Балалардың достық туралы ұғымын кеңейту және нақтылау. Достарға деген қарым – қатынасты қалыптастыру, достықты қадірлей білу, бір-біріне көмек көрсету және қамқор болуға үйрету.
Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам – дегенді қалай түсінесіңдер.
“Адамдар бір-біріне адал, қалтықсыз сеніп, ортақ көзқараста болса ғана достықтары берік болады. Достық – өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі.”
1.Сырым мен Жанар дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Жанардың басына барып тиді. Сырым добын домалатып теуіп ала жөнелді. Жанар мен Сырым шын достар деп, айтуға бола ма?
Неліктен?
Олардың достықтары қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?
2. Сен асығып барасың, ешқандай кешігуге болмайтын кездесуің бар. Досың саған тез келіп кетші, бір жағдаймен өте қатты қысылып тұрмын деді. Сенің әрекетің.
3. Екінші сынып оқушылары арасында өткізілетін «Өнерге қанат қаққандар» атты жарысқа достары Әлиханды ұсынып, үлкен сенім артты. Жарыс болатын күні Әлихан сабаққа келмей қалды. Олардың сыныптарынан жарысқа ешкім шықпады. Әлиханның бұл ісіне көзқарастарың қандай? Сендер оның орнында болғанда не істер едіңдер?