Сабақтың тақырыбы: «Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»



бет18/31
Дата11.01.2022
өлшемі62,75 Kb.
#110762
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
«Зәр шығару жүйесінің қызметі бұзылған кездегі мейіргерлік үрдіс»

Бесінші кезең

Мейіргерлік нәтижесін бағалау

Бесінші кезең – мейіргерлік кірісулердің нәтижесін бағалау

Мейіргерлік күтімнің нәтижесін бағалай білу (алдында қойылған мақсатқа жету дегеніміз). Өзіміздің жұмысымызға баға қою. Мейіргерлік кірісулердің нәтижесін бағалау, күтім мақсаттарына жетуді анықтау, қажет болса мейіргерлік көмекке коррекция жүргізу.


Стандартты операциялық рәсімдер
Бүйрек коликасы жағдайындағы жедел көмек.
Мақсаты: ауру синдромын басу.
Дайындаңыз: тонометр, фонендоскоп, жылытқыш, заласыздандырылған: бір рет қолданатын шприцтер, мақта шариктері, 70% этил спирті, бұрама, қолғап, дез. ерітіндідегі пинцет, лоток, дәрілік заттар: 5мл баралгин ер-сі, 1мл 0,1% атропин ер-сі, 1мл 1-2% промедол ер-сі, 1мл 0,2% платифилин ер-сі, 2-4мл 2% но-шпа ер-сі, 1-2мл морфин немесе промедол.
Іс-әрекет:

  1. Пациентті физикалық және психикалық тыныштықпен қамтамасыз ету.

  2. Жылытқыш беру (бел, іш аймағына)

  3. 5мл баралгин ерітіндісін көк тамырға еңгізу.

  4. 1мл 0,1% атропин ер-сін 1мл 1-2% промедолер-сімен қоса тері астына еңгізу.

  5. 1мл 0,2% платифилин ер-сін тері астына еңгізу.

  6. 2-4мл 2% но-шпа ер-сін бұлшық етке еңгізу.

  7. Егер осы орындаған манипуляциярдан нәтиже болмаса, 10-15 минуттан кейін наркотиктерді

енгізу: 1-2мл морфин немесе промедол тері астына.

  1. Пациенттің жағдайын қадағалау.

  2. Хирургиялық немесе урологиялық бөлімшеге госпитализация жүргізу.

Ескерту: жылыту процедураларымен наркотикалық анальгетиктерді, іш қуысының мүшелерінің жедел хирургиялық патологиясы болмаған жағдайда ғана қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет