Байланысты: «Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»
Іс-әрекет алгоритмі: Науқастың аты-жөнін анықтап, өзара сенімді қарым-қатынасты орнатыңыз.
Науқасқа емшараның мақсаты мен барысын түсіндіріп, оның келісімін алыңыз.
Науқасты кермемен оңашалаңыз.
Науқасты арқасына жатқызыңыз: тізесінен бүгілген екі аяғын жан-жаққа аздап қана ажыратыңыз.
Бөксе астына кленканы, оның үстінен жаялықты төсеңіз. Судноны беріңіз.
Гигиеналық деңгейде қолды тазартыңыз, оларды 70% спиртте суландырылған мақта шариктерімен өндеңіз, тырнақ пластинкаларын 1% спирттелген йод ерітіндісімен тазартыңыз. Қолғапты киіңіз.
Науқастыңжыныс мүшелерін жууға арналған құрал-жабдықтарды дайындаңыз (стандартты қара: халі ауыр әйелдердің жыныс мүшесін жуу iс әрекетік)жүргізіңіз.
Катетерлеуге қажетті құрал-жабдықтарды дайындаңыз.
Залалсыздандырылған қолғапты киіңіз.
Сол қолдың 1 және 2 саусақтарымен үлкен жәнс кіші жыныс еріндерін ажыратыңыз, зәр шығаратын түтіктің сыртқы тесігін ашыңыз.
Фурацилин ерітіндісіне суландырылған дәке салфеткасын пинцетпен алып, оңқолынызға ұстаңыз.
Несеп шығатын тесікті антисептикалық ерітіндімен тазалаңыз,кіші жыныс еріндерінің арасын жоғарыдан төмен қарай қимыл жасап жуыңыз.
Дәке салфеткасын ауыстырып фурацилин,ерітіндісімен суландырылған дәке салфеткасын несеп шығатын каналдыңтесігіне 1 минуттай басып ұстаңыз.
Қолданылған дәке салфеткаларын қауіпсіз жоюға арналган контейнерге, пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. Пинцетті ауыстырыңыз.
Оң қолдағы пинцетпен жұмсақ резеңке катетердің тұмсық (домалақбітеу) ұшынан 7-8 см қашықтықта қаламсап сияқты қылып ұстаңыз.
Катетердің сыртқы ұшын алақан үстінен айналдырып алып, оң қолдың 4-ші 5-ші саусақтарының арасына қысып ұстаңыз.
Катетердің тұйық жағына залалсыздандырылған вазелин майын «құю» әдісімен құйыңыз.
Сол қолмен жыныс еріндерін ажыратып, оң қолмен абайлап катетерді несеп шығатын каналға 4-6 см ұзындыққа несеп шыққанша енгізіңіз.
Катетердің бос ұшын зәр жинайтын ыдысқа салыңыз.
Пинцетті зарарсыздандыру ерітіндісіне салыңыз.
Зәр бөлінуі аяқталғаннан бұрын катетерді шығарыңыз, сол қасағаның үстінен іштің алдыңғы бетінқолыңызбен басыңыз. Катетерден шығарғаннан соң зәр ағымы зәр шығаратын каналды жуады (несеп жолын табиғи жолмен шайып өтеді).
Зарарсыздандыру ерітіндісі бар ыдысқа катетерді салыңыз.
Қолғапты шешіңіз. Қолғапты, сүрткілерді мақта шариктерді ҚКЖҚға салыңыз.
Қолыңызды жуып, кептіріңіз.
Науқасқа физикалық және психикалық тыныштықты қамтамасыз етіңіз.