САБАҚ ЖОСПАРЫ
Күні: 21.04.2015
Сабақтың тақырыбы: Қуат. Қуат бірліктері
Мақсаты:
Білімділік: Қуаттың анықтамасын түсіндіру, формуласын қорыту және есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың белсенді жұмыс жасау қаблеттерін дамыту, білім деңгейлерін тереңдету, техникалық құралдарды пайдалану арқылы қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ.
Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау, суретпен жұмыс, тест т. б.
Сабақтың көрнекіліктері: техникалық құралдар, Уатт портреті, тақырыптық суреттер, ғаламшарлар суреттері
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Үй тапсырмасын сұрау
А) есептер арқылы
Ә) тест жұмысы
3. Жаңа сабақ
4. Бекіту тапсырмалары
5. Үйге тапсырма
6. Бағалау
1. Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу, оқушыларды тугендеу, кластың сабаққа дайындығы, класс тазалығы т. б.
а) Психологиялық хал ахуал орнату.
Жаттығу «Молекула»
Қатысушылар атомдар секілді қозғалыста болады. Жүргізуші белгілі санды айтқанда, атомдар молекула құрайды. Мысалы, «үш» дегенде, үш адам бір-бірінің қолынан ұстасып, 3 атомнан тұратын молекула құрайды.
ә) Біз бүгінгі сабағымызда әуе кеңістігінде физика әлемін шарлаймыз, ғаламшарларға саяхатқа шығамыз. Ғаламшарлардың аттарын атаңдар: Меркурий, Шолпан, Жер, Марс, Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун, Плутон. Зымыранды Қазақстандағы ғарыш айлағы Байқоңырдан ұшырамыз. Зымыранды іске қосу үшін төрт алау отына жазылған сұрақтарға жауап береміз.
1. Паскаль заңы қалай тұжырымдалады?
2. Архимед заңы қалай тұжырымдалады?
3. Гук заңы қалай тұжырымдалады?
4. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқын кім?
Олай болса, алаудың сұрақтарына жауап берсек зымыран көтеріліп бірінші ғаламшарға барады.
1 - ғаламшар: Меркурий - Күнге жақын орналасқан, өте баяу айналады. Қазақша аты Болпан немесе кіші Шолпан.
Меркурий ғаламшары: үй тапсырмасы
Үй тапсырмасын
А) есепті тексеру.
Ә) тест арқылы тексереміз.
1. Механикалық жұмыстың формуласын тап.
а) A=V*S
ә) A=F*S
б) A=V*t
в) A=F*t
2. Жұмыстың өлшем бірлігі қалай аталады?
а) Джоуль
ә) Ньютон
б) Паскаль
в) Метр
3. 1 мкДж - да қанша джоуль бар?
а) 106 Дж
ә) 10-5 Дж
б) 10-6 Дж
в) 105 Дж
4. Механикалық жұмысты қандай әріппен белгілейді?
а) F
ә) P
б) V
в) A
5. Механикалық жұмыстың қай анықтамасы дұрыс
а) Дене орын ауыстырғанда күштің атқарған жұмысы
ә) Ауырлық күші әрекет ететін дененің жұмысы
б) Күштің орын ауыстырғанда атқарған жұмысы
в) Дененің уақыт бірлігінде өткен жолы
Әрбір ғаламшар бізге әдемі сөздерді сыйға тартып отырады.
Меркурий ғаламшары бізге «Тәуелсіз» сөзін сыйға тартты.
2 - ғаламшар: Шолпан - барлық планеталар айналатын жаққа кері бағытта айналады. Ең жарық ғаламшар.
Шолпан ғаламшары: сөзжұмбақты шешу.
Сөзжұмбақ
Белгілі бір бетке түсірілетін күштің нәтижесі қалай аталады? (Қысым)
Атомдардың өзара байланысуынан тұратын заттың ең кіші болшегі (молекула)
Заттың төртінші күйі (плазма)
Әлем кеңестігіндегі барлық заттарды ғылыми тұрғыда қалай атайды? (материя)
|
|
|
|
|
Қ
|
ы
|
с
|
ы
|
М
|
|
м
|
о
|
л
|
е
|
к
|
У
|
л
|
а
|
|
|
|
|
|
|
п
|
л
|
А
|
з
|
м
|
а
|
|
|
|
|
|
м
|
а
|
Т
|
е
|
р
|
и
|
я
|
|
Оқушылар сөзжұмбақты шешеді. Ерекше торкөзден қуат деген сөз шығады. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қуат деп оқушыларға хабарлаймын.
Шолпан ғаламшары бізге «ел» сөзін сыйға тартты.
3 - ғаламшар: Марс - жерден екі есе кіші. Қазақша аты - Аңырақай немесе Қызыл жұлдыз. Күнді 687 тәулікте айналып өтеді.
Марс ғаламшары: Жаңа сабақ. Қуат ұғымын түсіну.
Қуат.
A=F*S V=S/t N=F*S/t=F*V Nорт=A/t
1Вт=1Дж/1с
1кВт=1000 Вт=103 Вт
1мВт=0, 001 Вт=10 - 3 Вт
1мкВт=0, 000001 Вт=10 - 6 Вт
Марс ғаламшары бізге «тірегі» сөзін сыйлады.
4 - ғаламшар: Юпитер - алып планета. Қазақша аты - Есекқырған. Шолпаннан кейінгі екінші жарық планета.
Юпитер ғаламшарының тапсырмасы: оқулықпен жұмыс.
29 - жаттығу. № 1,3 орындау.
Юпитер ғаламшары бізге «білімді» сөзін сыйға тартты.
5 - ғаламшар: Сатурн - жерден 9, 5 есе үлкен. Қазақша аты - Қоңырқай.
Сатурн ғаламшарының тапсырмасы: Өз ойыңды ортаға сал.
1 -сұрақ:
Массалары әр түрлі екі қыз бала баспалдақпен жарыса жүгіріп, үйдің үшінші қабатына бір мезгілде көтеріледі. Бұл жағдайда бірдей қуат өндіре ме?
Жауабы: Екі қыз баланың өндірген қуаты бірдей емес, себебі қуат уақытқа және жасалынған жұмысқа тәуелді.
2 - сұрақ:
Әр түрлі қозғалтқыштардың қуаты артқан сайын жасалынған жұмыс көп өндіріле ме?
Жауабы: Қуат шамасы артқан сайын өндірілген жұмыста артады. Себебі қуат жұмысқа тура пропорционал.
Сатурн ғаламшары бізге «өнегелі» сөзін сыйға тартты.
6 - ғаламшар: Уран - Күнді 84 жылда айналып өтеді. Басқа планеталарға қарсы айналады. Уран ғаламшарының тапсырмасы Қосымша есептер шығару.
Уран ғаламшарының тапсырмасы:Біліміңде тереңдет.
Қосымша есептер шығару.
№601, №603, №604, №604б, №606, №607
Уран ғаламшары бізге «дарынды» сөзін сыйға тартты.
7 - ғаламшар: Нептун - 1846 жылы телескоптың көмегімен табылды.
Нептун ғаламшарының тапсырмасы: Біліміңді жүйеле.
Үйге тапсырма.
Сурет арқылы сабақты қорытындылау
1-сурет. Жерді әртүрлі әдіспен қопсытуға болады: трактормен, атқа соқаны жегіп алып және күрекпен аудару.
2-сурет. Ауылға әженің үйіне бару үшін велосипедпен, автобуспен және жаяу баруға болады
3-сурет. Құдық, шелек, бос бошке, насос бар делік.
– Сендер қайсысын таңдайсыңдар?
– Не себепті?
– Барлығы да бірдей жұмыс жасағанымен, айырмашылығы неде? (жұмыстың тез орындалуында)
Қуат. 36 - жаттығу. №2,4
Нептун ғаламшары бізге «ұрпақ» сөзін сыйға тартты
Соңында әр ғаламшардың тарту еткен сөздерін оқимыз. «Тәуелсіз ел тірегі – білімді, өнегелі, дарынды ұрпақ.» деген елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзі шығады.
Жер планетасы. Ең сұлу, ең әдем ғаламшар. Бұл планетаға ғарыштан әдемі адамға қуат берер сөзбен келдік. Олай болса, ғарыштан жинап келген жұлдызшаларымызды санайық. Оқушыларды бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |