Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата31.12.2019
өлшемі167,06 Kb.
#54414
түріСабақ
  1   2
Күні: 6.09.14

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға қазақ әдебиеті, қазақ әдебиетінің қоғамдық мәні, ерекшеліктері, тәрбиелік құдіреті туралы қысқаша түсінік беру, қазақ әдебиеті туралы түсініктерін тереңдету; XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ елінің тарихи-әлеуметтік жағдайының қоғамдық санаға ықпалы туралы оқушыларға түсіндіру.

Дамытушылық: аталған кезең әдебиеті өкілдерінің шығармашылығына жалпы шолу жасау арқылы оқушылардың тілін, ойлау қабілетін, мәтінмен жұмыс дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: әдебиетке, халық мұрасына деген ықылас, құрмет сезімдерін тәрбиелеуге ықпал ету.

Сабақтың түрі: кіріккен сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, суреттер, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру

III. Оқушы білімдерін өзектендіру:

«Ассоциативті қатар» техникасы. Мұғалім тақтаға «Әдебиет», «Қазақ тілі» деген сөздер жазады. Оқушыларға бір тақтада жазылған сөзден пайда болған түсініктерін, ойларын жазуды ұсынады. Бұдан соң мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен жазылған ойларды қорытындылайды. Оқушылар ойын жіктейтін логикалық құрылымды сызба құрастыруға болады.



IV. Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Оқушыларға 9-сыныпта өткен «қазақ әдебиетінің жүйеленуі» туралы сызбаны көрсете отырып, қазақ әдебиетінің тарихи туралы естерінде қалған мәліметті жаңғыртады:
    XIX ғасырдағы сыншыл-реалистік әдебиет




XIX ғасырдың басындағы әдебиет




Ежелгі дәуір әдебиеті


Қазақ хандығы дәуіріндегі әдебиет

Тәуелсіз Қазақстан әдебиеті

Қазан төңкерісінен кейінгі әдебиет



  1. 18ғ. Аяғы мен 19 ғ. Басындағы қазақ хандығы, ұлы жүз қазақтарының көтерілісі, қазақ елінің мемлекеттік тәуелсіздігінен айрылуы, ұлт – азаттық көтерілістер туралы мәлімет.

Мәлімет жоспары арқылы түсіндіру.

  1. Оқулық мәтінін түсініп оқып шығу.

  2. «Дана үкілер» техникасы арқылы мәтінмен жұмыс істеу.

  3. Сөздік жұмысы

V.Жаңа білімді алғашқы тексеру кезеңі:

Жұппен жұмыс. Жұптар кім, не білгендігі туралы ойларымен бөліседі, бір – біріне екі сұрақтан қояды.

VI. Жаңа білімді бекіту кезеңі:


  1. 19ғ. Бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті туралы түсініктерін сызба арқылы көрсету
















18ғ. Аяғы мен




  1. Оқулық тапсырмаларын орындау.

VII. Сабақты қорытындылау кезеңі:

Кесте толтыру арқылы алған түсініктерін баяндайды.



19ғ. Бірінші жартысындағы қазақ әдебиетінің сипаты

Әдебиеттің тарихпен байланысы








VIII.Оқушылардың білімін бағалау

IX. Үйге тапсырма: Сөздік жаттау.

X. Рефлексия кезеңі:

Сабақ туралы ойларымен бөлісу.




Пән атауы: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 «Б»

Күні: 11.09.17

Тақырыбы: Дулат Бабатайұлы

Мақсаты: XIX ғасырдағы тарихи жағдайды түсіндіру,ақындардың

шығармаларын талдауға үйрету,түсіндіру.



Дамытушылығы: Ізденіп оқуға,ойларын жеткізуге

Тәрбиелілігі: Ақындарды құрметтеуге,шығармаларын оқуға.

Әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап

Түрі: Таным сабақ

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Жаңа сабақ

Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі - Дулат Бабатайұлы. 1802 жылы Семей өңірі, Аягөз маңында дүниеге келген. Ауыл молдасынан оқып, хат танып, мұсылманша сауатын ашады.

Дулат- қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тұрмыс қалпын өктем зорлықпен бұзған XIX ғасырдың ақыны. Отарлық озбырлықтың күшейгенін халықтың бұрынғы еркін өмірінің еткенін, адамдардың мінез-құлқы мен психологиясында, сахара салты мен түсінгеніне жат өзгерістер орын алғанын көзімен көріп, жүрегімен сезініп өсті.

Өлеңдері: «Өсиетнама», «Қыс көбейді,жаз аз боп...», «Ақжайлау мен сандықтас», «О,Барақ жас,Барақ жас», «Жапанға біткен жантақты»..., «Еспенбет» дастаны.



III. Дәптер-кітаппен жұмыс

1. Тірек сызбалармен жұмыс жүргізу.

2. Тұлғалардың қанатты ойлары негізінде өзіндік ой-пікірін жазу.

IV. Сабақты қорыту.

1. Ақын өз заманын қалай түсінеді?

2. Заманы ақынды қандай күйге түсірді?

V. Сабақты бекіту

VI. Үйге: Дулат өміріне дерек жинау,өлеңдерін оқып,талдау,кесте жасау.

VII. Бағалау.

Күні: 20.09.14

Пәні: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 сынып

Сабақтың тақырыбы: Дулат Бабатайұлы «Еспембет поэмасы»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың Д.Бабатайұлының шығармашылығы туралы білімдерін толықтыру, өлеңдерінің идеялық мазмұнын түсіндіру, ақын шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орнына тоқталу.

Дамытушылық: оқушылардың тілін, ойлау қабілетін, өлең мәтінімен жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: жыршы ақынға деген ықылас, құрмет сезімдерін тәрбиелеугке ықпал жасау.

Сабақтың түрі: кіріккен сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік, ойын.

Сабақтың көрнекілігі: тірек сызба, суреттер, қосымша материалдар.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін түсіндіру

III. Оқушы білімдерін өзектендіру:

19ғ. Бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті туралы түсініктерін тірек сызба арқылы көрсету.

IV. Жаңа сабақты оқып білу кезеңі:


  1. Оқулық мәтінімен жұмыс.

  2. Сөздік жұмысы.

  3. «Еспембет» поэмасының мазмұнымен танысу.

V.Жаңа білімді алғашқы тексеру кезеңі:

Сұрақтарға жауап беру:



  1. Ақын батырлар жыры үлгісінде қандай шығарма жазған?

  2. Поэманың тақырыбы қандай?

  3. Неліктен ақынды туған елінің тағдыры қатты толғандырды?

  4. Еспембет кмнің тәрбиесінде болған?

  5. Еспембеттің арманы қандай еді?

  6. Еспембет қандай ерлік көрсетеді?

  7. Поэманың түйіні қай жолдарда берілген?

VI. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

Салыстыру:

Д.бабатайұлының «Еспембет» поэмасы мен батырлар жырын салыстыру, Венн диаграммасын толықтыру:




VIII.Оқушылардың білімін бағалау

IX. Үйге тапсырма: үзінді, сөздік жаттау.

X. Рефлексия кезеңі:

Сабақ туралы ойларымен бөлісу.

Пән атауы: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 «Б»

Күні: 27.09.14

Тақырыбы: М.Өтемісұлы өмірі,шығармашылығыМақсаты: Махамбеттің өмірге,қоғамға деген көзқарасы,өмірі туралы түсіндіру.Дамытушылығы: Махамбет шығармаларының ерекшеліктеріне мән беру

Тәрбиелілігі: Елін,жерін сүйіспеншілікке баулу.

Әдісі: Әңгімелеу,сұрақ-жауап

Түрі: Таным сабақ

Барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II.Үй тапсырмасын сұрау.

III.Жаңа сабақ.

Махамбет Өтемісұлының өмірі мен шығармашылығына

қатысты хронологиялық кестені толтыру.

Уақыты

Елеулі оқиғалар

1803ж

1824


1836-1838

1841


1840-1846

1846


Махамбет дүниеге келді.

IV. Махамбеттің ақындық құдіреті.

V. Оқулықпен жұмыс

VI. Сабақты бекіту

VII. Сабақты қорытындылау

VIII. Үйге: Махембет өміріне конспект, “Ел қорғаны мен едім...» ой толғау жазу. IX. Бағалау.

Күні: 11.10.14 сыныбы: 10б

Сабақтың тақырыбы: С.Аронұлы

Сабақтың мақсаты: ақынның өміріне тоқталу, өлеңді негізге ала отырып, оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді қалыптастыру,жаман қасиеттерден жирендіру, оқушыларды жақсы мен жаман қасиеттерді ажырата білуге бағыттау және өлеңді мәнерлеп оқыта отырып, оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.



Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау мәнерлеп оқу, жаңа технологиялардың кейбір элементтері.

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, тақта, үлестірме парақтар, «Жеті ғасыр жырлайды», І том

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырманы тексеріп, қорыту.

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.


  1. ХҮ-ХІХ ғасырлардағы ақын-жазушыларға тоқталу.

  2. С.Аронұлының өмірі мен шығармашылығына шолу.

  3. «»Жақсы мен жаман адамның қасиеттері өлеңін талдау.

  4. 1.Кіріспе сөз. Сүйінбай Аронұлының шығармашылығы туралы

2.Өлеңді мәнерлеп оқу, бірнеше оқушыға оқыту.

«Түртіп алу» стратегиясы бойынша оқушылар өздеріне таныс емес сөздерді қарындашпен белгілеп отырады. Ол сөздердің мағынасы түсіндіріледі.

3.Өлеңнің тақырыбын, идеясын ашу.

- Ақын өлең арқылы нені мақсат еткен?

- «Жаманның көкірегі – көр, көзі-соқыр» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Жаман адамды ақын неге балтаның ұңғысына теңейді?

- Өз таныстарыңның ішінде кімді жақсы деп айтар едіңдер?

4.Оқулықпен жұмыс. Әр оқушы өлеңді оқып, дәптерлеріне жақсы және жаман қасиеттерді теріп жазады.



Топтастыру стратегиясы:

  1. Адам бойындағы жақсы қасиеттер.

  2. Адам бойындағы жаман қасиеттер.

-Осы айтқандарымыз арқылы қандай ортақ ой айтуға бол ады?

5.Тақтамен жұмыс.

- Оқушылар өлеңнің бір шумағын тақтаға жазып, өлең құрылысына талдайды.

- Өлеңдегі көркемдегіш сөздерді табады. (теңеу, аллитерация)



ІҮ. Шығармашылық жұмыс.

  1. Жақсылық туралы мақал-мәтелдер жазу.

Ү.Қорытынды. С.Аронұлы өмірі мен шығармашылығы.

ҮІ. Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау, реферат.

ҮІІ. Бағалау.


Күні: 18.10.14 сыныбы: 10б

Сабақтың тақырыбы: С.Аронұлы айтыс өнерінің алтын діңгегі

Сабақтың мақсаты: ақынның өмірі туралы сұрай отырып, айтыс өнерінің алтын діңгегі екендігін оқушылар бойына сіңіру және оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау, іскерлік қабілеттерін дамыту.

Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау, сұрақ-жауап, талдау мәнерлеп оқу, жаңа технологиялардың кейбір элементтері.

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың көрнекілігі:оқулық, тақта, үлестірме парақтар, «Жеті ғасыр жырлайды», І том

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру:

1. Оқушылармен амандасу.



2. Оқушы зейінін өлең жолдарымен сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Үйге берілген тапсырманы тексеріп, қорыту.

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет