Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу



бет9/11
Дата11.03.2023
өлшемі28,55 Kb.
#171907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
27.02.-03.04.1980
Cуммативное оценивание за 1 четверть 6 класс, 00027e18-7638d1aa, 27, Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбала1 (1)
Сөйлеуді дамытудан ойын-жаттығу
"Қарлығаш туралы тақпақ жаттау".
Мақсат-міндеттер. Балаларды жыл құсы қарлығаш туралы көркем сөзбен таныстыру, қарлығаштың тіршілігі жөнінде мағлұматтар беру.


Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Көктеммен бірге құс келді".
Мақсат-міндеттер. Балалардың құстарды бақылай отырып, оның ерекше белгілері мен қасиетін қабылдау барысында танымдық-зерттеушілік дағдылары мен қызығушылықтарын, ойлауы мен тілін дамыту.

Қоршаған ортамен танысудан ойын-жаттығу
"Торғай".
Мақсат-міндеттер. Балалардың торғай туралы түсініктерін қалыптастыра отырып, оның өмір сүру тіршілігімен таныстыру; торғайдың белгілері мен ерекшеліктері (сыртқы бейнесі, тамақтануы, түсі, көлемі және қыстайтын құсы), түрлері жайлы түсінік беру; көктемнің жаршысы құстар туралы білімдерін кеңейту.


Ұлттық ойын. Білектесу.
Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі бала оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінің қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан бала, ойын бастаушы команда берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғамай, қарсыласының тіреулі қолын шалқасынан түсіруге ұмтылады. Білегі тайып жантайған бала жеңіледі. Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.
(дене шынықтыру)



Құрастырудан ойын-жаттығу
"Бантик таққан балапан".
Мақсат-міндеттер. Балаларды қағаз жолағын көлденең бойымен тең бөліктерге бүктемелеу амалдарына үйрету, жасалған гофра жинағын көлденең жіңішке жолақ арқылы жапсырып бөлуге машықтандыру.


Музыкадан ойын-жаттығу
"Анашым, анажаным".
Мақсат-міндеттер. Балаларды ана туралы әннің сипатын ажырата білу және дыбысты есту қабілетін қалыптастыру; төмен және жоғары дыбыстарды ажырата білу қабілетін жетілдіру; музыкадағы ырғақты сезіне білу қабілетін дамыту; музыка әуенімен ырғақты қимылдарды бір мезгілде бастап, бір мезгілде аяқтау дағдысын дамыту; әуеннің ырғағына ілесе отырып, музыкалық аспапта шығарманы ойнай білуге жаттықтыру. Балаларды мәдени қарым-қатынас пен адамгершілік ережелеріне тәрбиелеу; эстетикалық талғамын, оқу қызметінде қызығушылықтары мен белсенділіктерін арттыруды пысықтау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет