Видеороликке назар аударайық: Уақыттың өлшем бірліктерінің үлесін табуды үйрену.
Жаңаны ашу.
Оқушылар уақыттың өлшем бірліктерін есімізге түсіреміз Оқулықтағы 1- тапсырма. Санның үлесі туралы түсінікпен таныспыз.Санның үлестерін табуға және оларды есептеуге кез келген мысалдарды ойлап табайық.
Шаманың үлесі мына түрде есептелетін болады, яғни шаманың өлшем бірлігінің үлесін табу үшін, шаманың өлшем бірлігін үлес сандарына бөлу керек.
Оқушылар оқулықта келтірілген уақыт бірлігінің үлестерін есептеуді түсіндірейік:
1/60 сағ = 1 мин; ½ сағ = 30 мин; 1/7апта = 1 күн, 1/12 жыл=1ай, 1/100 ғ. = 1 ж., 1/24 тәул. = 1 сағ.
(Т) оқушылар уақыттың әртүрлі өлшем бірліктерінің әртүрлі үлестерін есептеуді қажет
ететін кестені толтыруды ұсынамын.
Түсіндіре отырып, алғашқы бекіту.
Алғашқы бекіту үшін оқушылар оқулықтағы
2-тапсырманы орындаймыз. Оқушылар бос жерлерді уақыттың өлшем бірліктерінің арақатынасына сәйкес және уақыттың өлшем бірліктерінің үлестерін таба білетіндіктеріңді түсіндіре отырып толтырыңдар.
1/2 тәул.= 24 сағ : 2 = 12сағ 1/5 ғ. = 100 ж. : 5 = 20 ж.
3 тәул. 6 сағ =24 сағ · 3 + 6 сағ = 78 сағ
¼ мин = 60мин : 4 = 15с
1/6 ж.=12 ай : 6 = 2ай.
12 мин. 25с = 12 · 60с + 25с = 745с 1/3сағ = 60 мин : 3 = 20 мин
1/10 ғ.=100 ж.·12ай : 10 = 120 ай.
6 сағ 9 мин = 6 · 60 мин + 9 мин = 369 мин
3А-тапсырмада оқушылар уақыт бірліктерінің үлесін есептей отырып, айтыстың қаншаға созылғандығын есептейміз (12 : 2 немесе 24 : 4). Берілген тапсырмадағы ауызекі айтылған «күн» деген сөзді, уақыт бірлігі – тәулік деп түсіну керек.
24 сағ – 18 сағ = 6 сағ немесе 24 сағ : 4 = 6 сағ.
3Ә-тапсырмада оқушылар мерекедегі айтыстың ұзақтығын есептейміз. Тапсырманы орындау үшін, атауы бойынша мерекенің басталуы мен аяқталуының дәл уақытын білу керекпіз, шамалармен дұрыс есептеулер жүргіземіз.
4-тапсырма. Оқушылар концерттің ұзақтығын, күйлердің ұзақтығы мен арасындағы үзілістердің уақытын қоса отырып есептейді: 9 х 3 + 5 х 4 + 30 + 16 х 2.
5 және 6-тапсырмаларды орындайды. 5-тапсырмада уақыт өлшем бірліктерінің арақатынасы туралы білімдеріңе сүйене отырып, бос орындарды толтырамыз.
9 ғ. = 900 ж. 12 мин 30с = 750 с
144 сағ = 6 тәул. 19 апта 5тәул.=138тәул.
3 тәул.14сағ = 86 сағ 9ж.10ай =118 ай
925 с = 15мин 25с 249 мин = 4сағ 9мин