Қалыптастырушы бағалау
Пән: Информатика Оқушының аты-жөні
|
Сыныбы: 11
|
Тарау: 3D Модельдеу
|
Сабақтың тақырыбы: Виртуалды тур
|
Оқу мақсаттары:
3D-панорама (виртуалды тур) жасау
|
Критерийлер: Білу және түсіну, қолдану.
0-8 балл – «Талпынады»
9-12 балл – «Жетті»
|
1. Мәтінде кеткен қателерді тап:
3D-панораманың көру бұрышы 900°-тан аспайды. 3D-панораманың негізінде сфералық немесе кубтық проекциядағы кескін жатыр. 3D панорамаға сфералық проекция жасау үшін қоршаған кеңістікті тек бір рет суретке түсіріп, оны арнайы программалық қамтамасыз етуге жүктеу керек. Кубтық проекцияны сфералық түрлендіру арқылы алу мүмкін емес. Сфералық проекцияда тұтас көрініс болмайды, онда бір суреттің екіншісіне түйісу нүктелері немесе қабаттасуы ғана көрінеді. 3D-панораманы сфераның немесе кубтың сыртынан қарауға болады. [8]
2. Дұрыс жауапты таңдаңыз:
Берілгендердің қайсысы 3D-панорамасын жасау кезеңіне жатпайды?
Камераның әр бұрышынан бірнеше кадр жасау
Графикалық редакторда қосымша өңдеу
3D-панорама жасау үшін кодты жазу
3D-панорамада графикалық файлдарды түрлендіру
Арнайы құжат тігу программасында кескіндерді тігу.
[1]
3. Дұрыс жауапты таңдаңыз:
Сфералық панораманың қандай артықшылықтары бар:
Интербелсенділік, көріністің әдемілігі
Ақпарат мазмұны, виртуалды шындық көзілдірігіне бағдарлану
Қоршаған кеңістікті неғұрлым қызықты жеткізу мүмкіндігі
Толықтылық, өзектілік
Интербелсенділік, ақпараттық мазмұн.
[1]
4. 3D-панорама жасауға мүмкіндік беретін программаларды таңда:
WPanorama
Panoweaver
Image Composite Editor
MS Power Point
Adobe Flash
Adobe Photoshop
PTGui
Hugin
[2]
Жауаптары:
3D-панораманың көру бұрышы 900°-тан аспайды. 3D-панораманың негізінде сфералық немесе кубтық проекциядағы кескін жатыр. 3D панорамаға сфералық проекция жасау үшін қоршаған кеңістікті тек бір рет суретке түсіріп, оны арнайы программалық қамтамасыз етуге жүктеу керек. Кубтық проекцияны сфералық түрлендіру арқылы алу мүмкін емес. Сфералық проекцияда тұтас көрініс болмайды, онда бір суреттің екіншісіне түйісу нүктелері немесе қабаттасуы ғана көрінеді. 3D-панораманы сфераның немесе кубтың сыртынан қарауға болады.
С.
Е.
C, H.
Достарыңызбен бөлісу: |