2-тапсырма. 1-ші ойыншылар допты екі қолмен жоғарыдан бір рет өздерінің үстіне лақтырып, жоғарыдан екі қолмен допты беру әдісімен әріптесінің оң және сол жағына 1,5-2м қашықтыққа қайтарады, ал 2-ші ойыншылар допты төменнен екі қолмен қабылдап (қағып алмай), бірден бір рет өзінің үстіне көтереді де, допты төменнен екі қолмен қайтарып, бастапқы орнына оралады. Қайтарылған допты 1-ші ойыншылар қағып алып, тапсырманы басынан бастап орындайды. Белгіленген уақыт өткен соң ойыншылар рөлдерімен ауысады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен жоғарыдан және төменнен қабылдау, қайтару техникасы бойынша орындағандары қадағаланады. Допты төменнен қабылдап, қайтару кезінде аяқ жартылай бүгулі, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қайтарған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі және допты жоғарыдан қайтарған кезде аяқ жартылай бүгулі, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі ескертіледі.
3-тапсырма. 1 -ші ойыншылар допты екі қолмен жоғарыдан бір рет өздерінің үстіне лақтырып, жоғарыдан екі қолмен допты беру әдісімен әріптесінің оң және сол жағына 1,5-2м қашықтыққа қайтарады қайтарады, ал 2-ші ойыншылар допты жоғарыдан екі қолмен қабылдап (қағып алмай), бірден бір рет өзінің үстіне көтереді де, допты жоғарыдан екі қолмен қайтарып, бастапқы орнына оралады. Қайтарылған допты 1-ші ойыншылар қағып алып, тапсырманы басынан бастап орындайды. Белгіленген уақыт өткен соң ойыншылар рөлдерімен ауысады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен жоғарыдан және төменнен қабылдау, қайтару техникасы бойынша орындағандары қадағаланады. Допты төменнен қабылдап, қайтару кезінде аяқ жартылай бүгулі, бір аяғын алға, екінші аяғын артқа қояды. Екі қолын төмен түсіреді. Допты қайтарған кезде аяқтарын бүгіп, сәл төмен отырып, екі қолының шынтақтарын бүкпей лақтыру қажет екендігі және допты жоғарыдан қайтарған кезде аяқ жартылай бүгулі, қол жоғары, саусақ арасы ашық және мықты ұсталған қалыпта болуы керек екендігі ескертіді.
Топқа бөлінеді.Білімгерлер шеңбер жасайды.
Командамен жұмыс жасайды.
Сұрақтарға жауап береді;
Ойын ережесіне сәйкес , белгіленген уақыт ішінде, қарсыластар қайтару , қағып алу техникасы бойынша тапсырманы орындайды.
Белгіленген уақыт өткен соң ойыншылар рөлдерімен ауысады. Тапсырма дәл осылай жалғасады. Тапсырманы орындау кезінде ойыншылардың допты екі қолмен жоғарыдан және төменнен қабылдау, қайтару техникасы бойынша орындағандары қадағаланады.