1 - ұяшық үшбұрыш – оның үш бұрышы, үш төбесі, үш қабырғасы бар.
Тапсырмасы: № 1
69 – беттегі тапсырманы түсіндіре отырып, есептің шартын құру, шешуін табу, жауабын жазу.
Шарты:
Әр қорапта – 10 ойыншық
5 қорап –
Ойыншық – 25
Шешуі: 10*5+25=75
Жауабы: 75 ойыншық.
Сұрақ: Есеп неше амалмен шықты? Неліктен?
-
- ұяшық төртбұрыш – оның төрт бұрышы, төрт төбесі, төрт қабырғасы бар.
Тапсырмасы: 69 – беттегі № 2 тапсырма.
Кестені пайдаланып есептер құрастыру және оларды шығару.
Бағасы
|
Саны
|
Құны
|
5 теңге
|
7
|
?
|
5 теңге
|
?
|
35 теңге
|
?
|
7
|
35 теңге
|
І – топ
ІІ – топ
ІІІ – топ
Сұрақ: Бұлар өзара кері есептер болп табыла ма? Неліктен?
Тапсырманы дұрыс орындаған оқушылар Жұлдызшаны, төртбұрышты, үшбұрышты алып отырады.
3 –ұяшық дөңгелек – оның бұрышы да,төбесі де жоқ дөңгелек.
Тапсырмасы: Көбейтіндінің және бөліндінің мәндерін ауызша есептеу.
Сұрақ: Қай теңдіктер 5 – ке көбейту кестесінде келтірілген? 5*6
5*7
4 – ұяшық шаршы – оның барлық қабырғалары тең.
Тапсырмасы:Сергіту сәті.
Танымдық тапсырма: «Есіңде сақта!» Көз зердесін дамытуға арналған жаттығу.


Фигураларды 3 секунд қарап, кайта сызып шығу
5 – ұяшық нүкте – түзу сызу үшін нүкте қоямыз.
Тапсырмасы: Математикалық диктант.
1 – топ: 5 см – ді 5 есе арттыр. 5 см * 5
6 см – ді 5 есе арттыр. 6 см * 5
2 – топ: 250 см – ді 5 есе кеміт. 250 см : 5
300 см – ді 5 есе кеміт. 300 см : 5
3 – топ: 8 см – ді 5 есе арттыр. 8 см * 5
9 см – ді 5 есе арттыр. 9 см * 5
6 – ұяшық кесінді – екі шеті шектеулі түзу сызық.
Тапсырмасы: 1- топ: 5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50 сандарының . . әрқайсысын 5 – ке кеміту.
2 - топ: 5, 10, 15, 20, 25, 30, 35, 40, 45, 50 сандарының
әрқайсысын 5 есе кеміту.
3 –топ: Санды 5 – ке белгенде қандай қалдықтар қалуы
мүмкін? Мысал келтір.
Тапсырманы дұрыс орындаған оқушы өздеріне лайықты белгіні алады.
7 – ұяшық сәуле – бір шеті шектеулі түзу сызық.
Тапсырмасы: теңдеулерді шешу.
1 – топ: 45 : 9 = 5
2 – топ: 4 * х = 16
3 – топ: х * 3 = 9
8 – ұяшық түзу – екі шеті шектеусіз түзу сызық.
Тапсырмасы: логикалық тапсырма.
«Шаян» төмен қарай қозғалып барады, 3 таяқшаның орнын ауыстырып, оны жоғары қарай қозғалт.
9 – ұяшық - қисық сызық.
Тапсырмасы: «Кім жылдам?» - қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру.
1 – топ.
-
Ауданды қалай табамыз?
-
Екі адам 4 сағат жол жүрді.Олардың әрқайсысы қанша сағат жол
жүрді.
-
Бір сағатта неше минут бар?
-
Барлық қабырғалары тең фигура.
-
Оқу жылының алғашқы айы.
-
Қосуға кері амалды ата.
-
Бір аптада неше күн бар?
-
Қосудың нәтижесі.
-
Ережені аяқта.Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен.........................
-
Тоғыз ондық.
2 – топ.
-
Периметрді қалай табамыз?
-
Бір жұмыртқа пісіру үшін 5 минут қажет.4 жұмыртқа пісіру үшін
неше минут қажет?
-
1 минутта неше секунд бар?
-
Қарама – қарсы қабырғалары өзара тең фигура.
-
Оқу жылының соңғы айы.
-
Азайтуға кері амалды ата.
-
Бір жылда неше ай бар№
-
Көбейтудің нәтижесі.
-
Ережені аяқта.Көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен.........................
-
8 ондық.
3 – топ.
-
Тауық 1 аяғымен тұрғанда 3 кг, ал екі аяғымен тұрғанда неше кг?
-
Азайтудың нәтижесі қалай аталады?
-
1 тәулікте неше сағат бар?
-
Үш бұрышы бар геометриялық фигура.
-
Жазғы үш ай демалысты ата.
-
Бөлуге кері амалды ата.
