Зәр шығарушы жүйесінің қызметі бұзылған кездегі клиникалық көріністер:
зәрді ұстай алмауы;
бүйрек шаншуы;
ісіктер;
дизуриялық көріністер:
полиурия;
анурия;
олигурия;
гематурия;
поллакиурия;
дене қышуы;
терінің құрғауы;
Зәрдің жіті тоқтап қалуы – зәрдің зәрдің мүлдем бөлінбеуі;
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дәрігерге хабарлау
2.Тыныс алуына кедергі болатын киімдерді босату, таза ауамен қамтамасыз ету
3.Бетіне және кеудесіне салқын су шашу
4.Пациентке Тренделленбург қалпын орнату- тегіз жерге жастықсыз жатқызу (аяқ жағын 30 град, көтеріп қою)
5.Мүсәтір спиртке малынған тампонды мұрнына жақындатып иіскету және сол тампон мен самайын сүрту 1. Сурет
6. Науқастың бетін шапалақтау
7.Аяқтарына жылытқыш қою, көрпемен жылы орау, физикалық және психикалық тыныштықты орнату
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
1.Егер 5 минуттың шамасында осы қолданылған шаралар нәтижесіз болса, дәрігердің нұсқауы бойынша 2мл кордиамин немесе 1мл 10%кофеин ертіндісін жіберіңіз;
Манипуляцияларды міндетті түрде орындау
Бүйрек шаншуы - жоғарғы зәр шығару жолдарының жедел обструкциясынан кейін пайда болатын ауырсыну ұстамасы.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дер кезінде дәрігерді шақыру
2.Физикалық және психикалық тыныштықты орнату
3. Пациенттің бел аймағына жылытқышты қою
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
1. 20 минут ыстық ваннаны қабылдау
2.Дәрілерді қолдануды қамтамасыз ету
3.Пациентің жалпы жағдайын бақылауды ұйымдастыру: пульс, АҚ,дене
2. Сурет
температупрасы, зәрдің бөлінуі, зәрдің түрін анықтау;
3.Бүйрек шаншуы болған жағдайда дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету туралы туысқандары-мен кеңес жүргізу;
Зәр ұстай алмау - несепқаптың жұмысын бақылай алмау, яғни, несеп шығару үрдісі кейде бақылауға келмейді. Ауру несептің азғантай мөлшерін ұстамаумен (мысалы, жөтелде және күлгенде) және несеп шығарғысы келген күшті сезімді бақылаудағы қиындықтармен де сипатталуы мүмкін.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дәрігерге хабарлау, жоспарланған күтімді пациентпен байланыстыра білу
2. Пациенті оңашалауды қамтамасыз ету
(изоляция жасау –бөлек бөлме, кермені орнату) 3. Сурет
3. Сұйықтықты тәулігіне сұйықтықты 1 литрге дейін шектеп, тиімді диетаны қамтамасыз ету
4.Пациенттің жеке гигиенасын ұқыпты қадағалауын бақылау (іш киімді және төсек орынды ауыстыру, ) клеенкалы матрац, памперстермен қамтамасыз ету
5.Бөлменің жиі желдетуымен қамтамасыз ету, дезодоранттарды қолдану
6. Памперсті немесе резеңке дәрет ыдысын қолдану, шат аралығын күту
7. Пациенті дәрет ыдыспен қамтамасыз ету, оны дезинфекциялау
8. Тәулігіне бөлмеге ылғалды тазарту жұмыстарын 20 рет дез ерітіндімен жүргізу
9. Пациентті және туысқандарын күтім дәрет ыдысын, памперстерді қолдануды үйрету
10.Пациентті психологиялық қолдаумен қамтамасыз ету (жүйелі кеңестер, кең таралған әдебиетті таңдап алу, ұзақ уақыт бойы зәр қабылдағыш қолданған пациентпен таныстыру)
Дизуриялық көріністер: Полакиурия - жиі-жиі зәр сындыру (кіші дәретке жиі отыру) – тәулігіне 7 реттен көп. Стангурия - зәрдің тамшылап, ауыру сезімімен қосарлана бөлінуі.
Мейіргерлік кірісулері (тәуелсіз):
1.Дәрігерге хабарлау, жоспарланған күтімді пациентпен байланыстыра білу
2.Диеталық тамақтанудың қамтамасыз ету (майлы, ащы тағамдарды шектеу)
3.Сұйықтықты тәулігіне сұйықтықты 1 литрге дейін шектеп, тиімді диетаны қамтамасыз ету
4.Пациенттің жеке гигиенасын ұқыпты қадағалауын бақылау (іш киімді және төсек орынды ауыстыру, )
5.Бөлменің жиі желдетуымен қамтамасыз ету күніне 2-3 рет,
дезодоранттарды қолдану
4. Сурет
6. Шат аралығын күту, мацерация болғанда вазелин маймен өндеу
7. Түнгі кездерде пациенті дәрет ыдыспен қамтамасыз ету, оны дезинфекциялау
8. Тәулігіне бөлмеге ылғалды тазарту жұмыстарын 20 рет дез ерітіндімен жүргізу
9. Пациентті және туысқандарын күтім ерекшеліктеріне үйрету-диета сақтау №7, жеке басты гигиенаны сақтау, денені жылы ұстау, дер кезінде дәрігерге қаралу керектігі туралы кеңес жүргізу
Тәуелді кірісулер (дәрігер нұсқау бойынша көмек):
Дәрігерлік тағайындауларды орындау.
Достарыңызбен бөлісу: |