11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 15 мин (33,5%)
1. Тақырып бойынша сұрақтарға жауап беру, талқылау
2. Тақырып бойынша макро және микро препараттармен жұмыс істеу
Макропрепарат:
3. Микро – препараттардың суретін сурет дәптерге салып, талқылау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 5 мин (10,5%)
Оқушының жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін ауызша сұрау арқылы бағалау.
Сұрақтар.
Бейімделу дегеніміз не? Анықтамасын беріңіз.
Бейімделу және адаптация кезеңдерін, олардың морфологиялық сипаттамасын атау?
Бейімделу үдерістерінің іртүрлі түрлеріне анықтама беріңіз?
Олардың даму механизмдерін түсіндіріңіз?
Бейімделу үдерісінің түрлерін ультрқұрылымдық сипаттамасын, макро және микроскопиялық негізде ажырату?
Бейімделу үдерісінің функционалдық маңызын түсіндіріңіз?
13. Сабақты қорытындылау: 1 мин (2%)
Әр оқушы тапсырманы орындау барысындағы теориялық сұрақтарға берген жауаптарына, орындаған тапсырмалардың нәтижесіне, белсенділігіне сәйкес бағаланады.
14. Үйге тапсырма беру: 1 мин (2%)
Оқушыларды келесі тақырыпқа өз бетінше дайындалуға ынталандыру, бағыт – бағдар беру. Қолданылатын әдебиеттер мен таныстыру.
№ 7
1. Сабақтың тақырыбы: Зақымдануларға ағзаның жалпы реакциясы : Зақымдану және компенсаторлық-бейімделу әрекеттерінің байланысы.
2. Сағат саны: 45 мин.
3.Сабақ түрі: Тәжірибелік.
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: Тақырыпты білу жалпы патология курсының жалпы бөлімінің басқа тақырыптарын меңгеру үшін, сондай-ақ, оның жеке бөлімінің ауруларын меңгеру қажет. Клиникалық пәндерді оқып-үйренгенде және күнделікті тәжірибелік жұмыста минералды, аралас дистрофияларды және қан айналым бұзылыстарын білу клиникалық-анатомиялық талдау жасау үшін қажет.
олардың сыртқы көрінісі (халат пен колпак) талапқа сай болуы тиіс
дамыту: Оқушылардың жан – жақты ойлану қабілетінің ой - өрісін дамыту,
сабақта алған білімін клиникалық жағдайлармен ұштастыра білуді үйрету.
Инновациялық технологияларды қолдана білуді үйрету.
Достарыңызбен бөлісу: |