Сабақтың тақырыбы: XVII-XVIII ғғ. Иран Сабақтың мақсаттары



Дата24.05.2017
өлшемі98,72 Kb.
#16963
түріСабақ
8-сынып.Дүние жүзі тарихы.

Сабақтың тақырыбы: XVII-XVIII ғғ. Иран

Сабақтың мақсаттары:

1.XVII-XVIII ғ. Ирнадағы Сефевиттер әулеті билеген кездегі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндай отырып, халқытң феодалдық езгіге ұшырап, монархиялық тәртіптің орнағандығы туралы баяндау.

2.Оқушылардың тіл байлығын, ой- өрісін дамыту.

3.Оқушыларды адамгершілікке, өз Отанына деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру.


Сабақтың түрі: аралас

Көрнекілігі: Дүниежүзі картасы XVII-XVIIIғғ, сызба кесте, тест жұмысы, семантикалық карта, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

I.Ұйым.кезеңі

II.Үй тапсырмасын тексеруге арналған сұрақтар

«Білімге жорық» ойыны

1.Қытай мемлекетінің ең жоғарғы билеушісі қалай аталады? Император

2.Қытай мемлекетінде ең төменгі сатыда кімдер тұрды? Кембағалдар

3.жоңғар хандығындағы ең үлкен әкімшілік бірлік қалай аталады? Ұлыс

4.Жоңғар билеушісінің лауазымы? Қоңтайшы

5.Қай мемлекет Жоңғар хандығын түпкілікті күйретті? Цин империясы.

6.Жоңғар хандығының ең соңғы ханы? Әмірсана

7.Жапондықтардың көпшілігі ұстанған діні? Синтоизм

8.Жапонияда топтардың ең жоғарғысында кімдер тұрды? Самурайлар

9.Самурай деген кімдер? Жапониядағы әскери дворяндар

10.Орта ғасырларда әскерлерді кімдер деп атады? Рыцарьлар

11.Жапония мемлекетінде «тірі құдайға» кімді теңеді? Император

12. «Цин» сөзінің мағынасы қандай? Таза

13. «Шэншилер» дегеніміз кімдер? Ғылыми дәрежесі бар оқымыстылар

14.Жоңғар хандығында қарапайым шаруаларды кім деп атады? Араттар

15.Жапонияда ең бай феодалдарды кім деп атады? Дайме

16.Жапония мемлекетінің әлеуметтік құрылысы қандай жүйемен сипатталды? Си-но-ко-се, си-Самурайлар, но- шаруалар, ко-қолөнершілер, се- саудагерлер

17.Жапония мемлекетінің астанасы: Эдо- қазіргі Токио


III.Жаңа сабақ

Сабақтың жоспары:

1.XVII ғ. Ирандағы Сефевид мемлекеті.

2.Нәдір шах тұсындағы иранның ішкі және сыртқы жағдайы

3.Иранда Қаджар әулетінің билікке келуі.



Тірек конспект

XVII ғасырда Иран Сефевидтер әулиеті биленген фелдалдық аграрлық ел болады.

XVI-XVII ғасырларда жаулап алынған Закавказье ,Кавказдың бірі бөлігі ,Мерв қаласына дейінгі Орта Азияның бір бөлігі,Ауғанстанның Герат ,Фаррах және Қандағарды қосқандағы батс жағы және бүкіл Белуджистан түгел кірді.

Иранның негізгі кәсібі мал шаруашылығы, егіншілік пен колөнер болады.

Сефевидтер Әзірбайжаннаң шыққандар еді

Егіншіліккте, негізінен, бидай, арпа, күріш, техникалық дақылдырдан – мақта, темекі, зығыр және т.б. өсірілді. Жеміс - жидек, жүзім шаруашылығы жақсы дамыды. Жібек өндіру кең етек алды. Иранда жер көбінесе қолдан суарылатын.

Мал шарушылығында қой мен ешкі өсірілді. Онымен көшпелі және жартылай көшпелі күрд, лур, белудж, түрікмен, кашкай және т.б. тайпалар айналысты.

Иранда қолөнер өте жақсы дамыған еді. Әсіресе кілем тоқу мен мата жасау өндірісі өркендеді.

Парсы кілемі мен иран жібегі дүние жүзіне даңқы шыққан бұйымдар болатын. Сондай – ақ Иранда фарфор, ваянс, қыштан жасалған бұйымдар, зергерлік өнер де қанат жайды. Ішкі және сыртқы сауда байланыстыры өркендеді.

XVII ғасырда Иранда феодалдық қатынастар дамып, жерге, суға феодалдық меншік орнады.

Мемлекеттік меншіктегі жер «дивани» деп аталатын. Оған елдегі жердін басым мөлшері кірді.

Отбасының меншігіндегі жер «хассэ» деп аталады.

Сондай-ақ ірі феодалдардың қолында уақитша қызметті үшін берілген жерлер «джагир» делінді.

Діни орындар мен діни адамдарға меншікке берілетін «уакф», «мульк», «арбаби» деп аталатын көлемі үнемі өсіп отыратын ірі жер иеліктері болды.

Егіншілікпен айналасатын отырықшы шаруаларды райяттар деп атады.

Мал шаруашалығымен айналысатын иляттар да сан жағынан аз болған жоқ.

Ирандағы орталықталған феодалдық монархияның ең жоғарғы билеушісі шах еді.

Шах тағайындаған ұлы уәзір үкімет ісін жүргізді.

Сефевидтік Иран I Аббас (1587-1629)

Иран астанасы Исфахан



Хосейн ( 1694-1722 )

1722 жылы Мир Махмұд басқарған әскер Иранға шабуыл жасады.

1729 жылы Нәдір ауғандарды иран жерінен түгел қуып шығады.

1730-1735 жылдары Нәдір басқаруындағы Иран әскерлері түріктерге қарсы күрес бастап, оларды басып алған жерінен кетуге мәжбүр етеді.

Нәдір 1736 жылдың басында феодал ақсүйектер мен дінбасыларының құрылтайын шақыртты. Сөйтіп, өзін Иранның шахы деп жариялатады.

1736-1739 жылдарды Нәдір шах Үндістанға жорық жасап, Делиді тонады.

1747 жылы Нәдір шахты Хорасанда бүлікшілер өлтірді. Нәдір шах өлген соң оның құрған державасы ыдырай бастады.

1796 жылы. Ираншахы болып Аға Мүхамед хан тағайындалды. Ирандағы Каджар әулетінің астанасы Тегеран қаласы болды. Иран жеріәкімшілік жағынан вилаеттер (облыс) мен эялеттерге (провинция) бөлінді

XVIII ғасырдың соңындағы Иранның жағдайы осындай еді.

IV. Жаңа сабақты пысықтау

Ирандағы каджар әулеті

Астанасы:

Әкімшілігі:

Биліктері:




Мал шаруашылығы

Егіншілік

Қолөнер















Сәкестендіру







тесті

1

Джагир

1

Мемлекеттік меншік

2

Дивани

2

Мемлекеттің ең жоғарғы билеушісі

3

Шах

3

Ірі феодалдарға уақытша берілетін жер

4

Хассэ

4

Егін шаруашылығымен айналысатыңдар

5

Уакф, мульк, арбаби

5

Мал шаруашылығымен айналысатыңдар

6

Райяттар

6

Отбасының меншігіндегі жер

7

Иляттар

7

Діни адамдарға меншікке берілетін жер

Жауаптары:



1



2




3




4




5




6




7






V.Бекіту

Семанитикалық карта



Мемлекеттер

Билеушілері

Мемлекет астанасы

Діндер

Шаруашылығы




шах

император

хан

Тегеран

Токио

Сиань

Ислам

буддизм

Синтоизм

Қолөнер

Мал ша р-ғы

Егін ш-ғы

Қытай





































Иран





































Жоңғар хандығы





































Жапони






































«Менің білім деңгейім»

Тест жұмыстары: толықтыру тест, балама тест

1.Толықтыру тест.

1.XVII ғ. Иран....................................... феодалдық аграрлық ел болды.

2.Иранның негізгі кәсібі................................. болды.

3................... жылы Нәдір ауғандарды Иран жерінен түгел қуып шықты.

4.Егіншілікпен айналысатын отырықшы шаруаларды .............................. деп атады.

5........................ жылы Мир Махмұд басқарған әскер ..................... шабуыл жасады.

6. 1796 жылы Иран шахы болып ............................ тағайындалды.
Жауабы:

1.Сефевидтер әулеті билеген

2.Мал шаруашылығы, егіншілік пен қолөнер

3.1729ж


4.раяттар

5. 1722ж, Иранға

6. Аға мұхаммед хан

2.Балама тест

1.Нәдір өзін 1736 жылы «Иранның шахы» деп жариялатады.

2.Жапония мемлекетінде императорды «тірі құдайға» теңеді.

3.Жоңғария мемлекетінің билеушісінің лауазымы «хан» болды.

4.Иранда қолөнер жақсы дамыды.

5.Отбасының меншігіндегі жерді «хассэ» деп атады.

6.1757 жылы Нәдір шах қайтыс болды.

Жауабы:1 – иә, 2 – иә, 3 – жоқ, 4 – иә, 5 – иә, 6 – жоқ.



3. сөзжұмбақ

Көлденен – ТЕГЕРАН сөзі

1.Егіншілікпен айналысатын отырықшы шаруаларды кім деп атады?

2.Жапонияда ең бай феодалдарды кім деп атады?

3.Иран мемлекетінің негізгі шаруашылығы?

4.Иран мемлекетіндегі көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан тайпалар?

5.XVIII ғ.соңында иран мемлекетін билеген әулет?

6.Иран мемлекетінің билеушісі?

7.Мемлекеттік меншіктегі жер?



Нені білдім?

Білмемін

Білгім келеді










VI. Қорытынды. Бағалау.

VII. Үй тапсырмасы: §11

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет