Сабақтың тақырыбы Вокзалда Жалпы мақсаты



бет28/40
Дата07.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#97157
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40
Байланысты:
Саба ты та ырыбы Вокзалда Жалпы ма саты

Білімі жоғары оқушылар:
«Арық» синквейн құру


Білімі төмен оқушылар:
«Арық» сөзін септеу

Суммативті бағалау
Үш шапалақ

Смайлик




Ой толғаныс

V Ой толғаныс
Жұмбақ шешу
Бар ма, жоқ па білмеймін,
Ол жоқ жерде жүрмеймін.
(ауа)
Аппақ дала қара дән
Сепкен дәні түсінуге жараған.
(әріптер)
Бірі ащы, бірі тәтті,
Екі ұнтақ, екеуі де ақ.
Біреуі майға ұнайды,
Біреуі шайға ұнайды.
(тұз бен шекер)




Формативті бағалау

Үйге тапсырма

Үйге тапсырма .62-бет 5-жаттығуды тапсыру.




Сабақты талдау






Сәтті өткені?







Сәтсіз өткені?





Нені жақсартуға болады?




І:Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты.


Бауырсақ суып тұрып тұрып, бір кезде домалай жөнеледі. Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа, одан әрі, одан әрі домалай береді, домалай береді.
Бір кезде оған Қоян жолығып:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді.
- Қоян, сен мені жеме. Мен саған өлең айтып беремін: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпаймын Қоян саған да!».

ІІ:Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп, оның да жегісі келеді.


Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп, одан әрі домалай береді.
Бір кезде Аю жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін! – дейді ол.
- Сендей майтабанға мені жеу қайда? Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме, Қоян менен Қасқырға ұстатпағам ендеше.
- Ал сендей ұстатпаймын мүлде де!
Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.
Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:
- Бауырсақ, Бауырсақ, қайдан домалап барасың? - дейді ол.
- Жолмен домалап барамын.
- Бауырсақ, Бауырсақ, маған өлең айтып берші!...
- Содан Бауырсақ: «Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ! Қаймаққа иленгем, майға пісірілгем, терезеде суығам. Ұстатпай кеттім Атама, ұстатпай кеттім Әжеме. Ұстатпай кеттім Қоян менен Қасқырға. Ұстатпай кеттім Аюға, ұстатпаймын саған мүлде де!» деп өлеңін айтып береді.

ІІІ:Түлкі оған:- Әнің өте жақсы екен. Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным. Бауырсақ, сен менің тұмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттырақ айтшы, - дейді.


Бауырсақ Түлкінің тұмсығына домалап шығып алып бар даусымен әнін айтады. Сол кезде Түлкі ұстап алады.

- Түлкі, сен мені жеп қайтесің! – дейді Бауырсақ. Жүр одан да біздікіне, Атам мен Әжеме барайық. Олар сені тойғызады.
Түлкі келіседі. Жолшыбай өздерімен бірге Қоян, Қасқыр мен Аюды ертіп алады. Олар келсе Әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты. Қоянға орамжапырақ салған, Қасқыр мен Түлкіге ет салған, Аюға таңқурай салған қаусырма тиеді. Ал Бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.

тақырыбы: Қайдан келдің, Бауырсақ?


Мақсаты:
Білімділік: бауырсақтың, нанның дастарқанға қалай келетінін түсіндіре отырып, заттың қимылын білдіретін сөздер туралы білімдерін пысықтау.
Тәрбиелік: еңбекқорлыққа, үлкеннің еңбегін сыйлауға, нанды қадірлей білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқу - жазу дағдыларын, сөйлеу тілін дамыту, дүниетанымын кеңейту.
Көрнекілігі: слайдтар, плакат, смайликтер, тапсырма жазылған парақшалар, бауырсақ.

Сабақ түрі: саяхат сабақ


Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
1. Психологиялық дайындық
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
4 - 5 оқушыдан «Шуақ» өлеңін сұрау

- Өлеңде жылдың қай мезгілі суреттелген?


- Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Көктемде адамдар қандай істермен айналысады, яғни көктемгі еңбек түрлерін ата.
- Ендеше балалар, бүгін біз адамдардың еңбегінің жемісі нанның, бауырсақтың дастарқанға қалай келетінімен танысайық. Ол үшін балалар, біз бүгін Бауырсақпен бірге саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығып қана қоймай, жолдағы кездескен кедергілердің тапсырмаларын орындайсыңдар. Тапсырманы дұрыс орындасаңдар, сіздерге смайликтер береді және сабақ соңында сіздерді үлкен сый күтеді.

ІІІ. Өткен сабақты бекіту


- Балалар, бауырсақ дастарқанға келу үшін ең әуелі не істеледі соны білу
үшін бауырсақтың 1 - тапсырмасын орындайық.

1 - тапсырма. Жұмбақ шешу


1. Күні бойы тынбайды,
Дәмді тағам жинайды. (ара)

2. Өзі айлакер, өзі қу,


Жүрген жері айқай да, шу. (түлкі)

3. Құжынаған жұмыскер,


Бірлескенде тым іскер. Құмырсқа

- Бұл сөздерге қандай сұрақтар қойылады?


- Ал осы заттардың қимылын білдіретін сөздерді табайық
1 - слайд Көктемде трактормен жерді жыртып, бидайдың дәнін себеді.
2 - тапсырма Сәйкестендіру тесті

Ағаш ойнады.


Құс өседі.
Бала ұшады.

- Балалар, біз заттың несін білдіретін сөздермен танысып жатырмыз?


- Заттың қимылын білдіретін сөздерге қандай сұрақтар қойылады?
2 - слайд Диқандар жаз бойы егінді күтіп - баптап өсіреді.

ІV. Жаңа сабақ

3 - тапсырма Оқулықпен жұмыс
1. Мәнерлеп оқып беру.
2. Оқушылар тізбектей оқиды
3 - слайд Күзде комбайнмен егінді орып, элеваторға тасиды.
4 - тапсырма Авторымен танысу
1905 жылы 15 желтоқсанда туған, ақын, жазушы, аудармашы Ө. Тұрманжанов ОҚ обл. Жалғызағаш ауылында туған. Л. Н. Толстойдың балаларға арналған шығармаларын аударған
4 - слайд Элеваторда бидайды сұрыптап, оны диірменге жөнелтеді. Диірменде бидайды тартып, ұн жасайды. (ұнды көрсету)
V. Сергіту сәті
5 - тапсырма
VІ. Дәптермен жұмыс
1 - жаттығу
2 - жаттығу
3 - жаттығу
5 - слайд
Ұннан наубайханада нан, тәтті тоқаштар, бауырсақтар пісіреді
VІІ. Қорытындылау
- Сонымен балалар, бауырсақ дастарқанға қалай келеді екен?
- Ендеше балалар, еңбек туралы қандай мақал – мәтелдер білесіңдер?

VІІІ. Смайликтермен бағалау.


Үйге: 244 - жаттығу, 150 – бет мәнерлеп оқу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   40




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет