ІІІ. Шарықтау шыңы
Тест сұрақтарын орында
I нұсқа
1.Ауаның құрамындағы оттегінің мөлшерін көрсетіңіз.
А) 78%. Б) 0.1 % В) 21 %
2. Ауаның қысымын өлшейтін құрал.
А) барометр. Б) гигрометр В) термометр.
3.Жазда нөсер жаңбыр, қыста жапалақтап қар жауатын бұлттың түрі.
А) Қабат бұлт. Б) шарбы бұлт. В) будақ бұлт.
4.Әрбіл 100 м-ге көтерілген сайын ауаның қысымы неше мм-ге түседінін көрсетіңіз.
А) 10 мм-ге. Б) 1 мм-ге. В) 100 мм-ге.
5.Тәуліқте ең жоғарғы температура +300С, ең төменгі температуры +200С тәуліктік амплитуданы көсетіңіз.
А) 100С . Б) 200С В) 300С
6.Желдің жылдамдығын өлшейтін құрал.
А) барометр. Б) термометр. В)анемометр.
7.Жылына екі рет бағытын өзгертетің жел.
А) муссон желі. Б) бриз желі. В) батыс желі.
8. Тәулігіне екі рет бағытын өзгертетін жел.
А) Муссон. Б) бриз. В) батыс желі.
9.Ауанаң ылғалдылығын өлшейтін құрал.
А) анемометр. Б) барометр. В) гигрометр.
10.Жел жылдамдығының өлшем бірлігі.
А) градус. Б) метр-секунд В) грамм.
IІ нұсқа
1.Ауаның құрамындағы азоттың мөлшерін көрсетіңіз.
А) 78%. Б) 0,1 %В. 21 %
2.Ауа температурасын осы құралмен өлшейді.
А) барометрмен. Б) термометрмен. В) гигрометрмен.
3.Атмосфералық қысымның өлшем бірлігі.
А)граммен Б) пайызбен В)мм-мен.
4.Әрбір 100 м-ге көтерілгенде ауа температурасы төмендейді.
А) 60СБ) 0,6 0С В) 100С
5. Ауа температурасын өлшейтін құралды ата
А) барометр. Б) термометр. В)анемометр.
6. Тропосфераның белгілі бір жердегі қысқа мерзімді жай-күйі
А) қысым Б)ауа райы В)жауын-шашын
7.Жер бетіндегі ауаның горизонталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын
А)температура Б)қысым В)жел
8.1 м3 ауадағы су буының нақты мөлшері.
А) салыстырмалық ылғалдылық Б)абсолюттік ылғалдылық В)ауадағы су буы
9.Тропосфераның бір-бірінен осындай қасиеті (температурасы, мөлдірлігі, ылғалдылығы) жөнінен ерекшелік жасайтын үлкен бөліктері
А)ауа массалары Б)жел В)қысым
10.Жер бетіне атмосферадан сұйық немесе қатты күйінде түсетін ылғал
А)атмосфералық қысым Б)атмосфералық жауын-шашын В)ауа массалары
2)Жұмбақтар шешу
1.Қанатсыз құс маңып барады,
Көзіне жас тамып барады.
Бұлт
2.Аумағын қар,
Жаумаған қар.
Таңертең бар,
Сәскеде жоқ.
Қырау
3.Ашуланып бұртиды,
Аузы көпіріп құтырды.
Ашушаң ақымақ
Кез келгенді ұшырды
Құйын
4.Жиегіне шатырдың,
Судан шеге қатырдым.
Сүңгі
5.Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті.
Күннің күркіреуі
6. Көк жүзінде көк жолақ,
Қойды екен оны кім бояп.
Кемпірқосақ
7. Аспан менен жердегі,
Тұтылған боз пердені.
Ұстайын деп көріп ем,
Ұстауыма келмеді.
Тұман
8. Мөлдір моншақ,
Өзі жұмсақ.
Шық
9.Қаһарын тіге келеді,
Төріңе шыға өледі.
Үйге кірген суық
10. Су татыған
Суық бауырсақ,
Көкте піскен
Жерге түскен
Бұршақ
3.Оқушылар білімін бағалау
|
Оқушылардың аты жазылған бағалау парағы таратылады (сабақ басында)
Өзін-өзі бағалау парағы
Реті
|
Оқушы аты
|
Сұрақ -жауап
|
Деңгейлек тапсырмалар
|
Адасқан объектіні табу
|
Суретпен жұмыс
|
Тест
|
Жұмбақ
|
Қорытын-ды ұпай
|
Баға
|
І
|
ІІ
|
1
|
Аружан
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4.Үйге тапсырма.
|
Қайталау
|