Қабынудың жіктелуі
Клиникалық ағымы бойынша қабынуды жедел және созылмалы деп бөлу қабылданған.Олар экссудативті (экссудация үрдісінің басымдылығымен) немесе пролиферативті (жасушалардың көбеюінің басымдылығымен)қабыну түрінде өтуі мүмкін.
Экссудативті қабыну
Экссудативті қабынуда қабынудың үш компонентінің ішінде экссудаця үрдісі басым болады.Тіндердің арасында,ағзалардың қуыстарында экссудат (жалқық ) жиналады.Экссудаттың құрамы ауру тудырушы микроптардың түріне ,ферменттік қасиеттеріне,бөліп шығаратын токсиндеріне,организмнің реактивтігіне қан тамырларының өткәізгіштік мүмкіндігіне байланысты. Кейінгі кездері іріңді қабынудың негізгі қоздырушылыларыв болып стрептококтар, стафилококтар, Гр-таяақшалар (көк ірің таяқшасы, протей, ішек таяқшалары) есептелді.
Аурудың барысында экссудаттың бір түрі екінші түрімен алмасуы мүмкін.
Экссудативті қабынудың: сарысулы фибринді, іріңді, шіріктік, геморрагиялық, катаралдық және аралас түрлерін ажыратады.
Сарысу (серозды) қабыну
Сарысулы (серозды) қабыну белоктарға бай (2%-тен көп) экссудат бөлініп шығумен сипатталады,оның құрамында аз мөлшерде полиморфтыядролы лейкоциттер,көіп түскен жасушаларда болады.Сарысулы қабыну әрдайым жедел ағыда өтіп,сірі және шырышты қабықтарда,буындарда (сарысулы плеврит,перикардит,перетонит,артрит)кейбір ішкі ағзаларда байқалады.
Фибринозды қабыну.Фибринозды қабыну фибриногенге бай экссудаттың жиналуымен сипаталады Фибриноген белогы жергілікті тромбопластин факторларының әсерінен фибринге айналады.Фибрин жіпшелері сірі қабықтардың үстінде түк сияқтанып,қабыршықтанып,ұйып қалады.Мұндай жүректі «түкті» жүрек дейді.
Крупоздық қабыну көбінесе сірі қабықтарда кездеседі.Пайда болған қабыршак оңай алынады,себебі бұл үрдістін некрозы бетке жайғасқан немесе цилиндрлік эпители мен жабылған ағзаларда ған дамиды.Бұған фибринозды плеврит,перикардит,өкпенің крупоздық қабынуы мысал бола алады.
Фрибринозды қабынудың себептері көбінесе инфекцияларда байланысты.Күл (дифтерия),дизентерия тудыратын тайақшалар,пневмококтар,Френкель диплококктары т.б. қабынудың осы түрін қоздырады.
Достарыңызбен бөлісу: |