-
Жыл мезгілдері нешеге бөлінеді?
-
Бөлудің нәтижесі.
-
Санды нөлге көбейткенде не шығады?
-
6 ондық.
10 – ұяшық – көпбұрыш. Оның қабырғалары, бұрыштары, төбелері көп.
Тапсырмасы: Сөз туым. (анаграмма)
Қайта құрастыру. Яғни, бір сөздің әріптерінің орындарын . . алмастыру арқылы жаңа сөз жасау.
1 – топ – шырша – шаршы.
2 – топ – алма – амал.
3 – топ – сырға – ғасыр.
V. Қорытынды.
-
Біз бүгін не үйрендік?
-
5 – ке көбейту және бөлуді үйрендік.
-
Балалар, халық арасында 5 санына байланысты «5 саусақ бірдей емес» деген мәтел бар.Шындығында бірдей емес.
-
Осының мәнісін білгілерің келе ме?
Аңыз әңгіме.
-
Бірде бас бармақ: «ана жүрген нарды сойып алайық», - дейді. Сұқ саусақ пен шылдыр шүмек: «Сойсақ сояйық», - деп жауап береді.
-
Ал Ортан терек құптамайды. Балалы үйрек: «Сояйық, етіне бір тояйық», - деп шіңкілдеп қоймапты. Бұны естіген Алла бас бармақты жартылай кесіп тастапты, сұқ саусақ пен шылдыр шүмекті аздап кеседі. Ал Ортан терекке тиіспепті. Балалы үйректі шорт кесіп тастапты.
-
Міне, сондықтан бес саусақ бірдей емес екен.
-
Балалар, біз бұл аңыздан не байқадық?
-
Біреудің затына рұқсатсыз тимеу керек, ұрлық жасамау керек. Әрдайым адал, шыншыл болған жөн.
-
Ал балалар, бүгінгі сабақта алған жұлдызша, төртбұрыштар мен үшбұрыштарыңды санаңдар.
Оқушылардың алған фигураларына қарай бағалап, оларға математика патшалығының кілтін тапсыру.
VІ. Үйге тапсырма: № 4 (4 - шісі), № 7 69 – бет (4 - шісі).
Сабақтың тақырыбы: Г дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: Г дыбысы мен әріпімен таныстыру.
А) Өткен әріптерді саяхат жасау арқылы пысықтау.
ә) Сондай – ақ сауатты сөйлеп, әдемі жаза білуге тәрбиелеу.
Б) Жеті атамызбен таныса отырып, сауат ашудан алған білімдерін қайталау.
Г әріпімен танысу. Дыбыстық талдау жасату. Қол жаттықтыру. Өткен әріптерге саяхат жасау арқылы пысықтау. Ойын барысында, тапқырлыққа, мейірімділікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Ауыл сызбасы, парақшалар, қоржын, жұмбақ, сандық, әріптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Мұғалімнің сөзі: Бүгін біз «жеті ата» ауылына саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығу үшін өзімізге көлік сайлап алайық. Бұрын ата бабаларымыз техника дамымаған, машина болмаған көлік ретінде нені пайдаланған?
-
Атты, түйені өгізді.
-
Сендер соның қайсысын қалайсыңдар?
-
Атты.
Жарайды, атты арбаға жегіп жолға дайындайық. Ол үшін өткен сабаққа тоқталайық. Өткен сабақта қай әріппен таныстық?
Ж әрпінен басталатын сөздерді қай қатар көп айтады екен. Мысалы: жүзім, жолбарыс, жіп, жұмыртқа, жапалақ, жұлдыз, т.б.
Сонымен балалар, Ж дыбысы қандай дыбыс екен?
-
Дауыссыз.
-
Неге?
-
Өйткені кедергімен айтылады. Сөздің басында ортасында келеді. Сұрақтарға жауап беріп, атамыздың да ауылына келіп қалыппыз. «Ата» ауылының адамдары біздің білімдерімізді тексермекші екен, мынандай тапсырма әзірлепті.
-
Сауат ашудан нені үйрендіңдер? Әріп дыбыс дегеніміз не? Дыбыс нешеге бөлінеді? Қандай болып бөлінеді?
-
Дұрыс. «Ата» ауылының сұрақтарынан дұрыс өттіңдер. Әрі қарай «Әке» ауылына саяхатқа шығамыз.
2. «Әке» ауылының адамдары бүгінгі жаңа сабағымызды тыңдамақшы екен. Балалар мынау Г әрпі мен дыбысы.
«Гүл» дегенде бірінші қандай дыбыс естіп тұрсыңдар. Г дыбысы. Г дыбысы дауыссыз дыбыс. Көк түсті текшемен белгілейміз. Балаларға көк түсті, қызыл түсті текше таратып жұмыс жасау. Сауат ашу - Әліппе дәптермен жұмыс.
Г әріпінен басталатын сөздерге мысал келтіреміз газет, гитара, глобус, галстук, гүл, градусник, глюкоза, гипс, гүлсалғыш.

Достарыңызбен бөлісу: |