Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы



бет11/11
Дата11.03.2023
өлшемі28,55 Kb.
#171907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
27.02.-03.04.1980
Cуммативное оценивание за 1 четверть 6 класс, 00027e18-7638d1aa, 27, Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбала1 (1)
Жаңылтпаштар айтқызу.
Бір ақ шымшық,
Екі ақ шымшық.
Үш ақ шымшық,
Төрт ақ шымшық.
(сөйлеуді дамыту)

Серуенге дайындық

Өзіне-өзі қызмет көрсетуге деген ұмтылысын қолдау: белгілі реттілікпен киінуге және шешінуге, тісті тазалауға, ұқыптылыққа, киіміндегі олқылықтарды байқауға, оларды ересектің көмегімен немесе өз бетінше реттеуге, ас ішу құралдарын орнымен қолдануға баулу.

Серуен

Түскі серуендегі бақылауды жалғастыру. (қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет)

Серуеннен оралу

Өз шкафын белгі бойынша тауып алуды, өз киімін өзі шешуді, өз қажеттері жайында айтуға машықтандыру. (мәдени-гигиеналық дағдылар, дербес әрекет)

Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Кітап бұрышында: өткен тақырыптар бойынша суреттерді қарау, сипаттау; ертегілерді есте жаңғырту, кейіпкерлердің сөздерін қайталау. (коммуникативті дағдылар, сөйлеуді дамыту, қазақ тілі, көркем әдебиет)
Мақсат-міндеттер. Балалардың сөздік қорын ойындар мен ойын жаттығулары арқылы кеңейту, сөздік қорды заттардың сапасы мен қасиеттерін білдіретін, заттарды жалпы (көктем мезгілі, ауа райы, көктем мерекелері, наурыз мерекесі, салт-дәстүр) және ерекше белгілері бойынша жалпылаушы сөздермен байыту.
Таныс ертегілер мен шағын шығармалардың мазмұны бойынша алдымен сұрақтарға жауап беруге, кейіннен өздігінен қайталап айтуға баулу. Ауызекі сөйлеуде түрлі балалар әрекеттерінде қоршаған орта заттары мен табиғат нысандарының атауларын өздігінен қолдануды қалыптастыру.
Қоршаған ортадағы күнделікті жиі қолданылатын туыстық қатынасқа байланысты сөздерді («бөпе», «аға», «апа», «іні», «қарындас»), тұрмыстық заттардың, жемістердің, жануарлардың, төрт түліктің атауларын айту және түсіну дағдыларын қалыптастыру.
Баланың сөздік қорын дамытуда, санамақтар, тақпақтар, жаңылтпаштарды жаттауға баулу.
Музыкалық аспаптармен ойындар. (музыка)
Мақсат-міндеттер. Қазақ халқының би өнерімен таныстыру. Музыкалық сүйемелдеумен қазақ би қимылдарының қарапайым элементтерін орындау, ойындарда таныс би қимылдарын қайталау. Аспаптың сүйемелдеуіне, ересектердің дауысына ілесе отырып, олармен бірге ән айту, әнді бірге бастап, бірге аяқтау. Музыкалық шығарманы иллюстрациялармен салыстыра білуді қалыптастыру. Музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдауға баулу. Музыкалық жанрлар: ән, би, маршпен таныстыру.
Өнер бұрышында аңдардың бояу суреттерін бояту, ұлпақар мүсіндеу және жапсыру жұмыстарын жасау. (шығармашылық дағдылар, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу, құрастыру)
Мақсат-міндеттер. Қазақ ою-өрнектерінің қарапайым элементтерін қайталап салуға баулу. Қазақ халқының әшекей бұйымдарымен (білезік, жүзік, балдақ, сырға, тұмар) таныстыру. Мүсіндеу тәсілдерін қолдана отырып, өзіне ұнаған бұйымдарды мүсіндеу, оларды таяқшамен безендіру. Қазақ халқының ұлттық ыдыс-аяқтарымен, тұрмыстық заттарымен таныстыру. Ұнаған дайын заттардың пішіндерін қазақ оюларының қарапайым элементтерімен безендіру. Заттардың пішіні мен олардың түсі туралы білімді бекіту. Ұжымдық құрылыс жасауға баулу, алдын ала келісе отырып, құрылыс бөліктерін жеке дайындау, өздерінің құрастырған бұйымдарын біріктіре отырып, дайын болған құрылыспен бірге ойнату.
Табиғат бұрышын зерттеу, салыстыру, танысу, пысықтау жұмыстары. (зерттеу іс-әрекет, қарым-қатынас іс-әрекеті)
Танымдық дағдыларды қалыптастыруға арналған ойындар ұйымдастыру. (танымдық дағдылар, математика негіздері)
Балаларды геометриялық фигуралармен: үшбұрыш, шаршы, дөңгелекпен таныстыру, ұстау және көру тәсілдері арқылы аталған фигураларды зерттеуге мүмкіндік беру.

Балалардың үйге қайтуы (ата-аналарға кеңес)

"Отбасындағы мерекелерді өткізу дәстүрлері" тақырыбына әңгімелесу.

"Баланың қозғалыс белсенділігін қалыптастырудағы отбасының рөлі" тақырыбына әңгімелесу.

Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін арттыру.

Жаднама: "Балаға қандай ойыншықтар сатып алуға болады?"

Ата-аналарға кеңес. "Демалысты қалай өнімді өткізуге болады?"


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет