Сабақтың тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»


Судноны және зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісіне толық батыру әдісі



бет25/31
Дата11.01.2022
өлшемі62,75 Kb.
#110762
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Байланысты:
«Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»

Судноны және зәр қабылдағышты зарарсыздандыру ерітіндісіне толық батыру әдісі.

Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, санитарлы эпидемияға қарсы тәртіпті

сақтау.


Дайындаңыз: арнайы киімді пайдаланған судноны, зәр қабылдағышты, астына салатын кленканы, ҚР рұқсат етілген зарарсыздандыру затын, зарарсыздандыруға арналған қақпағы бар ыдысты (ыдыс пен қақпакқа таңба салынған), қолды өңдеуге арналған сабынды, тері антисептигін.

Ескертетін жағдай: судно және зәр қабылдағыш тура қолданып болған соң зарарсыздандырылады.

Іc-әрекет алгоритмі:

1. Қорғаныш арнайы киімді киіңіз (халат, суға төзімді алжапқышты, дем пердесін).

2. Гигиеналық деңгейде қолыңызға тазартуды жүргізіңз, қолғапты киіңіз.

3. Зарарсыздандыру үшін қақпағы тығыз жанасып жататын және таңба салынған ыдысты дайындаңыз, оның дұрыс таңбаланғанына көзіңізді жеткізіңіз: атын, ерітіндінің қоюлығын, қолдану мақсатын оқыңыз.

4. Қажетті қоюлықтағы зарарсыздандыру ерітіндісін ыдысқа құйыңыз.

5. Ыдыстың таңба салатын кленкасына даярлаған ерітіндінің атын, қоюлығын, күйін, даярлау уақытын, даярлаған адамның аты-жөнін көрсетіңіз (Зарарсыздандыру ерітіндісін даярлау бойынша жұмыс сапасын бағалау және бұйрықты регламентті талаптарды орындауын бақылау үшін).

6. Судноның, зәр кабылдагыштың ішіндегі затты унитазға төгіңіз, ыстык сумен шайқаңыз.

7. Судноны, зәр қабылдағышты қолданып және тазартып болған соң бірден зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз, ерітінді заттан 5-10 см жоғары көтерілуі қажет (заттардың белмен тұп-тура жанасуын қамтамасыз ету үшін).

8. Алжапқышты, қолғапты шешіңіз, зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.

9. Күтім заттарын тиісті зарарсыздандыру ерітіндісін қолдану бойынша нұсқауға сәйкесті ұстаңыз.

10. Таза қолғапты, алжапқышты киіңіз.

11. Судноны және зәр қабылдағышты ағынды ыстық судың астында шайқаңыз.

12. Арнайы таңбаланған стеллажда кептіріңіз, құрғақ түрінде сақтаңыз.

13. Арнайы киімді шешіңіз. Қолыңызды жуып, кептіріңіз.



Ескерту: Халі ауыр наукастың таза судноны үнемі кереует астындағы орындықта болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет