Тақырыбы: Р дыбысын қою
Мақсаты: Дыбыстардың дұрыс айтылуын қалыптастыру; фонематикалық есту қабілетін жетілдіру; дыбыстарды буында, сөзде, сөйлемде айжырата білуге үйрету; есте сақтау қабілетін дамыту; сөздегі Р дыбысының орынын табыу, қол мен саусақ бұлшық ет қимылдарының ұсақ моторикасын дамыту.
Көрнекілігі: Ертегі кейіпкерлері, ойын алаңы, суреттер, Р дыбысы, айна.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Логопед мұғалім:
- Балалар, күн шуағын шашқанда, біздің көңіл күйіміз қандай болады? (Қуанамыз)
- Біздің түрімізден қалай бақылауға болады?
- Біз жымиямыз, иә? Қане, бір-бірімізге жымиялық.
- Ал егерде бұлттар пайда болып жатса? (Таң қаламыз)
- Бір мезетте найзағай жарқылдады қорқып кеттік
- Енді жаңбыр жауып кетті, біз не істейміз? Көңілміз түсіп кетті. Барлығын мимикамен көрсетеміз.
Логопед мұғалім:
Ал енді біздің көңіліміз көтеріңкі болу үшін біз күнді құрастырамыз. (оқушыларға қыстырғыштар көмегімен, күнді құрап шығуды тапсыр)
Күннің пішіні қандай?( Дөңгелек)
ІІ. Тыныс алу жаттығулары. «қарды ұшқыны», «судағы қайық», «бөтелкедегі қар»
ІІІ. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтау.
Балалар, бізге жедел хат келіпті. Қане, алып оқиық. Кім оқиды?– «Сәламатсыңдар ма, оқушылар! Бізді жалмауыз кемпі... ұ..лап кетті. Құтқа...а кө...Сенің сүйікті ә..іпте..ің.»
- Қалай ойлайсың, қандай әріптерді ұрлап кеткен? Мына сөздерге қай дыбыс жетіспей тұр. Дыбысты ұзағырақ айтып, артикуляциясын еске түсір. (Р дыбысының артикуляциясына тоқталады.)
- Еріннің қалпы келесі дауысты дыбысқа тәуелді;
- Жоғарғы төменгі тістер арасы алшақ;
- Тіл мен таңдай арасында ауа толқыны еркін өтеді;
- Тілдің шет жақтары азу тістерге жабысып тұрады;
- Дауыс шымылдықтары қатайып, бір-біріне жақындап, діріл арқылы дыбыс шығарады.
- Ауа ағысы дем шығару сәтте ауыз қуысына толып, қатайып тұрған тіл ұшын қозғалтып дірілдетеді. Сонымен бүгінгі сабақта Р әрпін құтқарамыз.
ІУ.Артикуляциялық жаттығу
«ат шауып келеді», «тәтті тосап», «сағат» , «тісті тазалау»
У. Тыныс шығаруын дұрыстауға арналған жаттығу.
Ал енді, Р әрпін құтқаруға дайынбыз. Бізге кім көмектесер екен? Мүмкін біз сиқыршыдан көмек сұрармыз. Сиқыршы бізге өзінің шарын ұсынып тұр. Бұл жәй шар емес, сиқырлы шар. Егер сен оны үрлейтін болсаң, ол сені жалмауыз кемпірге алып барады. (шарды үрлей бастайды)
УІ. Р дыбысын буында дұрыс айтуға дағдыландыру.
(шар бұтақтарға келіп тіреледі) Бұтақтарды жалмауыз кемпір қойып кеткен болар. Бұл кедергіден өту үшін, берілген тапсырмаларды дұрыс орындауың керек, сол кезде ғана жол ашылады.
Айтылғанбуындардыкезекпенқайтала
Ра-ро-ру ар-ор-ур
Ру-ру-рұ ор-ур-ыр
Ро-ру-рыыр-ұр-ыр
Рдыбысынсозыпайт
Ра-ра-ра-рас Ар-ар-ар-қар
Ро-ро-ро-ром Ор-ор-ор-тор
Ры-ры-ры-рысЫр-ыр-ыр-отыр
УІІ. Р дыбысын сөзде айтуға машықтандыру.
(шар бөренеге келіп тіреледі)
Жалмауыз кемпір мұнда да жауыздығын жасап, бөренені жолдың бойына қойып кетіпті. Тапсырманы орынап, бөренені орынан жылжытуымыз керек.
Тапсырма: Буындардан сөз құрау:
Қо , Ра, Рау, Шан, Да, На,Ра, Зы
УІІІ. Р дыбысын сөйлемде айтуға машықтандыру.
Міне, Р әрпін ұстап тұрған жалмауыз кемпірге де жеттік. Оның айтуы бойынша, ол Р әріптері қатысты сөздерді ұмытып қалыпты, сондықтан Р әрпін ұрлап кетіпті. Оның есіне түсірсек қайтеді? Олай болса, «Мен бастаймын, сен аяқта» ойынын ойнайық. Мына сөз тіркестерін есіңе сақтай дұрыс қайтала.
Дос жылатып айтады, Дұшпан ...(күлдіріп айтады)
Өнер - ағып жатқан бұлақ, Ілім –(жанып тұрған шырақ.)
Кітап - білім бұлағы, Білім –(өнер шырағы.)
Қалауын тапса,( қар жанар.)
ІХ. Мыстан кемпірдің риза болуы.
-Жарайсыңдар, балалар! Берілген тапсырмаларды дұрыс орындап, мыстан кемпірді риза қылып, «Р» әріпін бостаңдыққа шығардыңыздар!
Х. ҚорытындыКері байланыс «Ойды аяқта»
ХІ. Үйге тапсырмаАртикуляциялық жаттығуларды жасау
Достарыңызбен бөлісу: |