнын әңгімелеп айту.

*С/Ж


Роман-көлемді, күрделі шығарма.
ҚАНДАЙ? ....дала

Аспандағы бұлттар ҚАНДАЙ?


Ү. Сабақты қорытындылау

Балаларға ақырып бойынша түсінгендерне байланысты сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақты аяқтаймын.


ҮІ. Үйге тапсырма беру

«Кітап оқу» мазмұнын айту


ҮІІ. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып



Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы:Сапарғали Бегалин. Зеректік.

Сабақтың мақсаты:

Шоқан Уәлихановтың балалық шағын, өмір сүрген ортасын тарихи деректермен байланыстыра отырып, тереңірек түсінік беру. Өткен тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін тексеру. Оқушының ой еркіндігін ояту, шығармашылық белсенділіктерін шыңдау, сөйлеу мәдениетін қалыптастырып, өздігінен білім алуға жетелеу.

Шоқан өмірін үлгі ете отырып, оқушыларды адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу. Оқушыларды патриоттыққа баулу және этнографиялық білім беру

Сабақтың түрі: жаңа сабақ .

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер Шоқан Уәлихановтың портреті

Пәнаралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі.


Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІ. Өткенге шолу

Оқушыларды өзара мақал-мәтел айтқызып жарысқызу.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Кітап оқу әңгімесін өз сөздерімен әңгімелеп айту


ІҮ. Жаңа сабақ

А)автор туралы мәлімет

Сапарғали Ысқақұлы Бегалин1895-1983)24 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында туған. Қазақ балалар әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. 1915 жылы Семей қаласындағы орыс-қырғыз (қазақ) училищесін бітірген. 1929 — 1935 жылдары Дегелең облыстық атқару комитетінің төрағасы, Қарқаралы уездік атқару комитетінің мүшесі. Бөлім меңгерушісінің орынбасары, аудандық халық судьясы болды. Қазақ егіншілік халық комиссариатында, Түріксіб басқармасына жауапты жұмыстар атқарды. 1935—1956 жылдары «Теміржолшы» газетінде, Қазақ КСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында (қазіргі Әдебиет және өнер институты), Қазақстан Жазушылар одағында қызмет етті.[2]Еңбегі

Алғашқы өлеңі — «Қазақ боз-балаларына» 1914 жылы «Айқап» журналының N2 9 санында басылды. «Қыран кегі» (1943), «Цимлян теңізі» (1953), «Таңдамалы» (1956), «Сырлы қайнар» (1963), тағы басқа өлеңдер мен поэмалар, «Көксегеннің көргендері» (1948), «Ермектің алмасы» (1955, 1985), «Сәтжан» (1947,1973,1978), «Жас бұтақ» (1953), «Жеткіншектер» (1960), «Мектеп түлектері» (1961), «Шоқан асулары» (1971), «Қыран туралы аңыз» (1976), «Екі томдық шығармалар» (1976), тағы басқа әңгіме, повестер жинақтары, «Замана белестері» (1975) романы жарық көрді.

Аудармалары

Пушкиннің,Лермонтовтың, Шевченконың жекелеген туындыларын, Д. Н. Мамин-Сибиряктың, Л. В. Соловьевтің кейбір әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне аударған. Бегалин Абай шығармаларын насихаттауға мол еңбек сіңірген. Ақынның өнегелі өмірі, мұрасы, замандастары жайлы тың деректер беретін «Қияспай» (Пионер, 1956, №4), «Сауық кеш» (Қазақ әдебиеті, 1971, 10 желтоқсан), «Назипа Құлжанова» (Қазақстан әйелдері, 1973, № 10) тағы басқа мақалаларын жариялаған. Абай рухына арналған «Ұрпақтарға» («Совхоз туы», 1964, 5 май) атты өлең жазған. Абайдың туғанына 70 жыл толуына орай 1915 жылы 13 ақпанда Семейдің приказчиктер клубында еткен әдеби кешті ұйымдастыруға қатысқан.[3]

Халық ақындарының шығармаларын сұрыптал жинақ етіп шығарды (« Халық

ақындары », 1953; «Өмір жыры», 1953), өнер саңлақтары жөнінде («Сахара сандуғаштары», 1976), жыр алыбы Ж.Жабаев туралы монография жазды. Көптеген туындылары шетел тілдеріне тәржімеленді.

Жетістіктері

Халықтар Достығы, «Құрмет Белгісі» (2 рет) ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Ә)КІТАППЕН ЖҰМЫС: Зеректік мәтінді мәнерлеп оқып беріп мазмұнын әңгімелеп айту

*С/Ж Бажайлап-мән беріп


Б) Ш/ТАПСЫРМА

Шоқанды оқытқан кім?

Мәтіннен Шоқанның күнделігіне жазған сөзді тауып оқы

Мәтін қалай аталады? Бұл қасиет қай кейіпкерге қатысты айтылған?

**ЕГЕР СЕН АСҚАН БІЛІМДІ БОЛСАҢ, НЕ ІСТЕР ЕДІҢ?
Ү. Сабақты қорытындылау

Балаларға ақырып бойынша түсінгендерне байланысты сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақты аяқтаймын.


ҮІ. Үйге тапсырма беру

Зеректік (оқу) Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет жазу


ҮІІ. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып



Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: әдебиеттік оқу

Сабақтың тықырыбы:Ә.Дүйсенбиев. Ақылшым-мұғалім.

Сабақтың мақсаты:

Өлеңді мәнерлеп оқып, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеп айту.Өлеңді жатқа айту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық кезең:

ІІ. Өткенге шолу

Оқушылардың өткен тақырыптан өткендері бойынша жаңылтпаш және жұмбақтарды қай деңгейде меңгергендіктерін анықтау мақсатында сұрақ қойю.
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Зеректік әңгімесін өз сөздерімен әңгімелеп айту. Шоқан туралы мәлімет әкелу


ІҮ. Жаңа сабақ

А) автор туралы мәлімет

Әнуарбек Дүйсенбиев - 1931 жылы 25 қазанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында туған. Қазақ мемлекеттік университетін және БЛКЖО Орталық комсомол мектебін бітірген. Ұзақ жылдар «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, «Жазушы» баспасында аға редакторлық қызмет атқарған.

Шығармашылығы

Парадта. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1956;

Сыйлық. Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1956;

Не деу керек? Өлеңдер. А., ҚМ КӨБ, 1957;

Қызғалдақ. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1958;

Ана жүрегі. Өлеңдер. А., ҚМӘКБ, 1959;

Қайырлы таң, балалар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960

Гүлзар. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962,

Аққулы айдын. Таңдамалы. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы», 1976;

На веселой улице. Стихи и рассказы. М., «Детская литература», 1972;

Кто раңьше встает? Стихи и сказки. А., «Жазушы», 1973;

Если бы я был сильным. Стихи и сказки. А., «Жалын», 1979;

Ладошка. Стихи, поэма, сказка. М., «Детская литература

Ә) Ақылшым-мұғалім өлеңін мәнерлеп оқып, жаттау

Б)Шығармашылық тапсырма Мектеп кірпішін қалау МҰҒАЛІМ

В)Сөз құрау мұғалім

М- мейірімді

Ұ- ұқыпты

Ғ- ғалым


А-ақылды

Л-лезде ойлайтын

І-ізденгіш

М-мақтаныш ететін адам


Ү. Сабақты қорытындылау

Балаларға ақырып бойынша түсінгендерне байланысты сұрақтар қою арқылы бүгінгі сабақты аяқтаймын.


ҮІ. Үйге тапсырма беру

Ақылшым-мұғалім (жаттау)


ҮІІ. Бағалау

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:

Сыныбы: 2 «Ә» сынып



Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Адам өміріне қажетті жағдайларды қайдан алады?

Сабақтың мақсаттары:

1)      Білімділік: Адам мен табиғат қарым қатынасы туралы түсінік қалыптастыру, өздігінен оқу, мазмұндағы құбылыстарды түсіну, өзін ойланту сияқты үрдістерге қосу.

2)      Дамытушылық: Сөздікқорларын байыту, терең ойлауға және еркін сөйлеуге үйрету. Шығармашылық қабілетін дамыту.

3)      Тәрбиелік: Отанды, туған жерді таныту, табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі:плакат, күн.

Сабақтың түрі:дәстүрлі сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Пәнаралық байланыс:әдебиеттік оқу, қазақ тілі.
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық
ІІ Үй тапсырмасын сұрау:

өткен тақырып бойынша сұрақтарға беру, әңгімелеу, талдау жасату.


ІІІ Жаңасабақ.

Күн-табиғаттыңбірбөлшегі. Енлеше, адамжылудыкүнненалады. Күн-табиғатқажылу, жарықсыйлайды. Күзде, жазда, көктемдежылужергекүннен мол тарайды. Адам, өсімдік, жанувррақаттанып, тіршілікетеді. Күнненкелетінжылубарлықтіршілікиелнріне, соныңішіндеадамдарға, өсімдіктерге, жануарларға да қажет. Мысалыағаштаркүнненалғанжылудыңартықмөлшерінденесіндесақтайды. Отындыжаққандаоданжылубөлінеді, оғанадамтамақпісіруге, үйдіжылытуғаболады. Ендешеотын да табиғаттыңзаты, яғниөсімдіктер, жануарлар-бәрі-бәрікүнсияқтытабиғаттыңперзенті. Адам жылудытабиғаттаналады,- дегенпікірдіңбірдәлеліосы.Қыскезіндеадамөзітұрғанүйді от жағыпжылытады. Адамдаржылықыстықкиімдеркиеді. Жылыкиімгекеректіматериалдымақтадан, аң мен малдыңжүнінен, терісінендайындайды. Адам үйдісалғандаоғанкірпіш, саз, құм, тас, ағаш, шыны, т.бқұрылысматериалдарынпайдаланады. Бұлматериалдар да табиғаттаналынады.

1. Оқулықпенжұмыс. Мәтіндіоқып, тапсырмаларменжұмысжасау, сұрақтарғажауап беру.

1) Адамныңжылуды, ауаны, жарықты, суды, тағамдытабиғаттанқалайалатынынөзсөзіңменәңгімеле.

2) Киімтігуүшінадамдартабиғаттанненіпайдаланады?
2. Сергітусәті

Тербеледіағаштар,

Алдымнанжелеседі.

Кіп-кішкенеағаштар

Үп-үлкенбопөседі.

 

3. Дәптермен жұмыс. Төмендегі сөздерді құрап оқысаң құрылыс материалдарының атауы шығады.



 

4. Жаңасабақтыбекіту: Табиғатадамға не береді? Сызба бойынша әңгіме құрастыру.

 

ІV. Сабақты қорытындылау



Оқушыларға адам өміріне қажеттіліктер туралы сұрау арқылы сабаөты қорытындылаймын.
V. Үйге тапсырма беру:

Мәтіндітүсініпоқу, әңгімелеу.

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Қосу және азайту өзара кері есептер

Сабақтың мақсаты: Ондықтарды ондықтарға қосуға және ондықтардан ондықтарды азайтуға негізделген есептеу тәсілдерімен таныстыру; екі амалмен шығарылатын есепті және ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдерін енгізуге дайындық жүргізу; амалдардың орындалу ретін анықтауға машықтандыру, теңдеуді шешудің «сынап көру» тәсілін пысықтау.
Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру сәті

Математика сабағын,

Жақсылап ұғып аламыз.

Сәулесі деп сананың

Мәнінен ой табамыз.


II.    Тірек білімді еске түсіру

  а)-1-ден 30-ға дейін санау(тура және кері) Саннан (28, 43, 54) кейін  келетін санды ата.

     -Санның (30, 55, 79) алдындағы санды ата. Санның (50, 76, 94) көршілерін ата.

     -Сандар қатары (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30) берілген.

     -Сандардың жаңа қатарын құрыңдар, сонда сандардың ондықтары 3, ал бірліктері алдыңғыдағыдай болсын.

     -Не шықты? Сандардың жаңа қатарын атаңдар(31, 32, ..., 40). Екінші қатардың сандарын неше бірлікке арттырдық?


III.Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау. -Бүгінгі біздің сабағымызда ертегілер еліне саяхатқа шығамыз. Біз «Шалқан» ертегісін білеміз бе?

Әрине, білеміз

Олай болса, ертегіні еске түсіріп алайық.

Ертегі кейіпкерлері бізге қонаққа келіп қалыпты. Өздерімен бірге тапсырмалар алып келіпті.

Оқулықпен жұмыс

№1 Оқулықтағы  суреттер бойынша түсіндіру жұмысы ұйымдастырылады.Оқушылардың өздігінен екі таңбалы санға ондықтарды қосудың және азайтудың ерекшеліктері туралы қорытынды жасауы қажет.

Ондықтарға ондықтарды қосады.

         Ондықтарды ондықтардан азайтады.

Атайдың тапсырмасы.

«Кім зерек?» №2 есеп

Мысалы:

     -53 және 30 сандарының қосындысы; Бірліктерге бірліктерді қосу;



     -Нәтижені сол жақтан екінші орынға жазу;Ондықтарды ондықтарға қосу;

     -Нәтижені сол жақтан бірінші орынға жазу ;Қосындының мәні 83.

53 + 30 83 – 30 35 + 40 75 – 40 46 + 50 96 – 50

Әжейдің тапсырмасы.

«Тез есепте!»

№3. Амал компоненттерін еске түсіріп, шешуін дәптерге орындап,тексергенде кеткен қателерді талдайды.

(20 + 5) + 60 (60 + 4) – 40

(70 + 9) – 40 (20 + 2) + 50


Қыздың тапсырмасы: «Теңдеуді шеш»

6 + а = 10 10 – a = 6 a – 6 = 4


4. Күшіктің тапсырмасы: «Есепте»

I топ II топ III топ

Шарты:Шарты: Шарты:

Болғаны – ? Болғаны – 12қ. Болғаны – 12қ.

Бергені – 2 қ. Бергені – 2 қ. Бергені – ?

Қалғаны - 10 қ. Қалғаны - ? Қалғаны - 10 қ.   10+2=12(қ)                            12-2=10 (қ)                                 12-10=2(қ)

Жауабы: 12 қ болды.             Жауабы: 10қ қалды.                   Жауабы: 2қ берді.

Мысықтың тапсырмасы:Сағаттардың тілдері қалай орналасуы тиіс?


6. Тышқанның тапсырмасы: № 6 есеп

59 бен 63- тің арасындағы сандарды өсу ретімен жаз.

- Балалар, біз шалқанды алуға көмектестік. Шалқанды алуғакөмектесеміз деп шаршап қалыппыз. Демалып алайық.

 Сергіту сәті


ІҮ. Сабақты қорытындылау

Шығармашылық жұмыс



Ү. Үй тапсырмасы. №6 15-бет

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Азайту мен қосу өзара кері есептер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану арқылы қосуды үйрету. Ондықтан аттап қосу мен азайту тәсілдеріне есептер шығара білуге дағдыландыру. Екі таңбалы және бір таңбалы сандарды, екі таңбалы санмен ондықтарды ауызша қосу мен азайтуға дағдыландыру.

Дамытушылығы: Математикалық ұғымдарды меңгерту оқушылардың ережелерді ұғынып, ауызша есептерді шығара білуін дамыту.

Тәрбиелілігі: Өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу тәсілдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Көрнекілігі:Сандар, кестелер.
Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды сабаққа бағыттау.

Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру.

Қайталауға сұрақтар қоямын.

Өрнектер қандай болып жіктеледі?

3+5 а+5

Санды өрнек әріпті өрнек


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Ауызша есептеуге сұрақтар

15+1= 35-5= 42-40=

10+4= 20+4= 7+4=

44-4= 16-6= 60-20=

Бағалау, мақтаулар.

Жаңа сабақты түсіндіру

3+56 және 30+24

3+56 30+24

50 6 30 24

Бірліктерді ондықтарды ондықтарға

Бірліктерге қосуды түсіндіремін.

3+56 30+24

50 + (3+6) = 59 (30+20) + 4=54


ІІІ. Жаңа сабақ

Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану арқылы түсіндіріп кетемін.

Көрнекіліктер арқылы түсіндіремін.

Түсінгендеріне байланысты 1-жаттығудың азайту амалына 1-тапсырмасын түсіндіре отырып тақтаға орындау.

87-50

80 7 (80-50) +7=37



3+56 =59 56+3=

30+24=54 24+30=

Оқушылардан сұрау‐жауап арқылы түсіндіре отырып орындау.

3) « Маған қай ойыншық ұнайды?» ойыны арқылы теңдеу шешуді орындау

Доп Қоян Машина

10-a = 5 a-5 =5 5+a =10

Теңдеуді дұрыс орындаған бала ойыншықтың суретін алады.

Сергіту сәті: Кім шапшаң ойыны



1. Аулада 5 үйрек

Қорада 3 үйрек

1 үйрек тығылды

1 үйрек жығылды

Қалғаны неше үйрек ? ( 6 үйрек)

2. Табақта 5 өрік

Қолымда 2 өрік

Қосқанда барлығы

Болады неше өрік? (7)

3. Азайғыш Азайтқыш Айырма

Қосылғыш Қосылғыш Қосынды

4. А) Оқушы оқиды

Шарты:

Алынды 13 кг алма



5 кг алмұрт

Барлығы ‐ ? кг жеміс

Ш: 13+5 = 18

Ж: 18 кг жеміс сатып алынды

Ә) Алынған ‐ 0 кг жеміс

Жұмсалды ‐ 10 кг жеміс

Қалды ‐ ? кг жеміс

Ш Ж Қосу азайту амалдары өзара кері амалдар

5. 72,71,70,69,68

72 71 69 68

71 70

6. Ауызша орындайды



10+4 20+4

14-10 24-20

14-4 24-4
ІҮ. Сабақты қорытындылау

3+56 және 30+24 қосындыны тапқанда бірліктерге бірліктерді қосуды, ондықтарды ондықтарға қосуды, қосудың ауыстырымдылық қасиетіне байланысты есептеу тәсілдерін үйрендік.


Ү. Үйге тапсырма беру: №5,6 17-бет

Тексерілді: Калиниченко Л.С.

Күні:


Сыныбы: 2 «Ә» сынып

Мұғалімі: Қайролла М.М

Пәні: математика

Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандардың ондық құрамы және оларды жіктеу. Теңдеулер


Каталог: uploads -> doc -> 0e00
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0e00 -> Тақырыбы: Тіл білу-өнер Мектеп: №15 жоббм
0e00 -> Сабақтың тақырыбы: «ххі ғасырдың жас математигі»


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет