Сабақтың тақырыбы: Василий Сухомлинский. Ақ шаш. Сабақ негізделген оқу мақсаттары



Дата06.07.2018
өлшемі0,64 Mb.
#47765
түріСабақ

Сынып : 2 « Ж»


Пәні : Әдебиеттік оқу


Мұғалімнің аты-жөні: Бекбау Назерке

Күні: 17.10.2017ж

Кабинеті : 15


Тізім бойынша саны: 25

Қатысқаноқушылар саны:


Қатыспағаноқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы: Василий Сухомлинский. Ақ шаш.

Сабақ негізделген оқу мақсаттары

2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін

мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.3.1.1 - мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге бөліп, жоспар құру



Сабақ нәтижесі:


Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.



Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі.

Сабақтың жоспары

Жоспарланған уақыт

Сабақ барысы :

Бағалау түрлері

Басталуы

5 минут

Топқа бөлемін : «» топқа бөлінеді. Оқушыларды құттықтау хаттарын алып, 1,2,3,4 топтарға бөлініп отырады.







4 түс арқылы топтарға бөлу.
Өткен сабақтарға шолу жасау

Жаңа білім

20 минут




Білу және түсіну

Ы.Алтынсарин. Бұл кім?

«Бала, бала, бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған. (Ана)

Дүниеде анаға жыр арнамаған жыршы, күй арнамаған күйші, ән арнамаған әнші, шығармасын арнамаған жазушы бар ма екен?

Ананы жырлаймын деп ақын тебіренсе, ана бейнесін мүсіндеймін деп суретші ойланды.

«Құрметтейік те, қадірлейік те ғазиз Ананы, өйткені ол дүниедегі асылдың асылы – өмір сыйлайды ғой!» - деп тебіренеді Ғ.Мүсірепов.

«Әлемде өзгермейтін үш-ақ зат бар, ол ананың ақ сүті, күннің нұры, сәбидің күлкісі» дейді орыс жазушысы М.Горкий.

«Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе! Па шіркін, ананың айналып-толғанғаны кімнің есінен кетеді!» - дейді Баубек Бұлқышев.

Сонымен ана дегеніміз – төзімділік пен адамгершііліктің тәңірі.


4. Қазір Ана сөзінің мағынасын ашып алайық.
Ана тілі

Отан ана


Жер ана
І-топ. «Ана тілі» деп неге айтамыз?

ІІ-топ. «Отан ана» деп неге айтылады?

ІІІ-топ. «Жер ана» деп неге айтылады?

IV-топ. «Анамыздың махаббатты » деп неге айтылады?


5. Жалпы ана атаулыға тән, біріміздің анамызға ортақ оқулығымызда тамаша бір шығарма беріліпті. Ол Василий Александрович Сухомлинскийдің «Ақ шаш» әңгімесі.

В.А.Сухомлинский Украина Республикасында дүниеге келген. Украина халқының атақты ұстазы, жазушысы.

Оқулықпен жұмыс.
а) Балалардың алдына әңгімеден үзінді беру, яғни оны оқушылар ары қарай жалғастырып, оқиғаның немен аяқталғанын өз ойларымен жеткізеді.

ә) Оқулықтағы мәтінді оқушыларға оқытқызу.

б) Мәтінді оқушылар ойымен бөліседі .

в) Сұрақ-жауап.

- Мәтінде негізгі ой қандай мәселеге құрылған ?

- Мишаның байқампаздығын қалай аңғардың?


6. «Екі жақты күнделік» стратегиясы.
1-топ. Мәтіннен өздеріңе әсер етіп, ойыңда қалған үзіндіні айт.

Сұрақ: Ананың жүрегі қай кезде ауырады? (бірденеге қапаланғанда, ренжігенде, уайымдағанда).

2-топ. Мишаның келесі сұрағына анасы не деп жауап берді деп ойлайсың, соны айт.

Сұрақ: Ананың жүрегі қай кезде толқиды? (қуанғанда, шаттанғанда).

3-топ. «Ананың көңілі балада. Баланың көңілі далада» мақалының мәтінге қандай қатысы бар? Сөз анасы не? Сөз анасы – құлақ.

4-топ.


Сұрақ: Дүниеде не қымбат? (Ана)

Су анасы не? Су анасы – бұлақ.



Оқулық,

мәтіндер.



Сергіту сәті

2 минут


Сергіту сәті. Жұмыр қылыш.



Оқушылар би билеп сергіп қалады.

Аяқталуы

Сабақты бекіту

10 минут


Синтез

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.




Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі



Бағалау
5 минут

Кері байланыс



3 минут

«Білім қоржыны» кері байланыс


Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазып, қоржындарға жабыстырады.



Үйге тапсырма: оқу, мазмұндап келу


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет