Күні: 19.12.2016.
4-сынып
Сабақтың тақырыбы: Құстар.
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жабайы құстар туралы білімдерін тереңдету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: тәуелдік жалғаулары бойынша өткенді пысықтау,сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту.
Дамытушылық: оқушылардың қисынды ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.Сөйлеу барысында емес шылауын дұрыс қолдануды үйрету.
Тәрбиелік: қоршаған ортаны аялауға, құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білім беру сабағы
Сабақтың әдістері: әңгімелеу, сұрақ-жауап,түсіндіру
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, құс суреттері,сөзжұмбақ
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындық деңгейін анықтау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Оқылым. "Тайлақ ойнақ салып жүр" өлеңін жатқа айту.
2.Жазылым.( Қазақ тіліне төл дыбыстарын қайталау, сауатты жазуға бейімдеу)
Сөздік диктант
Қасқыр, түлкі, жолбарыс, сиыр, түйе, кірпі,бұзау, керік, құлын,ешкі.
3. Жаңа сабаққа икемдеу. Балалар, енді жабайы аңдар мен үй жануарларын еске түсіріп, сөзжұмбақты шешейік.
1. Волк
2. Жеребенок
3. Тигр
4. Верблюд
5. Лев
6. Жираф
-Міне ,балалар,сөзжұмбақтан біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбын да таптық. " Құстар"
ІІІ. Жаңа сабақ. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
1.Сөздік жұмысы. Тыңдалым. Айтылым. Жазылым.
Мұғалім оқиды, оқушылар қайталайды. Сөз тіркестерін, сөйлемдер құрастыру.
Тоқылдақ-дятел бұлбұл-соловей
Қараторғай-скворец тырна- журавль
Құр- глухарь торғай - воробей
Қырғауыл- фазан қарлығаш - ласточка
Сауысқан - сорока бүркіт-беркут
2.Мәтінмен жұмыс. Оқылым. Айтылым.
а) Оқу, аудару.
ә) Сұрақтарға жауап беру.
б) Суреттегі құстарды атау. Емес шылауын дұрыс қолдану.
-Мынау тоқылдақ па?
-Жоқ, бұл тоқылдақ емес, қараторғай.
3. Сергіту сәті.
Қырғауыл боп ұшамыз,ұшамыз
Түлкі болып қашамыз,қашамыз
Қырғауылдай тапқыр боп, тапқыр боп
Орнымызға қонамыз,қонамыз.
4. Грамматикалық тапсырмалар. Жазылым.
а) Ұя, құс сөздерін тәуелдеп жазыңдар.
ә) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін меңгерту мақсатында "Адасқан сөздер" дидактикалық ойыны.
1. Екі, болды, ұяда, балапан.
2. Барды, балалар, тоғайға, кеше.
3. Тіршілік, етеді, құстар, аңдар, мен, орманда.
5.Өлеңді мәнерлеп оқып, мағынасын ашыңдар.
Жылы жаққа ұшпайтын,
Бізбен бірге қыстайтын.
Құс жанына жуықта,
Жем шашуды ұмытпа!
- Балалар, бұл өлең арқылы құстар бізге не айтқысы келіп тұр? Олар сендерден қандай көмек күтеді?
-Құстарға қыс мезгілінде оқушылар жемсауыт жасайды, жем береді.
- Құстың ұясын бұзуға болмайды.
-Біз оларға қамқоршы болуымыз керек.
-Құстар - орман және тәбиғат сәні.
ІҮ. Сабақты қорытындылау.
Бүгінгі сабақта не білдік? Не ұнады?
Ү. Үй тапсырмасы: Сөздерді жаттау. 115 бет 1,4-жаттығулар.
ҮІ. Сабаққа белсене қатысқан оқушылардың білімдерін бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |