Байланысты: «Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»
Зәр шығару жүйесінің анатомия - физиологиялық негіздері: Несеп жыныс мүшелері физиологиялық жағынан әр түрлі қызммет атқаратын 2 жүйеден несеп жүйесі және жыныс жүйесінен тұрады. Несеп жүйесі зәрді сыртқа шығару ал жыныс жүйесі көбю қызметтерін атқарады. Несеп жыныс жүйелерінің бірге қарастырыылу себебі зәр шығару мүшелерінің қызметі жыныстық қызметке де байланысты болады.,яғни бір мүше екі түрлі қызмет атқарады.Мысалы еркектердің зәр және шәует шығаратын түтіктері бірігіп ортақ түтік түзеді,ал әйелдерде бұл түтіктер бөлек болғанымен қынаптың кіре берісінде ортақ несеп жыныс мүшелері түрінде ашылады.
Несепмүшелеріне мыналар жатады:
оң және сол бүйрек
оң және сол зәрағар түтіктер
қуық
зәр шығаратын үрпі жолы
Бүйрек - құрсақ қуысында І-ІІ бел омыртқаалаардың тұсында орналасқан жұп безді мүше. Бүйрек құрсақ қуысыныың артын ала ішперденің сыртындағы байламдарға байланып тұрады. Оң бүйрек сол бүйрекке қарағанда жарты омыртқадай төмен орналасады. Бүйректің ұзындығы-12 см, қалыңдығы-4 см,ені –6 см, салмағы 120 г, шеткі жиегі дөңес, ортаңғы жиегі ойыс болып келеді.Ішкі артерия ,жүйке кіретін, вена,сарысу тамырлары зәрағар түтігі шығатынжағын бүйрек қақпасы деп атайды. Бүйректі екіге қақ жарып қарағанда оның ішкі қойнаудан және оны айналдыра қоршап жатқан бүйрек затынан тұратыны көрінеді.