Білімділігі:Оқушыларды З.Шүкіровтың «Ақшақар» өлеңімен таныстыру. Өлеңдегі негізгі ойды ашуға, өлең мазмұнына өз көзқарасын білдіруге төселдіру.
Дамытушылығы: Өлеңді мәнерлеп, түсініп дұрыс оқуға және нақышына сай ырғақпен оқуға машықтандыру. Сөздік қорын байыту, тілін, білімін, сөйлеу мәдениетін және ой-өрісін дамыта түсу.
Тәрбиелілігі:Әсемдікті сезіне білуге баулу арқылы табиғатқа қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: ақын портреті, қар суреттері, слайдтар, қанатты сөздер, оқушы шығармашылығы(суреттер), оқулық
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, ой қозғау(сұрақ-жауап),
Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
1927 жылы 16 ақпанда Қызылорда облысы, Арал ауданында туған. Бастауыш білім алған соң қатты ауырады. Айлар, тіпті жылдар бойы төсектен тұрмай өз өмірін ауруханада өткізуге мәжбүр болады. Бірақ ауруға мойынсынбайды. Өмір жолы(1927–1970).
«Менің достарым», «Теңіз әндері» (1960), «Арал дәптері» (1962), «Жүрекке әмір жүрмейді» (1963), «Алау» (1966) өлеңдер жинағын жазып, басып шығарған.
Зейнолла ақын өлеңдермен қатар әңгімелер де жазған екен. Ол әңгімелерінің арасында балаларға арналғандары да кездеседі.