Барлық оқушылар үшін: тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын біледі;
Көпшілік оқушылар үшін: өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдана алады;
Кейбір оқушылар үшін:сыни пікір айтады.
Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.
Топта жұмыс жасау ережені еске түсіру.
Топтастыру.
Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:
Фигуралар көмегімен оқушыларды 3 топқа біріктіру.
I – Үшбұрыштар тобы
II – Дөңгелектер тобы
III – Төртбұрыштар тобы
Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.
Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.
Фигуралар салынған конверт
Жаңа сабаққа кіріспе
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
Сыныптастырының пікірін толықтырады.
Өз ойымен бөліседі.
Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.