Сабақтың басы
|
1. Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
Қызығушылықты ояту: «Жаңалық ашамыз» ойыны.
Заттардың негізгі қасиеттерімен қоса қосалқы қасиеттерін ашу үшін тапсырма беріледі. Бұл
таптаурын болған ойдан арылу, айналаға сын көзбен қарау, жаңалық ашуға ұмтылу үшін керек.
Мысалы, «Сіріңке жанып, жарық беріп қана қоймайды, бір жағынан салмағы мен ұзындығын
жоғалтады; су – сұйық, бірақ оны қатырған кезде, құрылыс материалы ретінде қолдануға болады
(мұз қала салу) т.с.с.
Оқушыларға қарапайым заттардың өзгеше қасиеттерін ашу тапсырылады. Мысалы,
полиэтиленді қақпақ, қаламсаптың пайданылған өзекшесі, шеге, балмұздақ т.с.с.
Бұл тапсырма талантты және дарынды балалардың қабілетін ашуға көмектеседі.
(Ұ). Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім өткен сабақпен жаңа сабақты ұштастыру мақсатында оқушыларға сұрақтар қояды.
Оқушылар ұжымдық үлгіде жалпылама жауап береді. Егер сұраққа жауап дұрыс айтылмаса,
мұғалім дұрыс жауапқа бағыттап дұрыс жауабын табуға көмектеседі.
Назарбаев университетіне виртуалдық тур.
- Осы тур бойынша не айта аласың?
- Қандай ерекшеліктерді аңғардың?
- Егер саған мектебіміз бойынша тур жасау ұсынылса, жұмысыңды неден бастар едің?
Сабақ тақырыбын қорытындылау.
|
1.Мұғаліммен амандасады.
2.Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
3.Сабақтың мақсаттарымен танысады.
4.Дәптерлерін өзара ауыстырады, үй тапсырмасын тексереді.
5.Бағалайды.
|
|
|