Коммуникация - бұл адамдардың қарым-қатынас жасауы: идеяларымен, ойларымен, ниеттерімен, сезімдерімен, ақпаратпен алмасуы. Қарым-қатынас жасау - адамдар арасында ақпаратты берудің негізгі тәсілі. Тек қарым-қатынас кезінде ғана қызметпен, мүдделермен, сезімдермен өзара алмасу жүреді, сондай-ақ адам өзінің жеке басының ерекшеліктерін тауып, тұлғасы қалыптасады, анықталады. Қазіргі уақытта дәрігер-пациент қарым-қатынастарына үлкен практикалық мән беріледі, бұл қарым-қатынас тақырыбы негізгі тақырыптардың бірі болып табылады. Медицина қызметкері мамандығының өзіне тән кәсіптік ерекшеліктері бар. Олардың бірі - пациентпен ұдайы және ұзақ қатынас жасау, сондықтан пациентпен қатынасудағы коммуникативтік дағдылардың деңгейі мәселесі өте маңызды.
Коммуникативтік дағдылар дегеніміз, парыз, адамгершілік, міндет, кәсіби этика туралы ғылымдарды белгілейді.Адамдар арасындағы болатын түрлі қиыншылықты жеңу үшін түрлі кәсіби қызмет дағдыларын кеңірек пайдаланған абзал.
Пациент - бұл белгілі бір мінездемелік және психологиялық ерекшеліктері бар тұлға, сондықтан оған деген көзқарас та айрықша болу керек. Коммуникативтік дағдылардың мәні Медицина қызметкерінің кәсіптік табыстылығы көп жағдайда адамдармен тілдесе алуымен, қарым-қатынас оната және дамыта алуымен байланысты. Қолда бар статистикаға сәйкес, пациенттердің ойынша, дәрігерлердің пациенттерді құрметтеуі, оларға көңіл бөлулері, кәсіптерін сүюлері, мейірімді, сыпайы, жайдары болулары олардың ең маңызды қасиеттері деп танылды, коммуникативтік маңызды қасиеттер басым.
Науқас адамдармен жұмыс жасау – қиын әрі үлкен жауапкершілікті талап ететін қызмет.
Дәрігердің кәсіби қызметі ауру адаммен байланысты: тірі ағзаларды құрайтын биологиялық жүйелердің ерекшеліктеріне ғана байланысты емес, сонымен қатар қоғамдық байланыстың әр түрлі болуы қайталанбас психикалық көрініс құрайтын тәуелділікке байланысты.
Дәрігердің мамандығы – ерлік.
Ол төзімділікті,қайсарлықты, жанның тазалығы мен ақыл ойдың ізгілігін, ішкі болмысының негізін қажет етеді,үздіксіз өнегелі қасиеттерін бойына сіңіре білген маман иесі ғана мақсатына жете алады.
Дәрігер ауру адамға моральдық жағынан да қолдау көрсету қажет. Дәрігер мен ауру адамдардың арасындағы қарым-қатынас белгілі бір жүйеге түсу үшін дәрігердің де бойында адами қасиеттер болғаны дұрыс.
Күйзеліске түскен жандардың ең басты емі - жан жылуы екендігін жақсы түсінуіміз тиіс.
Коммуникативтік дағдыларды қолдану үшін науқастарды емдеудің жаңа технологияларын қолданысқа енгізіп,оның нәтижелі болуына көп көңіл бөліп,сапалы көрсеткіштерге қол жеткізуге үлес қосуымыз қажет.
Медицина қызметкерінің коммуникативті білгерлігі-кәсіби маңызды қасиет. Мамандығына байланысты медициналық қызметкер үнемі және тығыз, қарқынды қарым-қатынас жасауға мәжбүр болады: науқастармен және олардың туыстарымен, жақындарымен, басқадай медициналық қызметкерлерімен (дәрігер, әріптестері, мейірбикелер, кіші мейірбикелер, мекеме әкімшілігімен т.б). Тиісті мамандық дәрежеге және табысқа жету үшін медициналық қызметкер қатынасу білгерлігін, басқа адамдармен қарым-қатынас тәсілдерін, үнемі дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Науқаспен тиімді психологиялық жанасу арқылы нақтылы түрде және толық мәлімет жинастыру мүмкіншілігі туады. Медициналық қызметкердің алдында тұрған мәселелердің нәтижелі шешілуі, ауру адаммен сенімділігін және түсіністік жағдайға жетуі, оның қарым-қатынас икеміне, яғни коммуникативті білгерлігіне байланысты.
Коммуникативті білгерлік (компетенттілік) дегеніміз-медицина қызметкерлерінің басқа адамдармен (науқас және оның жақындары мен туыстары, дәрігер, әріптестері, кіші мейірбикелер т.б) коммуникация тәсілдерін нәтижелі қолдана білу арқылы қарым-қатынас жасау қабілеті. Медицина қызметкерінің емдеу шараларының дәлдігі мен дұрыстығына күдікті болмаған және медициналық қызметкерге толық сенім білдірген жағдайда ғана науқас қажетті процедураларды сеніммен өтеді. Алайда, медицина қызметкері мен науқас арасында мұндай психологиялық жанасу тұрақтанбаса, ол нұсқаулықтарды немқұрайлы орындап, басқа медициналық қызметкерге бас бұрып немесе өзін-өзі емдеуге мәжбүр болады.
Сонымен, медициналық қызметкердің коммуникативтік маңызды қасиеттеріне келесілер жатады: адамгершілігі, адамға назар аударуы, мамандығын сүю, қайырымдылығы, кішіпейілдігі, әдептілігі. Жақсы көңіл-күй жағдайында жанасу құрастыратын медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттеріне науқастар өте жоғары баға береді.
Медициналық қызметкерде психологиялық біліммен қатар (тұлға түрлері, темперамент, қақтығыстарды шешу қабілеті т.б), коммуникативтік тұрғыдан білгерлік жоғары болған жағдайда, оның науқаспен қатынасы арнайы біліктілікпен құрастырылады, мысалы жанасу құруды білуі, тыңдай білуі, коммуникацияның вербальды емес белгілерін білуі, сауалдар құрастыруы.
Сонымен қатар, медициналық қызметкер өз эмоцияларын, яғни көңіл –күйін тұрақты ұстай білуі, құпияны сақтауға қабілеттілігі, өз реакцияларын бақылап қадағалауы, әдеп сақтай білуі де мағыналы.
Медициналық қызметкерінің тиімді ара қатынасы дегеніміз - ол ауру адамды дұрыс түсінуі және науқастың ойы мен көңіл-күйіне, сөзіне сәйкес әрекеттесуі. Науқастың көңіл-күйіне қарамай, оның ашулы, ызалы, қайғылы, қобалжу және өкінішті жағдайлыболуында да, медициналық қызметкер онымен әрекет жасай білу және қарым-қатынас құруға даяр болып, өз мамандық мәселелерін шешеді. Осыған байланысты медициналық қызметкерінің ең маңызды кәсіби қасиетіне жататыны-оның коммуникативтік төзімділігі (толеранттығы).
Коммуникативтік потенциал - бұл медициналық қызметкердің мүмкіндігі туралы сипаттама, ол оның қатынасының сапасын білдіреді. Қарым – қатынаста медициналық қызметкердің компеттентілігі екі құрама бөліктен тұрады: тұлғаның коммуникативтік қасиеті - қарым-қатынасқа қажеттілігін сипаттайды, сұхбаттасуға және коммуникация жасауға қабілеттілігі – науқаспен сұхбаттасу, жанасу кезінде жағдайды өз қолында ұстай білу қасиеті, белсенділікті көрсете білу қабілеттілігі, науқас жағдайына эмоционалды көмектесе алуы, өзінің алдындағы жекеше іс-әрекетінің бағдарламасын орындай білуі.
Медициналық қызметкердің ең негізгі қасиеттерінің бірі болып науқастарға нақтылы әсер ете алуы саналады. Бұл - маманның коммуникативтік қасиеттеріне тікелей байланысты.
Коммуникативтік қабілеттілік - медициналық қызметкер мен науқастың сұхбаттасуы кезінде байқалады. Медициналық қызметкердің негізгі коммуникативтік шеберлігі келесі түрде болады:
·тұлға аралық коммуникацияға шеберлік
·бір-бірін қабылдауға және түсінуге шеберлік
·тұлға аралық әсер ету шеберлігі
·науқастың психологиялық қорғанысын және жасырын себептерін анықтай алу шеберлігі
·науқастың эмоционалды жағдайын түсіне алу шеберлігі
Медицина қызметкерінің тұлға аралық коммуникативтік шеберлігін келесілер қарастырады:
·мәліметті бере алу шеберлігі
·мәліметті беру кезінде вербальды және вербальды емес тәсілдерді қолдана білу шеберлігі
·науқасты белсенді тыңдай алу шеберлігі
Осыған байланысты медициналық қызметкердің коммуникативтік қабілеті келесілерді қамтиды:
·таныс емес адамдармен қатынасқа түсе алу шеберлігі
·пайда болған түсініспеушіліктерді уақытында шешу және алдын-алу шеберлігі
·өзін басқа адамға түсінікті болатындай етіп, ұстай алу шеберлігі
·басқа адамның өз қылықтары және сезімдерін көрсете алуына мүмкіндік беру шеберлігі.
Медициналық қызметкердің тұлғалық қасиеттерінің жүйесі ретінде коммуникативтік мәдениетіне жататындар :
·шығармашылықты түрде ойлай білу
·сөз сөйлеуінің әсер ету мәдениеті
·қимыл және пластикалық қозғалыс мәдениеті
·науқастың коммуникативті іс әрекетін қабылдау мәдениеті
·эмоционалдық мәдениеті
Коммуникативтік компетенттік сияқты тұлғалық коммуникативтік мәдениет, бос орында пайда болмайды, ол қалыптасады. Медициналық қызметкердің коммуникативтік білгерлігі -айналадағы адамдармен тұлға аралық және профессионалды тәжірибесінің әсерінен қалыптасу дәрежесі. Бұл оған қарым-қатынаста және профессионалды сферада, функционалдық жетістіктерге жету үшін қажет. Коммуникативтік компетенттілік, медициналық қызметкердің өзіне тән қасиеті ғана емес, сонымен қатар, қоғамда, атап айтқанда, денсаулық сақтау жүйесінде болып жатқан өзгерістерге және осыған орай маманның өзінің әлеуметтік бейімделу қабілеттілігіне байланысты болады.
Медициналық қызметкердің коммуникативтік компетенциясының келесі түрлері науқаспен емдік қатынасқа түсуінің негізін құрайды:
·науқасты жақсы білу, вербальды, вербальды емес белгілеріне дұрыс жауап қайтару және жағдайына байланысты мәліметтерді көбірек алу;
·науқастарға адекватты медициналық мәліметтер беру және оларды салауатты өмір сүруге шақыру, медициналық қызметкердің ролінің денсаулықты жақсартуда және аурудың алдын-алуда маңызды екенін көрсету;
·дәрменсіздікті, көмексіздікті жеңуге, ауруға байланысты түзілген теріс стериотиптерді бұзуға көмектесу, осыған сәйкес қажетті тиісті жауаптардың кескіндерін жасауға ықпал ету;
·«медициналық қызметкер-науқас» қарым-қатынасында медициналық қызметкердің сақ болуы.Денсаулық сақтау саласындағы тиімді коммуникацияның кілттік негізгі дағдылары, мынандай ережелерден тұрады:
тиесілі хабарламаны науқасқа, медициналық қызметкерлерге, әріптестеріне жеткізуде немесе қабылдап алуда нақты, әрі анық сөйлеу
қарым-қатынастағы қиындықтарды анықтап, нәтижеге тез қол жеткізгенше жұмыс жасау
дене қозғалысы мен тілінің сөздік емес белгілерін қабылдау мен түсіну
коммуникацияның ауызша, жазбаша және электронды тәсілдерін қолдану
алынған ақпаратты қай кезде басқаға жеткізу керектігін білу (кәсіби маманға)
қарым-қатынас дағдыларын меңгеруді игеруді дамытудың қажеттілігін сезіну.
Дәрігер мен пациент қарым-қатанысының кезеңдері Қарым-қатынас рәсімінің өзі әрбірінің өзінің мағыналық жүктемесі бар кезеңдерге бөлінеді. Бұл қарым-қатынастың дұрыстығы, жалпы қарым-қатынастың мақсаттары және қатынастың мағыналық міндеттерін анық бағалайтын тағы басқа көптеген нәрселер. Тоғыз кезең бар және олардың әрқайсысының өзінің ерекше бағыты бар: 1) Адамды байланысуға итермелейтін қарым-қатынасқа деген қажеттілік (ақпаратты жеткізу немесе білу керек, әңгімелесушіге ықпал ету керек және т.с.с.). 2) Қарым-қатынастың мақсаттарында, қарым-қатынас жағдайында бағдарлану.
3) Әңгімелесушінің тұлғасында бағдарлану. 4) Қарым-қатынасының мазмұнын жоспарлау - адам турасында не айтатынын ойша елестетеді (әдетте санасыз түрде). 5) Адамның қолданатын нақтылы құралдарын, сөз орамдарын таңдау, қалай сөйлеу және өзін қалай ұстау керектігін шешу. Көбіне мұндай шешімдер санасыз түрде қабылданады (кейде саналы түрде). 6) Байланыс орнату. 7) Әңгімелесушінің жауап ретіндегі реакциясын қабылдау және бағалау, кері байланыс орнатылуы негізінде қарым-қатынастың тиімділігін қадағалау. 8) Пікірлермен, идеялармен, фактілермен алмасу. 9) Қарым-қатынас бағытын, стилін, әдістерін түзету.
Пациенттер, олардың ойынша, дәрігердің мынадай ең маңызды он қасиетін атап өтті: • ақыл — 74 % (жалпы науқас санынан); • зейінділік — 57 %; • жұмысқа берілгендік — 52 %; • мейірімділік — 49 %; • әдептілік — 49 %; • шыдамдылық — 49 %; • борыштылық сезімі — 45 %; • сабырлылық — 40 %; • салмақтылық — 38 %; • әзілді түсіне білу — 38 %. Редакциядан кеңес Денсаулық сақтау саласындағы мамандардың кәсіптік дайындалғандығы мен біліктілігінің сәйкестігін растау мәселелері Толығырақ «ACTUALIS Медицина» ЭЖ оқыңыз Дәрігер мен пациент қарым-қатанысының кезеңдері Қарым-қатынас рәсімінің өзі әрбірінің өзінің мағыналық жүктемесі бар кезеңдерге бөлінеді. Бұл қарым-қатынастың дұрыстығы, жалпы қарым-қатынастың мақсаттары және қатынастың мағыналық міндеттерін анық бағалайтын тағы басқа көптеген нәрселер. Тоғыз кезең бар және олардың әрқайсысының өзінің ерекше бағыты бар: 1) Адамды байланысуға итермелейтін қарым-қатынасқа деген қажеттілік (ақпаратты жеткізу немесе білу керек, әңгімелесушіге ықпал ету керек және т.с.с.). 2) Қарым-қатынастың мақсаттарында, қарым-қатынас жағдайында бағдарлану. 3) Әңгімелесушінің тұлғасында бағдарлану. 4) Қарым-қатынасының мазмұнын жоспарлау - адам турасында не айтатынын ойша елестетеді (әдетте санасыз түрде). 5) Адамның қолданатын нақтылы құралдарын, сөз орамдарын таңдау, қалай сөйлеу және өзін қалай ұстау керектігін шешу. Көбіне мұндай шешімдер санасыз түрде қабылданады (кейде саналы түрде). 6) Байланыс орнату. 7) Әңгімелесушінің жауап ретіндегі реакциясын қабылдау және бағалау, кері байланыс орнатылуы негізінде қарым-қатынастың тиімділігін қадағалау. 8) Пікірлермен, идеялармен, фактілермен алмасу. 9) Қарым-қатынас бағытын, стилін, әдістерін түзету. Назар аударыңыз! Қарым-қатынас актісінің әлдебір буыны бұзылған болса, сөйлеушілер қарым-қатынастың күткен нәтижелеріне қол жеткізе алмайды - ол тиімсіз болып шығады. Назар аударыңыз! Медперсоналға коммуникативтік құзыреттілік дағдыларын оқыту Ниязов Р.А Алматы қ. Медициналық көмек көрсету сапасы мен стандарттарына талаптарды көтеру заманауи қоғамдағы өзекті үрдістердің бірі болып табылады: пациенттер көп жағдайда дәрігерден жеке қарым-қатынас пен икемді коммуникация күтеді, осыған байланысты олардың медициналық көмек көрсетудің өзіндік сапасымен байланысты емес шағымдар мен талаптары туындауы мүмкін Вербалды құраушы сөйлеу арқылы іске асырылады, яғни бұл лексикалық қағидатты қамтитын таңбалардың фонетикалық жүйесі, дыбыстар тілі. Басты вербалды құрал - сөйлеу - өз қағидаттары бойынша әмбебап коммуникация құралы. Осы сөйлеу ерекшеліктерінің арқасында коммуникативтік ақпарат кодталады және декодталады. Тілдесу кезінде ақпаратты жіберуші адамның (коммуникатор) және оны қабылдаушы адамның (реципиент) ақпаратты кодтаудың және декодтаудың жүйелері ұқсас болғанда ғана сөйлеу арқылы қарым-қатынас жасай алады.
Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдері мен техникалар. Вербальдық емес (сөз арқылы емес) коммуникация жүйесі іскерлік қарым-қатынастың маңызды компоненті болып табылады. Мамандардың берген бағасы бойынша қарым-қатынас процесіндегі хабардың негізгі бөлігін жеткізудің және қарым-қатынас серігінің бейнесін нақты құрудың негізгі көзі болып табылады.
Вербальдық емес қарым-қатынас тәсілдерін зертеушілердің бірі А. Мейерабианның зерттеуі бойынша өзара әрекет процесіндегі хабардың 93 пайызы вербальдық емес жолдар жүйесімен беріледі (жеткізіледі), 55 пайызы – мимика (ым-ишара), қимыл-қозғалыс, дене тұрысы арқылы, 38 папйызы – дауыстың интонациясы, тембрі және жоғарылығы бойынша беріледі. Қарым-қатынас процесіндегі хабардың таралуының 7 пайызы ғана вербальдық тәсілдерге байланысты. Өйткені вербальдық емес қарым-қатынас жүйесінде 700000-нан астам ым-ишара, қимыл-қозғалыс және дене тұрысы бар, біздің тілдегі сөздерге қарағанда әлдеқайда көп.
Вербальдық емес қарым-қатынас құралдары дегеніміз танымдық немесе эмоционалды-бағалаушы хабарды жеткізуде ым-ишара, дене қозғалысы, дауыстың ырғақтық ерекшеліктері, тактильдік (тері) әсерлері болып табылады.
Кинесикалық қарым-қатынас құралдары бұл қарым-қатынаста мәнерлі-реттеуші қызмет атқаратын басқа адамның қимыл-қозғалысын көру арқылы қабылдау (ым-ишара, пантомимика, дене тұрысы).
Просодикалық (паралингвистикалық) қарым-қатынас құралдары тілдің ырғақты-интонациялық жағын қарастырады (дауыс тембрі, екпіннің күші, дауыс үнінің жоғарылығы, қаттылығы)
Экстралингвистикалық қарым-қатынас құралдарына: сөздегі кідірістер мен адамның психофизиологиялық көріністері (күлкісі, жылау, жөтелу, дем алу, қыңқылдау, т.б.).
Проксемикалық құралдар – қарым-қатынасқа түсушілер үшін маңызды хабардан тұратын қарым-қатынастың кеңістік пен уақыт ситуациялары.
Такесикалық қарым-қатынас тәсілдері дегеніміз қарым-қатынас серігіне қол тигізу: қол алысу, арқасынан қағу, құшақтау, сүю т.б.
Коммуникативті техникалар – қарым-қатынас ситуацияларының элементеріне әсер ету, түсіндіру және қабылдау тәсілдерінің жиынтығы (серіктес бейнесін дәл құрастыру, контакт орнату, басқанны түсіну, хабар мен эмоцияларды жеткізу, өзараәрекеттесушілердің мінез-құлқына әсер ету және өзгерту, т.б.). Айтылған техникалар вербальдық және вербальдық емес болып бөлінеді.
Вербальды емес коммуникативті техникалар дегеніміз - өзара әрекет етудің кеңістік пен уақыт көрсеткіштерін қолайлы басқару тәсілдері. Хабарды ым-ишара, қимыл-қозғалыс және денені ұстау арқылы жеткізу. Вербальды емес қарым-қатынас құралдарының көп болғанына қарамастан кинестикалық, тактикалық және праксемикалық құралдар аса үлкен орын алады.
Кинесика – адам сезімдері мен эмоцияларының сырт көріністерін зерттейтін ғылыми білім аумағы. Оның ғылыми обьектісі ретінде ым-ишара, қимыл-қозғалыс, пантомимика және көз арқылы білдіру (көз арқылы контак жасау) шығады.
Ым-ишара – хабар алмасуда аса үлкен роль адамның ішкі эмоциялық жағдайын бет бұлшықеттерінің қимыл-қозғалысы арқылы бейнелеуге байланысты. Адамға әсер ету құралы болып табылады. Оған қуану, таң қалу, ашу-ыза, қайғыру, қорқыныш эмоциялары жатады. Жағымды эмоциялар (махаббат, қуану, т.б.) нақты білдіріледі және оңай танылады. Жағымсыз эмоциялар (ашу, жиіркену, қайғыру) қиын танылады. Ым-ишараның анағұрлым мәнерлі элементтері қас пен ерін болып табылады. Олардың қалпының немесе пішінінің шамалы ғана өзгеруінің өзі эмоцияның түбегейлі өзгеруіне әкеледі. Осыған байланысты адамның жүздеген эмоциялардың реңктерін өзгерту мүмкіндіктері бар.
Адамның көзі ым-ишара бұлшықеттерінің жұмысымен тығыз бірлікте қызмет етеді. Адам көз қарашығының мөлшерін, көздің маңайындағы бұлшықеттердің жұмысын басқара аламайды. Қарым-қатынас серігінің шынайы сезімдері мен ой-толғаныстары жайлы маңызды хабарлардың бұлағы көз болып табылады. Мысалы, егер де серіктес әңгімелесушінің көзімен әңгіменің үштен бір бөлігінен аз уақыт байланыс жасаса, онда ол қандай да бір хабарды жасырғысы келетіні немесе өзін кінәлі сезінетіні немесе ұят, сенімсіздік білдіретіні анықталды.
Бейтаныс адамның көзбен байланысының ұзақтығынан оның әлеуметтік статусын анықтауға болады. Жоғары әлеуметтік сатыда тұрған адамдар (басқарушы, лидер) қарым-қатынас серігне ұзақ уақыт қарайтыны дәлелденген. Сезімдердің, көңіл-күйлердің көптеген көріністері адамның қимыл-қозғалыстарынан анықталады. Қимыл-қозғалыс «алфавитін», «грамматикасын» білу адамды кітап сияқты оқуға мүмкіндік береді. Мұндай мүмкіндік қимыл-қозғалыстар, ым-ишараларға қарағанда аз мөлшерде сапалы түрде бақылауға алынады.
Достарыңызбен бөлісу: |