Ұйымдастыру
шылық- іздену
шілік
|
– Бүгін бізді Айсұлу мен Қуаныш «Театр әлемі» байқауына шақырды. Ол үшін бізге дайындалу керек.
– Актёрдің дауыс ырғағы қандай болу керек?
Жаттығу жасайық.
Бала балараны қуалады,
Балара баланы қуалады. (Қатты, сыбырлап айтады).
– Актёрлер тек қана дауыс ырғағын келтіріп қоймайды. Ым-ишара арқылы кейіпкерлердің образын бейнелейді. – Бүгін сендермен актёр болуды үйренуді жалғастырамыз. Сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңді қозғалту арқылы бейнелейсіңдер.
1. Қабақтарыңды түйіп, ашулы адамның кейпін көрсетіңдер.
2. Қатты қорқу қажет. Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан құлап түскен балапан сияқты, иттен қорыққан бала сияқты.
3. Жылап тұрған баланы көрсету.
4. Күлімсіреп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету.
5. Өлең айтып тұрған адамды көрсету.
Әліппе-дәптермен жұмыс.
1-тапсырма.
Актёрлік шеберлік дегеніміз не?
Мәнерлі сөйлеу деген не?
2-тапсырма. Өзіңе таныс ертегіні тап. Кейіпкерлерді ата, оларға сипаттама бер. Олардың бейнесін ым-ишарамен көрсет. «Ақ бидай» ертегісін ұсыну. Ертегі желісі бойынша салынған суреттерді көрсете отырып мазмұнын баяндау. Ертегі сендерге ұнады ма?
– Қандай кейіпкерлермен таныстық?
– Ақ бидайдың жағдайы неге нашарлады?
– Оның өсуіне не кедергі болды?
– Ақ бидайға кім көмектесті?
– Ертегі бізді неге үйретеді?
Сергіту сәті.
Музыкалық жаттығу. Музыка әуенімен балалар түрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтағанда бастарын иеді.
Сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтқызу.
бидай – пшеница – wheat
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Суреттерге қарап, бидайдың көңіл күйін ым-ишара арқылы көрсет.
Ойын: «Көңіл күйі» (ым-ишара, дауыс ырғағы арқылы көрсету).
– Қуаңшылық болғанда ақ бидай қалай қысылды? (Жылау.)
– Кедергі жасаған өсімдіктерге қалай ренжіді? (Ренжу.)
– Адамға мұңын қалай жеткізді? (Мұңаю.)
– Адам көмектескенде қалай қуанды? (Қуану.)
Әліппе-дәптермен жұмыс.
Бидайға көмекке келген кейіпкердің суретін сал. Сахналау. Ертегіні сахналауды ұсыну, сиқырлы қорапшаның ішінен жұлдызшалар таңдап алуды ұсыну.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Тіл ұстарту жаттығуы:
Бала балараны қуалады,
Балара баланы қуалады. (Қатты, сыбырлап айтады).
Ым-ишара арқылы кейіпкерлердің образын бейнелейді
Балалар бет-әлпеттерін қозғалту арқылы бейнелейді.
Кейіпкерлерді атап, оларға сипаттама береді.
Ертегі желісі бойынша салынған суреттерді мазмұндап баяндайды.
Музыка әуенімен балалар түрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтағанда бастарын иеді.
Сөздерді қазақша, орысша, ағылшынша айтады. бидай – пшеница – wheat
Әліппе-дәптердегі тапсырмаларды орындайды.
Көңіл күйді ым-ишара, дауыс ырғағы арқылы көрсетеді.
Тәрбиеленушілер алған жұлдызшадағы суреттерге қарап рөлдерге бөлінеді. Қалған балалар – көрермендер.
|
Рефлексивтік бағалау.
|
Қорытынды:
Қуаныш пен Айсұлу тәрбиеленушілерге өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсыну.
1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.
2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.
|
1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды.
2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды.
|