Өзара индукцияқұбылысы Әрбір контурдағы ЭҚК осы контурдағы токтың тудыратын магнит ағынының өзгеруі салдарынан ғана емес, басқа контурдағы токтың тудыратын магнит ағынының өзгерісі есебінен де пайда болады. Бұл өзара индукция жөнінде.
Бір-біріне жақын орналасқан екі қозғалмайтын контурларды қарастырайық. Егер 1 контурда ток жүрсе, ол екінші контур арқылы өтетін толық магнит ағынын тудырады , онда осы сияқты екінші контурда ток жүрсе, ол бірінші контур арқылы өтетін толық магнит ағынын тудырады
.
Мұндай контурлар магниттік байланысқан, ал және коэффициенттері – бірінші контурдың екінші контурға қатысты және сәйкесінше екінші контурдың бірінші контурға қатысты өзара индуктивтілігі деп аталады. Сызықты орталарда, мысалы ферромагнетиктер жоқ кезде,
.
Өзара индуктивтілік магниттік
байланысқан контурлардың геометриялық
өлшемдеріне, олардың орналасуына және
ортаның магниттік қасиеттеріне тәуелді.
Электрмагниттік индукция заңына сәйкес
1 және 2 контурларда пайда болатын ЭҚК-
тері:
, .
2 Сурет
Токтар мен кернеулерді түрлендіруші құрылғылар – трансформаторлардың жұмыс істеуі электрмагниттік индукция құбылысына негізделген.
Максвелл теориясының негіздері.Максвелл, Фарадейдің электр және магнит өрістері туралы идеяларына сүйеніп, тәжірибелік заңдарын жалпылама жүргізіп, біртұтас электрмагниттік өрістің теориясын жасады. Бұл теория электр және магнитстатиканың маңызды заңдары - Гаусс теоремасы және толық ток заңы, электрмагниттік индукция заңдарының жалпыламасы болып табылады. Максвелдің теориясында электрдинамиканың негізгі есебі шешіледі: электр зарядтары мен токтардың берілген жүйесінің электрмагниттік өрісінің сипаттамаларын анықтау. Максвелл теориясы электрмагниттік өрістің феноменологиялық теориясы болып табылады, себебі мұнда ортаның молекулалық құрылымы және электрмагниттік өрісте ортада болатын процестердің ішкі механизмі қарастырылмайды. Ортаның электр және магниттік қасиеттері үш шамамен: салыстырмалы диэлектрлік өтімділік , салыстырмалы магниттік өтімділік және меншікті электр өткізгіштік сипатталады. Мұнда кеңістіктіктік ұзақтығы жеке атомдар мен молеку-лалардың өлшемдерінен әлдеқайда үлкен макроскопиялық зарядтар мен токтардың, тыныштықтағы және қозғалыстағы зарядтар жүйесінің макроскопиялық электрмагниттік өрістері қарастырылады.
Электрмагниттік индукция заңынан Максвелдің бірінші теңдеуіне өткенде құйынды электр өрісі, толық ток заңынан екінші теңдеуге өткенде ығысу тогы деген ұғымдар енгізілді.