1.Ұйымдастыру кезеңі. -Сабақтың басында өтетін тақырыппен таныстырып, білім алушылармен бірге оқу мақсаты және сабақтың соңында күтілетін нәтиже анықталады.
-Білім алушылар волейболмен айналысу кезіндегі қауіпсіздік ережелері бойынша жалпы талаптармен таныстырылады.
-Білім алушылар сабақтағы бағалау критерийлері және дескрипторлармен танысады.
1-тапсырма. «Доп-серіктесте». Сыныпты екі топқа бөліңіз. Шеңберге 6-10 ойыншыдан тұрғызылады, ал екінші топ шеңбер ортасына тұрғызыңыз. Белгі бойынша ойыншылар допты бір біріне лақтыра бастайды. Ал ортадағы ойыншылар допқа қолдарын тигізуге тырысады. Допты қағып алса немесе қолын тигізсе мұғалім өзіне белгілеп ойынды ары қарай жалғастырады. Допты көп уақыт өзінде иеленген команда жеңіске жетеді.
Сұрақ-жауап.
Жаттығуларды орындау кезінде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өзіңіздің және өзгелердің жасаған жұмысын қалай жақсартуға болады?
Топта жұмыс жасау тиімді болу үшін қандай әрекет жасадыңыз?
Ойын кезінде серіктестік қалай дамиды? Ойын кезінде әділ ойын қағидасын қалай көрсетуге болады?
Ойыншылар бірге жақсы жұмыс жасау үшін қалай көмектесе аласыз? Сыныптастарыңызбен қандай білім, дағдылармен бөлісе аласыз?
Білім алушылар волейболдағы допты екі қолмен төменнен қабылдау және қайтару техникасымен таныстырылады. Осыдан кейін оң жақтан және сол жақтан допты екі қолмен төменнен беру, қабылдау әдістерін үйрену үшін білім алушылар жұптарда келесі тапсырмаларды орындайды: