Сабақ жоспары
|
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Магнит өрісі
|
Мектеп: «№72 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН IT МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ»
|
Күні: 11.11.2020
|
Мұғалімнің аты-жөні: Нурманова Әйгерім
|
Сынып: 10 А
|
Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны:
|
|
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Заттың магниттік қасиеттері
|
|
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
10.4.4.5 - заттың магниттік қасиеттері бойынша топтастыру және олардың қолдану аймағын анықтау.
|
|
|
Сабақтың мақсаттары
|
1. Заттардағы магнит өрісі жайлы мағлұмат беру
2. Заттарды магнит өтімділігіне қарай ажыратуды үйрету.
3. Олардың қолдану аймағын анықтау маңызын түсіндіру.
|
|
|
Бағалау критерийлері
|
Заттарды магнит өтімділігіне қарай ажырата алады:
Ферро-, пара-, диа-магниттердің ерекшеліктері мен қолданылысын сипаттайды
Заманауи магниттік материалдардың қолданылу аумағын сипаттайды
|
|
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар орындай алады:
Пәнге тән лексика мен терминология: ферромагнетиктер, парамагнетиктер, диамагнетиктер, неодимдік магниттер, металліздегіштер, Кюри температурасы, ортаның/заттың магнит өтімділігі, магнит тұрақтысы,
магниттік гистерезис
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
сол қол ережесі, магнит өрісінің бағыты, тогы бар өткізгіш, шартты ток
Сабақта қолданылатын негізгі терминдер мен сөз тіркестерін үш тілде жаза және айта алады;
Магнетизм
|
Қазақ тілінде
|
Орыс тілінде
|
Ағылшын тілінде
|
Тұрақты магниттер
|
Постоянные магниты
|
Permanent Magnets
|
Магнит өрісі
|
Магнитное поле
|
A magnetic field
|
Магнит индукциясы векторы
|
Вектор магнитной индукции
|
Vector of magnetic induction
|
Ферромагнетиктер
|
Ферромагниты
|
F
|
Парамагнетиктер rromagnetic
|
Парамагниты
|
Paramagnetic
|
Диамагнетики
|
Диамагниты
|
Diamagnetic
|
Неодимдік магниттер
|
Неодимовые магниты
|
Neodymium magnets
|
Металліздегіштер
|
Металлоискатели
|
Metal detectors
|
Кюри температурасы
|
Температура Кюри
|
Curi
|
Ортаның/заттың магнит өтімділігі temperature
|
Магнитная проницаемость среды/веществ
|
Magnetic permeability of medium / substances
|
Магнит тұрақтысы
|
Магнитная постоянная
|
The magnetic constant
|
Магниттік гистерезис
|
Магнитный гистерезис
|
Magnetic hysteresis
|
|
|
|
Құндылықтарды
баулу
|
Заттарды олардың магниттік қасиеттері бойынша жүйелеуді және қолдану аймағын анықтауды үйрене отырып, магниттік материалдарды қазіргі заманғы аймақтарын талдауды және оларды қолдану тенденсиясын қалыптастыруға тәрбиелеу.
|
|
|
Пәнаралық байланыс
|
Математика – формулаларды қолданып, есептеулер жүргізу
География - Заманауи магниттік материалдардың қолданылу аймағын анықтау
|
|
|
Алдыңғы білім
|
Тұрақты магниттер. Магнит өрісі. Ампер заңы, Лоренц күші.
|
|
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері
|
Ресурстар
|
|
|
Сабақтың басы
6 минут
|
Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу. Оқушыларды түгендеу.
Бүгінгі сабақтағы оқу мақсаттарын айқындау
Үй тапсырмасын еске түсіру сұрақтары:
Қандай өзара әрекеттесу магниттік деп аталады?
Магниттік өрістің негізгі қасиеттері қандай?
Магнит индукция векторының бағытын қалай анықтайды?
Магнит өрісі күш сызықтарының бағытын қалай анықтауға болады?
Электростатикалық өріс пен тұрақты магниттік өрісінің айырмашылығы неде?
Ампер күші дегеніміз не?
Ампер күшінің бағыты қалай анықталады?
Бұранда ережесі мен сол қол ережесін пайдаланып, параллель токтардың бір бағытта таратылатынан, ал қарам-қарсы бағытта өтсе, тебілетінін қалай дәлелдеуге болады?
Магнит индукция векторының физикалық мағынасы қандай?
Лоренц күші дегеніміз не?
Ол күштің шамасы қандай формуламен өрнектеледі?
Лоренц күшінің бағыты қалай анықталады?
Құйынды токтар деген не?
|
|
|
|
Сабақтың ортасы
6мин
4минут
10минут
6минут
|
Магнетиктер, заттың магниттік өтімділігінің физикалық мағынасы, парамагнетиктер, ферромагнетиктер, диамагнетиктер, Кюри нүктесі туралы түсінік беру.
Жаңа сабақ.
Магнетиктер
Заттың магниттік өтімділігінің физикалық мағынасы
Парамагнетиктер
Ферромагнетиктер
Диамагнетиктер
Кюри нүктесі
Ферромагнетиктердің домендік құрылымы
Заманауи ферромагнетиктердің түрлері
Магниттік гистерезис диаграммасы
Пысықтау/топтық жұмыс
(Т) Оқушыларды топтарға бөліңіз. Топтарға тапсырма беріңіз. Әр топ сыныптың алдында өз жауаптарын қорғайды.
1 топ мынадай сұрақтардың төңірегінде дайындалады
1. Магнетиктер деп қандай заттар аталады?
2. Заттың магниттік өтімділігінің физикалық мағынасы қандай?
3. Парамагнетик деген не?
2 топ мынадай сұрақтардың төңірегінде дайындалады
4. Қандай қасиеттері үшін заттар ферромагнетиктер деп аталады?
5. Қандай заттар ферромагнетиктер деп аталады?
6. Кюри нүктесі деген не? Егер магнитті Кюри нүктесінен жоғары температураға дейін қыздырса, не болады?
3 топ мынадай сұрақтардың төңірегінде дайындалады
7. Ферромагнетизм теориясы қалай түсіндіріледі? Ферромагнетиктердің домендік құрылымы
8. Ферромагнетиктерді қайда қолданады?
9. Заманауи ферромагнетиктердің қандай түрлері бар? Олардың қолданылу салаларын атаңыздар және толығымен сипаттаңыздар.
(Ө - жеке жұмыс) тақырып бойынша есептер шығару. 21-жаттығудың №2, №3 есептерін шығару
Үйге тапсырма: §10.9. 21-ж. №4, №5.
Қалыптастырушы бағалау.
|
Презентация
Қосымша -2
|
|
|
Сабақтың соңы
8минут
|
Сабаққа керу байланыс беру.
«Жетістік сатысы»
|
Қосымша -3 «Жетістік сатысы»
|
|
|
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?
|
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қосымша ақпарат
|
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?
|
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз?
|
Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері
АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)
|
Дифференциацияны берілетін тапсырма, күтілетін нәтиже, қолдау көрсету, бөлінетін уақыт, қолданылатын дереккөздер арқылы жүзеге асыруға болады.
Дифференциация сабақтың кез келген бөлімінде қолданылады.
|
Бұл бөлімді оқушылардың сабақ барысында алған білімдерін бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдеріңізді жазу үшін пайдаланыңыз.
|
Сабақ жоспарын құру үшін сізге өзге пән мұғалімдерінің көмегі керек пе?
Берілген тапсырмалардың қайсыбірі оқушылардың қауіпсіздігіне немесе денсаулығына қауіп төндіре ме?
Оқушылар сабақ барысында өздерінің АКТ дағдыларын дамыта ала ма?
Осы сабақ барысында НЗМ құндылықтарын дамытуға қандай мүмкіндік бар?
|
Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?
Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланғануақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?
|
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
|
,
|
Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым?
|
Қосымша -1 Теория
Біртекті ортадағы В магнит өрісінің индукциясы модулі жағынан вакуумдағы В0 магнит өрісінің индукциясынан неше есе өзгеше екенін көрсететін физикалық шама магниттік өтімділік деп аталады:
Магнит өрісінде күшті магниттелетін заттар ферромагнетиктер деп аталады. Олардың магнит өтімділігі 102-105 аралығында жатады.
Темір –ферромагнетик.
Ферромагиттік материалдар – ферриттер.
Заттардың ферромагнетиктік қасиеттері жойылып, зат парамагнетикке айналатын температура Кюри температурасы деп аталады.
Феромагнетиктердің магниттік өтімділігі сыртқы өрістің В0 индукциясына тәуелді.
Қосымша -2
Қалыптастырушы бағалау / топтық жұмыс
Оқушының аты, тегі ________________________________________________________________
Сынып ___________________________
Тақырып: Заттың магниттік қасиеттері
Оқу мақсаты: 10.4.1.3 - Заманауи магниттік материалдардың қолданылу аумағын сипаттау (неодимдік магниттер, датчиктер, сейсмографтар, металліздеуіштер) және оларды қолданудың артықшылықтарын сараптау
Тапсырма:
1 топ мынадай сұрақтардың төңірегінде дайындалады
1. Магнетиктер деп қандай заттар аталады?
2. Заттың магниттік өтімділігінің физикалық мағынасы қандай?
3. Парамагнетик деген не?
2 топ мынадай сұрақтардың төңірегінде дайындалады
4. Қандай қасиеттері үшін заттар ферромагнетиктер деп аталады?
5. Қандай заттар ферромагнетиктер деп аталады?
6. Кюри нүктесі деген не? Егер магнитті Кюри нүктесінен жоғары температураға дейін қыздырса, не болады?
3 топ мынадай сұрақтардың төңірегінде дайындалады
7. Ферромагнетизм теориясы қалай түсіндіріледі? Ферромагнетиктердің домендік құрылымы
8. Ферромагнетиктерді қайда қолданады?
9. Заманауи ферромагнетиктердің қандай түрлері бар? Олардың қолданылу салаларын атаңыздар және толығымен сипаттаңыздар.
Критерийлер
|
Дескрипторлар
|
Оқушылар:
Заттарды магнит өтімділігіне қарай ажырата алады:
Ферро-, пара-, диа-магниттердің ерекшеліктері мен қолданылысын сипаттайды
Заманауи магниттік материалдардың қолданылу аумағын сипаттайды
|
Берілген сұрақтарға жауап берді
|
Топтың барлық мүшелері қатысты
|
Тақырыптың мәні ашылды
|
Пәндік терминологияны орынды қолданды
|
Сипаттау кезінде жеткілікті ақпараттарды қолданды
|
Қосымша -3 «Жетістік сатысы»
Достарыңызбен бөлісу: |