Сабақтың тақырыбы: Уақытты үнемдеу Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту. Сабақтың мақсаты



Дата22.06.2017
өлшемі102,79 Kb.
#19744
түріСабақ
Қысқа мерзімді сабақ жоспары. Қазақ тілі.

Сынып: 10б

.Сабақтың тақырыбы: Уақытты үнемдеу



Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға тақырыпқа байланысты мағлұмат бере отырып, олардың бос уақыттарын дұрыс өткізу деген көзқарасын қалыптастыру. Алған білімін өмірде қолдануына ықпал ету.
Міндеттері:

Жас өспірімдерге бос уақыттарын үнемдеу жайлы мағлұмат беру;

Шығармашылық қабілеттерін дамыту;

Сыни тұрғыдан ойлай отырып, алған білімін өмірде қолдануына жетелеу.



Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, ассоциация әдісі, ізденушілік әдіс, «Миға шабуыл», ой қозғау, шығармашылық, жұппен, топпен, АКТ.

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, өзін-өзі тану

Күтілетін нәтиже:
Өз бетімен ойлау, сөйлеу дағдысы дамиды.

Өзара сұхбаттаса алады.

Топтық жұмысқа үйренеді.

Сыни ойлай біледі.

Сабақ барысында алған мағлұматты өмірде пайдалануға дайын болады.
Табыс критерий.

-тақырып бойынша жұмыс істей алады;

-сыныптастарын тыңдай алады;

-өз ойын мүмкіндігінше жеткізеді;

-қолжетімді сұрақтарға жауап береді;

Ресурстар: Интерактивті тақта, маркер, флипчарт, таратпа қағаздар, стикерлер, маркелрлер, бағалау парағы, ноутбук.

Сабақтың барысы:

Деңгейлер

Уақыт

Модуль

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Білу

Психолог. ахуал тудыру.

Үй тапсырмасын сұрау



2 мин.

3 мин.


ОЖТ, ОЖЕС

ОЖТ,


СТО, АКТ.

ОүБжОБ


1.Психологиялық ахуал тудыру мақсатында топтар бір-біріне сәттілік тілейді.

2.Топқа бөлу. Оқушылар «Сағат», «Күн тәртібі», «Спортпен шұғылдану», «Шахмат» суреттерін құрастыру арқылы топтарға бөлінеді.

3.Үй тапсырмасын АКТ арқылы сұрау. Тақтада 1-ден 4-ке дейін сандар жазылып тұрады. Әр санның астында бір сұрақ бар. Әр топ өзіне сұрақ таңдап, оның жауабын 2-минут ақылдасып айтады.

1.Еңбек шарты неге керек?

2.Еңбек шартын жасауға кімдер қатысады?

3.Жастардың негізгі міндеті қандай?

4.Мемлекет кәсіпкерлікке қандай жағдай жасайды?
4.Жаңа сабақтың тақырыбына алдарында жатқан мозаика арқылы шығу. Сұрақтар қойылады:

- Балалар, алдарыңда жатқан суреттерден нені көріп тұрсыңдар? Балалар не істеп жатыр? Күн тәртібі не үшін керек? Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Ендеше, бүгінгі сабақтың тақырыбы – «Уақытты үнемдеу». Уақытты қалай үнемдеу керек екені туралы білетін боламыз.Ал сабақтың мақсаты қандай?




Оқушылар суреттер бойынша топқа бөлінеді. Оқушылар бір-бірінің қолдарын ұстап, сәттілік тілейді.

Сабаққа дайындықтарын көрсетеді. Әр топ таңдаған сұрағына жауап береді.



Сабақтың тақырыбын анықтайды.
Сабақтың мақсатына өздері сұраққа жауап беру арқылы шығады.

ЕРЕЖЕ:
1. Тыныштықты сақтау.
2. Бірін-бірі тыңдау.
3. Өз ойын ашық айту.
4. Уақытты үнемдеу.
5. Қол соғу.

Бағалау парағы беріледі.
Вербальды бағалау.



Түсіну

5 мин.


ОБжК,

ОүБжОБ


«Миға шабуыл». Әр топтан бір оқушы шығып, тақтадағы санның астында жасырылып тұрған сөзді таңдап, сол сөзге ассоциациялар айтады. «Уақыт», «Үнемдеу», «Еңбек», «Спорт» деген сөздерге келтіреді. 30 секунд ішінде қанша сөз айтады?

Интерактивті тақтадан «Уақыт» және «Үнемдеу» сөздеріне энциклопедиядан анықтамасы келтіріледі. Тайм – менеджмент.



Ассоциациялар айтады

«Бағдаршам» арқылы бағалау



Қолдану


15 мин.

Диалог-

тық О


ОүБжОБ

Топтық тапсырмаларды орындау. 1-топ. Уақыт – біздің өміріміз. Ендеше оны қалай пайдаланып жүрміз. Адамның өмірінде оның уақытын ұрлайтын пайдасыз нәрселер көп. Уақытты дұрыс пайдалана білмегендіктен де ісіміз қордаланып жатыр. Қазіргі таңда уақытты тиімді пайдалануды «тайм - менеджмент» деп атап жүрміз. Оның мәні – уақытты тиімді пайдалану. Уақытты тиімді жұмсауға не кедергі болады? (сұраққа жауап беру).

2-топ. «Уақыт-алтыннан қымбат»деген мақалдың мағынасын ашу.

3-топ. Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек?

4-топ. «Психологпен сұхбат». ҰБТ-ға дайындық барысында уақытты қалай тиімді, пайдалану керек. Оқушылар «психолог маманға» сұрақтарын қояды.

Әр топ өзіне берілген тапсырманы орындайды. Ресурстарды пайдаланады.

-жұпта,топта талдайды.

- постерге түсіреді, қорғайды.



Бағдаршам




2 мин.

Сергіту сәті. «Жұмбақтың жауабын тап» ойыны

Талдау

6 мин.

СТО,

ТжДБо


Берілген мақалдардың жалғасын тап (интерактивті тақта арқылы). Бір мақалды таңдап алып, мағынасын ашады.

(Егер уақыт жеткілікті болса, келесі тапсырманы орындауға болады)

Мақалдардың ішінен есімшелерді тауып, сөзді құрамына қарай талдайды. Есімшенің жұрнақтарын естеріне түсіреді.



Мақал-мәтелдердің мазмұнын топ ішінде талқылайды, спикерлер түсіндіреді.

Есімшенің жұрнақтарын қайталайды. Сөздерге талдау жасайды.



Вербальды бағалау

Қол шапалақтау



Синтездеу

5 мин.

ОБжК,

СТО,


ТжДБо

Конверттегі сұрақ. Әр топтың партасында конверт жатады. Конвертте тақырыпқа байланысты үш сөйлем жазылған. Бір сөйлем қате болады. Үш сөйлемнің қайсысы дұрыс еместігін анықтайды.

Сабақты қорытындылайды. Әр топтың жауабынан соң тақтадан дұрыс жауап көрсетіледі.




Бағалау

3 мин.




Бағалау парақшасын жинап алады.

Бағалау парақшасын толтырып тапсырады. Топтар бір-бірін ауызша бағалайды.

Бағалау парағы

Үй тапсырмасы

2 мин.


ТжДБо


ІІІ деңгей

Өткен тақырып бойынша диалог құрастырыңдар

ІІ деңгей

«Мен уақытымды қалай үнемдеймін» тақырыбына шағын шығарма жазыңдар.

І деңгей

Уақытты үнемдеуге байланысты кеңестер жазу.



Үй тапсырмасын дәптерлеріне жазып алады.




Рефлексия

2 мин.




«Екі жұлдыз, бір тілек». Бүгінгі сабақтан алған әсерлері туралы өз ойларын стикерге жазады.

Әр топтан бір стикер.






Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет