Сабақтың тақырыбы: Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен элементтері. Сабақтың мақсаты: Білімділік



Дата12.03.2018
өлшемі168,69 Kb.
#38915
түріСабақ
Информатика пәні мұғалімі: Омарова Гулайша Усеновна
Сабақтың тақырыбы:. Windows терезелері. Терезелердің құрылымы мен      элементтері.

Сабақтың мақсаты:  



Білімділік:  Оқушыларға  Windows терезелері және олардың құрылымы мен элементтері туралы жалпы мағлұмат ала отырып білім деңгейі артады.

Дамытушылық:  Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығықтарын оятып, ой-өрісі дамиды.

Тәрбиелік: Өз елін, жерін сүюге, қорғауға тәрбиеленеді.

Сабақтың түрі:  СТО технологиясы

Сабақ әдіс- тәсілі : Жиксо І, тапсырмалар

Сабақтың көрнекілігі. Интерактивті тақта, компьютер

Көрнекілігі: интерактивті тақта

Пәнаралық байланыс: ағылшын тілі, орыс тілі

Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:

Оқушылар білуі тиіс:

-         Windows терезесі ұғымын;

-         Терезелерді көрсету нұсқауларын;

-         Активті терезе ұғымын;

-         Меню қасиеттері мен анықтамасын;

-         Қолданбалармен жұмыс істеу негіздерін;

-         Терезенің негізгі элементтерін;

-         Құрал – саймандар тақтасының арналуын;

-         Активті терезе белгілерін;

-         Команданың активтілігінің белгілерін

  Оқушылар үйренуі тиіс:

-         Терезелерді экранда үш түрде көрсетуді;

-          Активті терезені анықтауды және терезені активтеуді;

-         Терезелердің көлбеу созылған менюін қолдануды;

-         Windows оқулығымен жұмыс жасауды;

-         Маустың көмегімен қолданбаларды іске қосуды;

-         Айналу жолағын қолдануды.

Сабақтың өтілу барысы: 

І. Ұйымдастыру:  а) оқушылармен амандасу, түгендеу;

                              б) назарын сабаққа аудару.

ІІ. Қызығушылығын ояту:

Терезе дегенде ойларына не келеді?

ІІІ.  Мағнаны тану.

 Мақсатты айту.

Жиксо І стратегиясын қолдану.

Мәтін беріледі.

 

І бөлім.


 

Windows операциялық жүйесінің негізгі объектісі терезе болып табылады. Windows операциялық жүйесінің бұлай аталуы тегін емес, оның қазақша аудармасы «терезелер» дегенді білдіреді. Терезе – Windows ортасының негізгі ұғымы.

Терезе дегеніміз – бұл жақтаулармен шектелген экрандағы төртбұрышты аймақ.  Әрбір терезенің оны басқаруға арналған элементтері мен жұмыс аймағы болады. Windows жүйесінде жұмыс істеу барысында бірнеше терезені бір мезгілде ашуға және терезелер арасында таптырмалар тақтасындағы батырмалардың көмегімен ауыса отырып олардың әрқайсысында кезекпен жұмыс істеуге болады.

 Терезе элементтері



Компьютер қапшығының терезесін мысалға ала отырып, біз терезелердің негізгі элементтерін қарастырайық.

 

Шекаралар. Терезелерді төрт жағынан тұрған жақтауларды шекаралар деп атайды. Олардың көбінің  өлшемдерін өзгертуге болады. Терезелердің өлшемдерін өзгерту үшін, тышқан нұсқағышын шекараның біреуіне орналастырып, нұсқағыш қос бағдаршаға айналуын күтеміз, содан соң тышқанды қажетті бағытқа тартамыз (оңға, солға, жоғары, төмен). Мысалы, терезенің енін өзгерту үшін, оның оң немесе сол жақ шекарасын бір жағына қарай тартамыз. Егер терезенің ені мен биіктігін қатар өзгерткіміз келсе, онда оның бұрыштарының  бірін соза тартамыз.



Тақырып жолы. Терезенің ең жоғарғы  шекарасының астында бірден терезенің аты көрсетілген төртбұрыш орналасқан, оны Тақырып жолы деп атайды.

Жүйелік меню белгішесі. Тақырып жолының сол жағында жүйелік меню белгішесі орналасқан. Оны шертсеңдер, терезені басқарудың қарапайым командаларының тізімі ашылады, олардың көмегімен терезені жылжытуға және өлшемін өзгертуге болады.

Жабу батырмасы. Тақырып жолының оң жақ шекарасында  айқасқан сызық (крестик) суреті бар батырма орналасқан. Бұл батырма бойынша шерту құжатты (қапшықты) жабады немесе қолданбаның (бағдарламаның) жұмысын аяқтайды.

Жабу батырмасының сол жағында келесі батырмалар орналасқан: жималау (свернуть), жаймалау(развернуть), қалпына келтіру (восстановить).



Жималау батырмасы. Жималау батырмасында шерту, Тапсырмалар тақтасында тек қана батырмасын қалдырып, терезені Жұмыс орнынан алып тастайды. Бұл жағдайда қолданба ашық қалпында қалып, орындала береді. Тапсырмалар тақтасындағы оған сәйкес батырманы басып немесе Alt+Tab пернелерінің көмегімен терезені қайтадан жаюға болады.

Жаймалау батырмасы. Бұл батырма терезені экран өлшеміне дейін үлкейтеді.

Қалпына келтіру батырмасы. Осы батырма терезені аралық қалыпқа  келтіреді, яғни терезе экранда болады, бірақ оның өлшемі экран өлшемінен кіші болады. Батырма экранға бірнеше терезені бір уақытта орналастыру үшін пайдаланылады.

 

ІІ бөлім.



Меню жолы. Тақырыптың төменгі жағында командалар аты жазылған көлденең (горизанталь) жолақ бар. Бұл – меню жолы, онда берілген қолданбаның негізгі командалары бар.

Меню дегеніміз – берілген терезеде орындауға болатын командалардың тізімі.

Меню жолының командаларының бірін шақыру үшін, тышқанмен оның атын шерту керек, сонда созылған меню пайда болады. Бұл менюден қажетті команданы тышқанмен шертіп таңдаймыз 



Жұмыс аймағы. Бұл объектілер орналасқан терезенің ішкі аймағы. Қапшықтар терезелерінің жұмыс аймағында белгішелер,  қапшықтар, файлдар, таңбашалар орналасады. Колданбалардың терезелерінің жұмыс аймағында мәтіндер, суреттер, кестелер, слайдтар т.б.  жасауға болады.

         Қапшықтың терезесінің жұмыс аймағындағы объектілірді әр түрде көрсетуге болады:

·        Үлкен белгішелер түрінде (крупные значки)

·        Кіші белгішелер түрінде (мелкие значки)

·        Тізім (список)

·        Кесте (таблица)

·        Тақта (плитка) түрінде

Айналдыру жолақтары. Егер терезенің биіктігі мен ені оның мазмұнын толық көрсетуге мүмкіндігі болмаса, Windows мұндай терезеге тік және көлденең айналдыру жолақтарын қосады. Айналдыру жолағының ішінде тіктөртбұрышты сырғытпалар (ползунок) болады.

Терезелерді көрсету нұсқалары

Терезелерді экранда көрсетудің үш тәсілі бар:

-         толық экранды – терезе жайылған және тұтас экран бетін алады (жұмыс үстелі);

-         қалыпты - терезе экранның бір бөлігінде орналасады;

-         белгіше – терезе белгіше түрінде «жинаулы» болады;

Активті терезе

Қай уақытта болсын бір ғана тереземен жұмыс істеуге болады, ол активті деп аталады. Активті терезе әрқашан басқа терезелерден  жоғары орналасады және оның тақырыбы түспен ерекшеленген. Егер экранда активті емес терезенің ең болмаса бір бөлігі көрінсе, оны тышқанмен шерту арқылы активті қалыпқа келтіруге болады.



Қолданбалармен жұмыс істеу.

Кез келген қолданба бөлек терезеде орындалады, ол экранның жартысын немесе экранды толығымен алуы мүмкін. Бір уақытта бірнеше қолданбаларды қатар орындауға болады және пайдаланушы тышқанның көмегімен бір терезеден екінші терезеге оп-оңай ауыса алады.

IV. Сергіту сәті

 V. Сөзжұмбақ шешу.



  

ТЕРЕЗЕ ЭЛЕМЕНТТЕРІ



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ш

е

к

а

р

а

л

а

р

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қ

а

п

ш

ы

қ

қ

а

9

а

у

ы

с

у

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

қ

а

л

ы

п

-

к

ү

й

8

ж

о

л

ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

а

й

н

а

л

д

ы

р

у

7

ж

о

л

а

ғ

ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

б

а

с

қ

а

р

у

6

б

а

т

ы

р

м

а

л

а

р

ы

 

к

о

мм

п

ь

ю

т

е

р

д

е

н

5

і

з

д

е

у

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ж

ұ

м

ы

с

4

а

й

м

а

ғ

ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

т

а

қ

ы

р

ы

п

3

ж

о

л

ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ж

ү

й

е

л

і

к

 

м

е

н

ю

2

б

е

л

г

і

ш

е

с

і

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

м

е

н

ю

1

ж

о

л

ы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

VI тапсырма: Техникалық диктант.



 

1.      

Windows жұмыс істеу кезіндегі экранның бүкіл бетін .........деп атайды.

2.      

Жұмыс үстелінде Windowsтың ................  орналасқан.

3.      

........ – бұл экранның төменгі жағындағы жіңішке сұр жолақ.

4.      

Есептер тақтасында «...........» батырмасы, іске қосылған бағдарламалардың аттары бар батырмалар орналасқан.

5.      

Тышқанның ...... батырмасы бар

6.      

Тышқанның оң жақ батырмасын ............ деп атайды.

7.      

.........   тышқанның сол жақ батырмасы болып табылады

8.      

Бас меню тұратын пунктерді ата

9.      

Тышқанның көмегімен не істеуге болады?

1.     Жұмыс үстелі

2.     Обьектілері және басқару элементтері

3.     Есептер тақтасы

4.     Пуск

5.     Екі

6.     Қосымша

7.     Негізгі

8.     7  ашылатын бағдарламалар тобы мен қосымшалардантұратын тізім, жуық арада ашылған 15 құжат, баптау, іздеу, анықтама, орындау, жұмысты аяқтау

9.     Тасымалдау, созу, қосу,белгілеу,ашу, жабу,

/Қателерді анықтау/

Бір бала компьютерде  қалай жұмыс істегені туралы жазыпты. Сол әңгімені оқып, оның неше қате жібергенін анықтаңдар



«Мен компьютермен жұмыс істегенде міндетті түрде монитор мен сканерді іске қосамын. Тышқанмен әріптерді теріп, сурет салу керек болса сканерді пайдаланамын. Компьютерге дайын мәтінді қолдан енгізбеу үшін джойстикті қолданамын. Ал мәтінді басы палу үшіш терезелерге қағаз саламын. Принтер арқылы әндерді тыңдап, калонкаға құжаттарымды сақтаймын.»

(9 қате)


 

VII. Бағалау.

1.    Windows дегеніміз?

А.  қолданбалы программа

В.  операциялық жүйе

С.  компьютер

2.    Windows-тың негізгі объектісі

А.  терезе

В.  тапсырмалар тақтасы

С.  белгі

3.    Терезелер неше түрге бөлінеді?

А.  2


В.  3

С.  4


4.    Windows терезелері көлемін өзгертуге бола ма?

А.  болмайды

В.  барлық бағытта өзгертуге болады

С.  болады, тек оңға қарай

5.    Терезелерді төрт жағынан қоршап тұрған жақтауларды не деп атайды?

А.  шекаралар

В.  қапшықтар

С.  таңбашалар

6.    Айналдыру жолағының ішінде тікбұрышты   . . .  болады.

А.  тапсырмалар тақтасы

В.  х, жабу батырмасы

С.  сырғытпалар

 

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 3.9 тақырып. Терезелермен жұмыс.Кесте толтырып келу.



      БҮҮ стратегиясы

 


Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

 

 


 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет