Құйынды электр өрісі. Электрмагниттік индукция құбылысын оқып үйрену кезінде айнымалы магнит өрісінде тыныштықта тұрған контурда индукциялық ток пайда болатыны байқалған. Оның пайда болу себебі бөгде күштердің әсері. Бұл магниттәк күштер емес, себебі олар тыныштықтағы зарядтарды ( ) қозғалысқа келтіре алмайды. Сонда электр өрісінің күштері ғана қалады, магнит өрісі уақыт бойынша өзгергенде қозғалмайтын контурда индукцияның ЭҚК-інің пайда болуына электр өрісі жауапты. Максвелл өткізгіш тек қана индукцияланған электр өрісінің индикаторы ғана деп болжады. Өріс өткізгіштегі еркін электрондарды қозғалысқа келтіре отырып, өзінің бар екендігіне және энергия қоры арқылы өткізгішсіз де өмір сүретіндігін байқайды.
Электрстатикалық өрістен ерекшелігі индуцияланған электр өрісі потенциалды емес құйынды электр өрісі болып табылады, себебі осы өрісте бірлік оң зарядты тұйық контур бойымен орын ауыстырғанда атқарылған жұмыс нөлге тең емес, ол индукцияның ЭҚК тең
Мұндағы - айнымалы магнит өрісімен индукцияланған электр өрісінің кернеулігі.
Электрмагниттік индукция заңынан ,
жазуға болады.
Жалпы жағдайда электр өрісі электрстатикалық өріс және уақыт бойынша өзгеретін магнит өрісінің тудыратын өрісінің қосындысынан тұрады. Себебі электрстатикалық өрістің циркуяциясы нөлге тең, (9.2) теңдеуді өрісі осы екі өрістің векторлық қосындысынан тұратын жалпы өріс үшін келесі түрде жазуға болады: .
(9.3) теңдеуде контур мен беттің қозғалмайтыны ескерілді, векторы уақытқа да, координатаға да тәуелді, .
Максвелдің бірінші теңдеуі (9.3) электрмагниттік өріске ойша енгізілген кез-келген қозғалмайтын тұйық контур бойынша алынған векторының циркуляциясы теріс таңбамен алынған беттен өтетін магнит ағынының өзгеру жылдамдығына тең. Бұдан Максвелл теориясының бірінші тұжырымы: магнит өрісінің кез-келген өзгерісі құйынды электр өрісін тудырады.
Әдебиет:
Бейсен, Н. Электродинамика: Оқу құралы. / әл-Фараби атын. ҚазҰУ. - Алматы: Қазақ университеті, 2011. - 80 б.
Бижігітов, Т. Электродинамика және салыстырмалылықтың арнайы теориясы : Оқулық. / ҚР Білім және ғылым министрлігі, ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы . – Алматы: ЖШС РПБК «Дəуір», 2012. - 448 б.