Экстраренальдық шағымдар:
Бүйректік ісінулер
Бастың ауруы, көз көруінің нашарлауы
Қызба, дене t-ның көтерілуі
Дене қышуы, терінің құрғауы
Жүрек айну, құсу, іш өту, жүдеп арықтау
Мұрыннан қан кету, ұйқышылдық
Әлсіздік, жұмысқа қабылетсіздік
Жүрек қағу, ентігу, жүректің ауруы
Зәрдің органикалық қасиеттерінің өзгерістері:
Қошқыл-қызыл, “ет жуындысы” түстес – қан араласу (гематурия)
Лайлану, жалқық, шырыш, ірің араласу – қабыну процесс көріністері
Тұздар, ұсақ тастар, тұнба түсу – несеп тас ауруы көріністері
Жағымсыз аммиак иісі – зәр жолдарындағы қабыну процестің белгісі
Қызметінің бұзылыстары (дизуриялық көріністер):
-зәр бөлінуінің бұзылыстары және зәрдің құрамының өзгеруы
-полиурия
-олигурия
-анурия
-никтурия
-странгурия
-поллакиурия
-гипостенурия
-гематоурия
-кетонурия
-пиурия
-глюкозурия және т.б.
2.Пациентпен әңгімелесу, қажетті ақпарат жинай білу (anamnesis morbi, vitae)- сұрақтарды қою:
- Қашан, қалай мәселелер басталды (біртіндеп немесе жедел)?
-Ауырсынудың сипаты қандай болды: ұстама түрде әлде жай, қалай ауырды: қақсайтын, тесетін?
-Ауырсынудың пайда болуына не әсер етеді,(сұық,физикалық күш) басталуын сіз немен байланыстырасыз?
-Пациент қатты толқу, күйзеліс, жүйкелі-психикалық күштерді сезінді ме?
- Киімі мерзімге сәйкес пе, тоңбайсыз ба?
-Ішімдікті жиі қолданасыз ба?
-Пациенттің ас мәзірінің құрамында көптеген ащы, тұзды, кептірілген тағамдар қолдана ма?
-Қай тағамдарды, мысалы: жидек, шоколадты жегенде бөртпедер, қышыну, өзін жайсыз сезіну сезімдері болды ма?
-Тәулігіне орташа есеппен қанша сұйықтық мөлшерін қолданасыз?
-Пациент ұзақ дәрілерді қолданады ма, аспирин, сульфаниламидтерді ?
-Сізде дәретке отыра алмайтын кездер бола ма?
-Бөлінген зәрдің мөлшері ,жиілігі қандай ? Нәжіс қалпы, іш қатпасы, іш өту, ұстамау?
-Тұрмыстық және жалпы тіршілік жағдайында суықтың, үнемі ылғалдылықтың кездері бар ма?
-Дене шынықтырумен үнемі айналысады ма?
-Еңбек жағдайында физикалық күш түсу, сонымен қатар, ылғалды суық жоқ па?
-Бұрын қандай аурулармен ауырдыңыз (тұмау, баспа, өкпе қабынуы)?
-Сіз медициналық, терапевт, уролог- дәрігердің көмектерін жиі талап етесіз бе?
-Туысқандардың ішінде осы аурумен біреу ауыра ма?
-Әйелдерден жүктілік ағымы туралы түсінік алу (ісіктер болды ма, дене салмағы қосылды ма)?
Достарыңызбен бөлісу: |