Жаңа сабақ: Волейбол ойыны
Волейбол ойынының аумағы 9 х 18 м алаңында өткізіледі. Ортадағы сызық алаңда екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орнатылады. Тордың биіктігі ойыншылардың жасына немесе ұлдар, қыздар командасы болып ойнауына қарай әр түрлі болады. Волейбол командасының құрамында 12 ойыншы болады: 6 - негізгі, 6 - қосалқы ойыншы. Команданың құрамы 6 адамға толса, ойынды бастай беруге болады.
Волейбол ойыны – еліміздегі ең кең таралған ойындардың бірі. Ойын ережесінің жеңілдігі, қажетті жабдықтардың өте күрделі болмауы, тартымдылығы оны бұқаралық сипатқа ие етеді. Онымен барлық жастағы адамдар айналыса алады. Волейбол олимпиадалық ойындар бағдарламасына 1964 жылдан кіргізілген. Қазақстан волейбол командасы 1966 жылдан бері сенімді ойын жолына көшкен.
Волейбол торының еденнен биіктігінің өлшемі
Жасөспірімдер
|
13-14 жастағылар
|
15-16 жасатғылар
|
17-18 жастағылар
|
Ер бала
|
2 м 20 см
|
2 м 35 см
|
2 м 43 см
|
Қыз бала
|
2 м 10 см
|
2 м 20 см
|
2 м 24 см
|
Ойын техникасының элементтері
Бастапқы қалып
Допты ойынға қосу
Допты командалас серігіне беру
Шабуылдау соққылары
Тосқауыл қою
Допқа қарай ұмтылу
Волейболшының тұрысы
Оның кез келген бағытта қозғалысты бастауына, сонымен бірге қажетті жағдайда кез келген тәсілді орындауына мүмкіндік беретін бастапқы жағдайы. Ойын барысында ойыншы көп уақыт бойы негізгі тұрыста болады.
Есте сақтайық
Ойын кезінде қауіпсіздік ережесін;
Ойын кезінде орын ауыстыруды;
Ойын кезінде доптың келу техникасын аңғарып отыруды;
Допты әріптеске беруді, қателеспеуді.
Венн диаграммасы
Қорытынды бөлім: Рефлекция
Білетінім
|
Үйренгенім
|
Үйренетінім
|
|
|
|
Үйге тапсырма: допты жоғарыдан қабылдау әдісі.
Бағалау
Достарыңызбен бөлісу: |