Инженерлік режимде Калькулятор есептей алады:
1) негізгі және кері алгебралық және тригонометриялық функцияларды, гиперболалық функцияларды;
2) екілік, сегіздік, ондық, он алтылық есептеу жүйелерінде берілген сандармен логикалық әрекеттерді.
Стандартты режимде жұмыс істейтін калькуляторда, сандық және арифметикалық амалдар (* - көбейту, / - бөлу, + - қосу, - - алу, sqrt - квадрат түбір табу, % - пайыз табу, 1/х - кері шаманы есептеу, үтір - бүтін мен бөлік арасындағы белгі, +/- - санның таңбасын өзгерту,
4. Сілтеуіш (Проводник)
Сілтеуіш - программа (қолданба), көмегімен файлдық жүйедегі кезкелген объектіні (бума не файл) және олармен қажетті әрекеттерді орындауға болады. Сілтеуіш көмегімен қолданбаларды жұмысқа қосуға, құжаттарды ашуға, файлдар мен бумалардың көшірмесін алуға не көшіруге, дискеттерді форматтауға, Интернеттегі Wed-беттерді көруге болады және т.б. Сілтеуіш интерфейсы қолданушы үшін түсінікті түрде жасалған.
5. Графикалық редактор Раіnt Графикалық редактор Раіnt растрлық, нүктелерден тұратын, суреттерді кұру (салу), өңдеу және қарастыру үшін қолданылады. Раіntта кұрылған суретті басқа құжаттарға қоюга немесе Жұмыс үстелінің фондық суреті ретінде пайдалануға болады. Раіntта сканермен алынған суретті көруге және өзгертуге болады.
Көптеген бұйрықтарды жылдам шақыру батырмалары көмегімен пернетақта арқылы орындауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |