Сабақтың тақырыбы: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ әдебиеті Сабақтың мақсаты



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі167,06 Kb.
#54414
түріСабақ
1   2
Сүйінбайдың ақындық дарының алтын бесігі халқының ежелден қалыптасқан өнерпаздық дәстүрі. Әсіресе, ел ішінің сөз өнерін әспеттеген ұлы дәстүріне жастайынан ерте ұштап, төңірегіне ерте танылады. Ел аузында айтылатын:

«Екейде елу бақсы, сексен ақын,

Жаратып мінеді екен ерттеп атын.

Қобызға домбырасы үнін қосып,

Гулейді жын қаққандай кешке жақын»

деген өлең сол ортаның ән күй мен өлең жырды айрықша дәтүр еткенін аңғартса, одан тағылым алып өскен Сүйінбайдың:

«Атыңнан айналайын Қызыр бабам,

Түсімде таңға жуық келді маған.

Білмеймін «өлең» деді, «көген» деді,

Сайрауық құстар келіп төнді маған» деуі, оның ақындық дарынының ерте оянғанын аңғартады. Сүйінбайдың даңқын елге жайған, ауыздан ауызға тараған шығармаларының бір шоғыры өз кезіндегі хан қара, би төре, бай манаптарға, көз көрген замандастарына қарата айтылған өлеңдері. Бұл өлеңдері, ол бір жағынан елдің мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын, табанды да турашыл азаматтың тұлғасын танытып отырса, екінші жағынан айтар ойын ұрымтал образ, ұтқыр ой арқылы жеткізуге шебер ақынның тегеурінді қарымын танытады. Сүйінбайдың, әсіресе, айтысқа түскенде қынынан суырылған қылыштай жарқылдап, өзінің туа біткен ақындық дарынмен қауышқандай әсерге бөлеп отырады. Оның Майлықожамен, Тезек төремен, Қатағанмен, Арыстанбекпен айтыстары нағыз шашасына шаң жуытпайтын жүйріктің айғағы. Сүйінбай поэзиясы арқылы қазақтың айтыс өнерінің өрісі анағұрлым ұзарып, биіктеді, тақырып аясы кеңейіп, әлеуметтене түсті. Сүйінбайдың Тезек төремен кездесуі — кейінірек, ақынның ер жетіп, елге танылған шағы. Қалың бұқараға сүйенген ақын тайсалмай сөйлеп, Тезек төрені де жалайырдағы Солтанға ұқсатып ел алдында әшкерелеп, бас көтертпей жалынды сөзінің күшімен бөгеп отырады. Тіпті көрші қырғыз халқының қанды балақ, орақ ауыз Орман хан тұқымдарының орынсыз істерін де батыл сынайды. Ол шындық үшгін күресіп, хан-төре тұқымының қылмыстарын бетіне басадй. Әр түрлі дауға түсіп, әділ қазыдай әмірлі билік айтады.

Ү.Қорытынды.

1.Сүйінбай мен айтысатын қатаған кім?

2.Қатаған неден қателесті?

3.Сүйінбай оны қалай жеңді?



ҮІ. Үйге тапсырма: реферат, сөздік жаттау

ҮІІ. Бағалау.

Пән атауы: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 «Б»

Күні: 25.10.14

Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты: Ақынның әдебиетте алатын орны,шығармаларының негізгі

тақырыптары, көркемдік ерекшеліктерін оқыту,түсіндіру.

Дамытушылығы: «Зар заман ақындары» тіркесінің мағынасын түсіндіру,

білім дағдысын бекіту.

Тәрбиелілігі: Имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу

Әдісі: Сұрақ-жауап,талдау.

Көрнекілігі: «Бес ғасыр жырлайды».

Барысы:



  1. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын сұрау

  1. Жаңа сабақ.

XIX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүріп, патшалы Ресейдің ел билеу жүйесін қатты сынағын реалист ақынның бірі-Шортанбай Қанайұлы.

Шортанбай ақын қазақ қоғамында болып жатқан өзгерістерге қарады. Адамдардың оғаш мінездерін мінеп-сынайды. «Әке сыйламаған ұлдан,шеше сыйламаған қыздан без, бірге туған бауырымен жауласқан туыстан без» деп өсиет айтады. Шортанбай өз дәуіріндекөп шындықтың бетін ашты, ауыр тұрмысты көре білді.

IV. Хрестоматиядан үзінділерді мәнерлеп оқу.

V. Сұрақ – жауап арқылы қорытындылау.

VI. Үйге:Сөздік жаттау.

VII.Бағалау.



Пән атауы: Қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 «Б»

Күні: 1.11.14

Тақырыбы:Майлықожа өмірі мен шығармашылығы

Мақсаты: білімділік – окушаларға XIX ғасырдың I жартысындағы адамгершілік

туын көтерген ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлының өмірі, шығармашылығының маңызы жайлы түсінік беру, көркемдік ерекшелігін талдай білуге үйрету; тәрбиелік -адамгершілік, еңбек, кәсіп жайлы ой талғам жасай білу, өз бойларына асыл қасиеттерді сіңіре білуге баулу; дамытушылық -сұрақ, тапсырма ізденістерге негізделген жұмыс түрлерін өз бетімен, жаңа технологиялық үрдістерге сай орындай білуге дағдылану;өз пікірін сенімді әрі дәледі, тұжырымды жеткізе білуге дағдылану.



Сабақ түрі: жаңа білім беру, топтық жұмыс, жарыс сабақ.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ жауап, зерттеу

Көрнекілік:интерактивті тақта, сызбалар, бүктемелер, оқушылар

шығармашылығы.



Пәнаралық

байланыс: тарих, музыка

Сабақ

жоспары: I.Ұйымдастыру кезеңі

II. «Қызығушылықты ояту» кезеңі. Өткен сабақты еске түсіру. Үй тапсырмасы.

III. «Мағынаны тану». Жаңа сабақ.

Мұғалім түсіндірмесі. Майлықожа Сұлтанқожаұлының Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында 1835 жылы дүниеге келген. Мұсылманша сауатты болған, жетімдік тақсіретін ерте тартқан, өлең айтып, елге ерте танылған жігерлі жас. Шығыс әдебиетінен ( Фирдоуси, Низами, Науаи) үлгі алған.1883 жылы баспадан «Райымқұлға», «Қасқыр», «Ноғай мырзаға», «Үш жігіт» толғаулары шықты. Толғауының тақырыбы: адамгершілік, еңбек, кәсіп,табиғат, әділдік. 1898 жылы қайтыс болды.Жаңашыл. Поэзияны жаңа сатыға көтереді. Айтыскер. Өлең құрылысында ассонанс, эпитет, теңеулер кездеседі.

IV. «Өзіңді- өзің сынап көр». Шығармашылық жұмыс.

V. Тапсырмаларды орындау.

Р\с

Майлықожа өлеңдері

Өлеңдерінің мазмұны, тақырыбы

1.

«Ұрлықтықтың түбі- қорлық- ты»

Өтірік айтпайға, адал болуға шақырады.

2.

... ... ...

Ұлың-ырысың, қызың- өрісің деген түйін жасайды.

3.

... «Жастарды тәрбие қып сыйлау керек»

... ... ...

4.

... ... ...

Ананың мейірімін, ұлылығын паш етеді.

5.

«Талапты туған ер жігіт

Әр жұмысқа бекінер...»



... ... ...

6.

... ... ...

Оқығаны да, өмірден тоқығаны да мол, ел үшін еңбектенетін ізгі жандарды дәріптейді.

Тапсырма

Жоғарыда берілген тапсырманы орындардың алдында Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармаларымен толық танысыңдар.

Кестеде ақын өлеңдерінің бірде тақырыбы көрсетілсе, енді бірде тек өлең идеясы ғана берілген. Өлеңдерді талдай отырып, кестені толтырыңдар.

VI. Оқулықпен жұмыс, мәнерлеп оқу

VII. Сабақты қортындылау.

Оқушылардың сабақтан алған әсері жайлы пікірлерін тыңдау.



VIII. Үйге тапсырма. Өмірі мен шығармашылығы жайлы оқып зертеу, бір өлеңін жаттау, эпитеттерді теріп жазып келу.

IX. Бағалау.

Пән атауы: қазақ әдебиеті

Сыныбы: 10 «Б»

Күні: 1.11.14

Тақырыбы: Қашаған Күржіманұлы

Мақсаты: Автор туып өскен орта, өмірге, қоғамға, әдебиетке деген

көзқарасы туралы түсіндіру.

Дамытушылдығы: Бүгінгі әдебиеттегі орны, қолданылу аясын толықтыру.

Әдісі: Эвристикалық әдіс

Түрі: талдау, таным сабағы

Барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі

II. Үй тапсырмасын сұрау

А) Абыл Тілеуұлы қашан, қандай ортада туып өскен?

Ә) Қандай еңбектері бар, талда.

Б) Майлықожа кім? Жыршылық, жыраулық жолға қалай, қашан

келді? Еңбектерін талда.

Г) «Аңғарып көрсем байымдап» өлеңін сұрау .

III. Жаңа сабақ

Қашаған 1841 жылы Түркіменстан Ташауыз кентінде дүниеге

келген.Алғаш рет 1935 жылы Әдебиет майданы газетін жариялап

«Адай тегі», «Атамекен», «Топан», «Алшын» , «Оразалыға»,

«Байларға» т.б

IV. Қашаған Кіржіманұлы өлеңдеріне талдау жасандар

Үлгі

Өлең атауы

Мақсаты

«Есқали сұпыға айтқаны» деген өлеңі

Қолында билігі бардың іс- әрекеті, оның жағымсыз қылықтарын әшкерлеу

V. «Бұл дүниеде не жетім?»

«Бұл дүниеде не жетім?»

Кім қажетсіз болса, сол жетім.

Хакімі әділ болмаса,

Бұқара, байтақ ел жетім

Осы өлеңді соңына дейін оқыңдар.

-Ақынның не себепті мал,жер,көл,кемпір мен

шал,би,үй,ел,сәби,жетімдерге назар аударатынын түсіндіріңдер.

VI. Оқулықпен жұмыс

VII. Сұрақ жауап арқылы қорыту



VIII. Үйге: қосымша дерек жинау, бір өлеңін жаттау

А IX. Бағалау
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет