Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасы


Математика негіздерінен ойын-жаттығу



бет10/11
Дата11.03.2023
өлшемі28,55 Kb.
#171907
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
27.02.-03.04.1980
Cуммативное оценивание за 1 четверть 6 класс, 00027e18-7638d1aa, 27, Атқарылған жұмыстар туралы практика кезіндегі күнделікті жазбала1 (1)
Математика негіздерінен ойын-жаттығу
"Көктемгі сыйлықтар".
Мақсат-міндеттер. Балалардың геометриялық пішіндер жөніндегі білімін тиянақтау, "саны қанша, сонша", "бірдей", "саны тең" ұғымдарын түсінуін пысықтау; көктем мезгіліндегі құстардың тіршілігі жөніндегі түсінігінің аясын кеңейту, аналар мерекесіне сыйлық дайындау әдебімен таныстыру.


"Жапалақ" қимылды ойыны.
Ойыншылар ішінен жапалақ таңдалады. Басқа балалар құстар, қоңыздар, көбелектер болады. Жапалақ тоғайға (гимнастикалық қабырғаның бірнеше сатысына ) шығады, ал қалған балалар «қанаттарын қағып», «ұша» бастайды. Педагог «Түн» деп айтқан кезде, құстар мен жәндіктер өз орындарында қозғалмай тұрып қалады. Қозғалып қойған ойыншыны жапалақ үйіне алып кетеді. Педагог «Күн» деп айтады, осы кезде жапалақ қайтадан тоғайға шығады. Ойын бірнеше рет қайталанғаннан кейін басқа жапалақ таңдалады және ойын әрі қарай жалғасады.
(дене шынықтыру)

Балалармен жеке жұмыс

"Көктем" тақырыбында әңгімелесу (иллюстрацияларды қарастыру).
Мақсат-міндеттер: қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.
(сөйлеуді дамыту)

"Көктем" тақпағын жаттау.
Көктем қырға төрледі,
Төрт түлік мал төлдеді.
Бәйшешектер құлпырып,
Деп тұрғандай: «Көр мені!»
Жылы мезгіл жетіпті,
Тастадық біз етікті.
Қар көктемге жеткізбей,
Тауға шығып кетіпті!
К.Ыбырайұлы
(көркем әдебиет)

Жыл мезгілі жайлы сұрақтар.
Мақсат-міндеттер: қарапайым сұрақтарға жауап беруге үйрету.
(қоршаған ортамен танысу, сөйлеуді дамыту)

"Сиқырлы қылқалам".
Мақсат-міндеттер. Дайын суреттерді бояу.
(сурет салу)



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет