ҮІІ. Дәйексөз
Сабақтың дәйексөзі мақал мәтелдердің жалғасын тауып, мағынасын түсіндіріп , талқыланады.
Уақыт тас екеш тасты да тоздырады.
Елу жылда ел жаңа.
Адамды заманы билейді.
Уақыт керуеніне бөгет жоқ.
Заманына қарай заңы, тоғайына қарай аңы.
Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені.
Жан жарасына уақыт емші.
ҮІІІ. Шығармашылық жұмыс
УАҚЫТТЫҢ ЖАУЛАРЫ
• Түсініксіз мақсаттар;
• Тыңдай білмеу;
• «Жоқ» деп айта алмау;
• Асығыс шешімдер;
• Бәрін бірден орындауға үмтылу;
• ¥мытшақтық;
• Толық ақпараттың болмауы;
• Өзіндік тәртіптің жоқтығы;
• Жоспарлай білмеу;
• Тосын шешімдер;
• Бастаған істі аяғына дейін жеткізбеу.
Біле білгенге уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, «қолын мезгілінен кеш сермесі» анық.
«Қайта айналып бұрылмайтын, бұлдыр» уақытты өте тиімді пайдалану керек. Осы себепті болар еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен.
ІХ. Тақырыпқа сәйкес «Уақыт қадірі» видеоролик көрсету.
Экологиялық уақыт өлшемдері
Ай туғанда
Алғаш қар жауғанда
Жұлдыздар өшкенде
Күн батарда
Күн арқан бойы көтерілгенде
Күн төбеге көтерілгенде
Қансонарда
Таң бозарып атқанда
Шөп сарғайғанда
Уақыт өлшемдерінің мағынасын ашып, бір уақыт өлшеміне мысал келтіру.
Ас пісірім. 2-3 сағаттық мезгілді білдіретін өлшем
Ет асым. 2-3 сағат шамасындағы мезгіл өлшемі
Ет пісірім. Асқан ет пісетіндей уақыт
Ет қайнатым. Қазанға салған ет қайнайтындай мерзім
Қайнам. Қазан қайнам. Қазанның қайнау уақытының өлшемі
Сүт пісірім. Өте қысқа мерзімді білдіретін өлшем
Х. Қосымша ақпарат.
Достарыңызбен бөлісу: |