Сабақтың тақырыбы: Векторлық және расторлық графиктерді құру және өңдеу программалары



бет1/2
Дата29.03.2017
өлшемі0,5 Mb.
#12531
түріСабақ
  1   2

Маңғыстау облысы

Атамекен селосы

“№7 жалпы орта білім беретін мектеп” КММ



Ашық сабақ



Сабақтың тақырыбы: Векторлық және расторлық графиктерді құру және өңдеу программалары.


Информатика пәні мұғалімі: Сарсенова К.Б.

Сыныбы: 7 «б»

Күні: 21.04.2016ж.

Сабақ жоспары «БЕКІТЕМІН»

______________

Оқу ісінің меңгерушісі

«___»__________2016ж.

Пәні: Информатика

Сыныбы: 7«б»- 21.04.2016

Сабақтың тақырыбы: Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу программалары.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға компьютерлік графиканың түрлерін құру және өңдеу программаларымен таныстыру.

Күтілетін нәтиже: Оқушылардың компьютерлік графика туралы білімдері қалыптасады. Векторлық және растрлық графиктерді құру және өңдеу программаларын біледі.

Оқыту технологиясы: Ақпараттық технология (АКТ), СТО

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың типі: Білім мен білікті тексеру сабағы

Сабақтың әдіс – тәсілі: Топтық жұмыс, жеке жұмыс, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, Photoshop, Paint бағдарламасы, слайд.

Техникалық құралдар: Компьютер, оқулық, интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың жоспары

Уақыты

Сабақты ұйымдастыру формасы

Мұғалімнің іс - әрекеті

Оқушының іс – әрекеті

2 мин

Ұйымдастыру бөлімі

Сыныптағы оқушыларды тексеру

Мұғаліммен амандасу

2 мин

Топтасу

Топқа бөлу

1-топ «Вектор» тобы

2-топ «Растр» тобы

3-топ «Фрактал» тобы

Оқушылар үш топқа болініп орналасады

3 мин

Үй тапсырмасы

Оқушыларға өтілген сабақ бойынша сұрақ- жауап алқылы сұрау.

  1. Қазіргі компьютерлік графиканың бағыттары қандай?

  2. Компьютерлік графика бейнелену тәсіліне байланысты нешеге бөлінеді және қандай?

  3. Компьютерлік графика дегеніміз не?

  4. Модель дегеніміз не?

  5. Модель нешеге бөлінеді және қандай?

  6. Векторлық графика мен растрлық графиканың айырмашылығы неде?

  7. Растрлық графиканы үлкейтуге болама?

Оқушылар сұрақ – жауап арқылы өз білімдерін тексеру

10 мин

Мағынаны тану

Қазіргі кезде компьютерлік графиканың қоғамның инженерлік, ғылым, бизнес, өнер және т.б., барлық салаларында атқаратын рөлі зор. Компьютерлік графика мультимедиялық программалар, телевизиялық жарныма, киноның арнайы эффектілерін, мультфильмдер жасаудан бастап, машина жасаумен іргелі ғылыми – зерттеулерді компьютерлік жобалауға дейін қолданылады.

Компьютерлік графика – программалық- аппараттық құралдардың көмегімен суреттерді өңдеу, салу тәсілдері мен әдістерін оқытатын информатиканың арнайы саласы.

Компьютерлік графика компьютердің басқөаруымен графикалық ақпаратты енгізу, шығару және түрлендіруді қамтамасыз етеді.

Қазір компьютерлік графиканың негізгі мынадай бағыттарын атап көрсетуге болады: іскерлік графика, инженерлік графика, ғылыми графика, көркем – жарнамалық графика және Web графика.

Компьютерлік графиканың бірі – бір мезгілде өзінде дыбыс, әуен, мәтін, бейне және анимация үйлескен мультимедия болып табылады.

Компьютерлік графика бейнелену тәсіліне байланысты растрлық, векторлық және фракталдық болып бөлінеді.


Нысанның модулін тұрғызуда үш өлшемді графика жеке пән ретінде қарастырылады.

Векторлық, растрлық графиканы құру мен өңдеуге арналған графикалық программалар немесе графикалық редакторлар деп аталатын арнайы қолданбалар бар.

Графикалық редактор – графикалық суреттерді салу мен өңдеуге арналған қолданбалы орта.

Компьютерде графикалық бейнелерді құру үшін бірнеше программа қолданылады. Олардың ішінде кеңінен тараған программалар:

  • Paint – қарапайым графикалық кескіндерді алын ала қарау және оларды басқа программаларға енгізуге негізделген растрлық графикалық редактор.

  • PictureManager – компьютерде сақталған суреттерді редакциялауға, өңдеуге, ортақ пайдалануға және реттеу мен оларды басқаруға негізделген программа.

  • Photoshop - растрлық бейнелермен жұмыс жасауға негізделген көпфункционалды программа.

  • CorelDRAW – графикалық бейнелердің жұмысын автоматтандыруға және векторлық графикамен жұмыс жасауға негізделген векторлық графикалық редактор.

  • FlashMXвекторлық графика негізінде анимацияны құру программасы.

  • 3D StudioMax – 3өлшемді кескінді құру мен -өңдеуге арналған программа.

Графикалық файлдар форматы (пішімі) – файлда графикалық ақпаратты сақтау тәсілін, сонымен қатар ақпаратты сақтау формасын (сығу алгоритмін қолдануды) анықтайды.

Графикалық формат – графикалық ақпаратты жазу тәсілі. Графикалық формат суретті өңдеу және баспаға шығару мүмкіндіктерін, сонымен қатар оның жадта алатын көлемін береді. Файлдың форматы әдетте файл атының кеңейтілуімен белгіленеді.

Графикалық файлдардың форматтары файлда ақпараттың (растрлық немесе векторлық түрде) сақталу тәсілін; ақпараттың сақталу түрін (сығу алгоритмін қолдануы) анықтайды.

Файлдың форматы немесе файлдың типі – компьютер үшін файл туралы ақпарат. Осы ақпарат арқылы компьютер файлдың ішінде не бар екенін, оны қандай редактордың аша алатынын түсінеді.




15 мин

«Кім жылдам»

Компьютермен жұмыс

Практикалық жұмыс





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет