Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет1/11
Дата11.03.2023
өлшемі28,55 Kb.
#171907
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
27.02.-03.04.1980





ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ

Білім беру ұйымы (балабақша/ шағын орталық, мектепалды сыныбы)




Топ/сынып

Ортаңғы топ

Тобы, топтың реттік саны, атауы




Балалардың жасы

3 жасар балалар

Педагогтің аты-жөні




Жоспардың құрылу кезеңі (апта күндерін, айды, жылды көрсету)

27.02-03.03.2023ж.

Апта күндері

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма

Күн тәртібі
















Балаларды қабылдау

Таңғы сүзгі: балалардың терісін, дене қызуын, сыртқы келбетін тексеру. Балаларды жақсы көңіл күймен қарсы алу және оларға қолайлы жағдай жасау. Баланың көңіл күйін, оның жеке пікірін, қызығушылығын анықтау. (сөйлеуді дамыту)

Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру

Ата-аналардың мазалап жүрген сұрақтарына жауап беру.

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Балаларды тамақ ішер кезде, табақша, қасықтарды қою, ішіп болғанда жинасу іскерліктеріне ынталандыру.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Балабақшадағы арнайы жабдықтарды дұрыс пайдалану, қадірлеу, қайта орнына қою, бір-біріне көмек көрсетуге тәрбиелеу.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Балаларды балабақшадағы ойын бұрышындағы кезекшілікті атқару іскерліктерін жетілдіру.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Балаларды топ бөлмесінде реттілікті сақтау; ойыншықтарды, құрылыс материалдарын өздігінен орнына жинау, оларды сындырмауға дағдыландыру.

"Еңбекке баулу"
Мақсат-міндеттер. Балаларға өздерінің еңбегі туралы әңгімелеп беру; кезекшілерді өз істеріне дұрыс үйретіп, тостағанды тұтқасынан, нан салуға арналған ыдысты екі қолымен ұстауды т.б.. естеріне салып отыру.

Ойын жаттығулар
Мақсат-міндеттер. Альбомдар мен сюжеттік суреттерді қарастыру.
(сөйлеуді дамыту және көркем әдебиет)


"Мозаика", "Құрастырғыш" ойындары.
Мақсат-міндеттер: логикалық ойлауды, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
(математика негіздері, құрастыру)

"Ою саламыз" саусақ жыттығуы.
Мақсат-міндеттер: балаларды қимылдарды жаттығу мәтінінің ырғағына сай орындауға дағдыландыру; ойлау, елестету қабілетін, ұсақ қол моторикасын, жағымды эмоцияларды дамыту.
Зергер бала боламыз, (Екі алақанда ашу)
Оюды саламыз:
Бұлақ, (Қолдарды жұдырыққа жинап, ішке қарай бұрау)
Дөңгелек, (Шеңбер салу)
Ирек, (Толқындар жасау)
Қанат, (Қос қолмен бұлғау)
Гүлдер, (Алақандарды жайып, тігінен көрсету)
Көбелек. (Қос қолды айқастырып, бұлғау)
Д. Ахметова.
(сөйлеуді дамыту)

"Ол не?" дидактикалық ойыны.
Мақсат-міндеттер: балаларға заттардың бір-бірінен үлкен-кішілігін анықтай білуді үйрету.
Матрешканың бөлшектеу және құрастыру, кіші матрешканы үлкен матрешканың ішіне салу, матрешканың жоғарғы және төменгі жартысын үлкен-кішілігі және өрнектері бойынша салыстыру. Ойынның мазмұны. Тәрбиеші балаларға мынадай жұмбақ айтады:
Бойы әр түрлі, жұмбағымды тыңдашы,
Өзара ұқсас жүзі менен сымбатты.
Бір-біріне сыйып кеткен көрінбей,
Жиналғанда бір ойыншық сияқты.
Ойынды қайталап өткізгенде балалардың ынтасын туғызу үшін матрешка туралы кітаптарды көрсетуге болады. Осыдан кейін матрешканы бөлшектеп, оның жоғарғы және төменгі бөлігіне балалардың назарын аударады, оларды салыстырады, соңынан қайтадан құрастырады. Тәрбиеші матрешкалардың ең үлкенінен кішісіне қарай орналасу тәртібін көрсетеді. Балалар бір матрешканы екіншісінің ішіне салып, оның қайсысы үлкен екенің анықтайды. Егер бала матрешканың өз бөліктерін үлкен-кішілігі бойынша тауып, оларды бойларына қарай қоя білсе, тапсырма дұрыс орындалған болып есептеледі. Ойын бір- екі рет қайталанады. Матрешканы бөлшектеп құрастыруда қателеспеген бала жеңімпаз аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет