Сабақтың тақырыбы: Зақымданулар. Зақымдану түрлері: атрофия, анықтамасы. Атрофия жіктелуі. Сағат саны: 45 мин



бет45/58
Дата29.06.2024
өлшемі0,63 Mb.
#203502
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58
Байланысты:
МІК әдістемелік өңдеу

Дифтериттік қабыну тек дифтерия ауруына ғана тән емес.Мысалы тоқ ішекте көрсетілген өзгерістер уремияда пайда болуы мүмкін.Фебринозды қабынудың клиника үшін маңызы зор.Дефтериттік қабынудан соң ол жерде әр түрлі тыртықтар қалыптасып зақымданган ағза саңылауынан тарылтып қояды (мысалы:дифтериядан кейін кеңірдектің,дизентериядан кейін тоқ ішек саңылауының тарылып қалуы).Крупоздық өкпе қабынуынан кейін экссудаттың дәнекертіндеуіне (организация ) байланысты пневмосклероз неме өкпенің созылмалы аурулары дамиды.Бұл құбылыс кейде нейтрофилдердің протеолиздік қызметінің жеткіліксіздігіне байланысты болады.
Іріңді қабыну
Іріңді қабыну экссудаттың құрамында лейкоциттердің көп мөлшерде болуымен сипатталады.Сол жердегі тірі және өлі лейкоциттер макрофагтар,микроорганизмдер,белокқа бай экссудат,ыдыраған жергілікті тін,барлығы қосылып іріңді құрайдыы.
Флегмона- жайылған іріңді қабыну.Флегмона пайда болғанда экссудат жергілікті тіннің немесе ағзаның барлық қабаттарына бірдей сіңіп,оны некрозға шалдықтырады немесе іріңдетеді.Некрозға ұшыраған флегмона қатты флегмона деп аталды.Ірің тінге біртегіс сіңгенде жұмсақ флегмона дамиды.Флегмона көбінесе теріасты және шырышты қабық астындағы шелде кездеседі.Іріңнің дененің табиғи қуыстарында жиналып қалуын эмпиема деп атайды.Оларға плевра эмпиемасы ,өт қалтасының эмпиемасы және т .б. жатады.
Геморрагиялық қабыну
Геморрагиялық қабыну экссудат құрамындағы эритроциттердің көптігімен сиппаталып күйдіргі,оба,грипп сияқты қан тамырларының эритроциттер үшін өткізгіштігін арттырып жіберетін індеттерде байқалады.Оба кезінде экссудат құрамында эритроциттердің көбейетіндігі соншалық,қолтықасты бездеріне жиналған экссудат қан құйылу ошақтарына ұқсайды.
Шіріктік қабыну
Шірікті қабыну организімге шірітуші бактериялар (C.perfringens,C.septicus және т.б.) түскенде дамиды.Олар тіндермыжылып кеткен жараларда (әскери жарақаттар),сыртқы ортамен қатнасы бар ағзаларда (өкпеде,ішекте,теріде,жатырда)байқалады.Теріде анаэробты гангрена түрінде өтеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   58




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет