Қостанай облысы Әулиекөл ауданы № 121 Құсмұрын орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Досова Гүлсім Рақымжанқызы
Сынып: 4
Сабақтың тақырыбы - Зергерлік өнер
Сабақтың мақсаты:
1. Білімдік: тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерінің айтылуы мен жазылуын меңгерту, тәуелдік жалғаулардың лексико-грамматикалық мағыналарын меңгерту,фонетиканы,жіктік есімдіктерді қайталау.
2. Дамытушылық: сөздік қорын байыту ,ауызекі сөйлеу тілін дамыту.
3. Тәрбиелік: сұлулыққа,талғампаздыққа тәрбиелеу,еңбекті бағалай білуге баулу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ, аралас сабақ.
Пәнаралас байланыс: тарих, география
Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Көрнекіліктері: компьютер,интерактивті тақта,суреттер,сызбалар.
Сабақтың жоспары.
1. Ұйымдастыру кезеңі. (сабаққа дайындық, сабақтың мақсаты, жоспары)
2. Фонетикалық жаттығу - Қ, Ә, Ғ дыбыстары.
3. Өткенді қайталау: а) суретпен жұмыс: Мынау не? Мынау кім?(көше,ата,ағаш,жапырақ,сыныптас,үшбұрыш,шаршы,балта,шеге.)ә) Сұрақтарға жауап беру; 1.Мектеп ненің ордасы? 2.Білім қандай қазына? 3.Біздің мектеп қандай? 4.Жақсы кітап ненің азығы? 5.Сенің сүйікті пәндерің қандай? 6.Қандай сызық түрлерін білесің? 7.Қазақстанның қандай тарихи орындарын білесің ?
4. Үй тапсырма тексеру кезеңі саяхат түрінде өткізіледі.
А) сөздік жұмыс. Лото ойыны..
Ә) Слайд –шоу .Мынау не?. Зергерлік бұйымдарға не жатады ? Олар неден жасалады ? Зергерлік бұйымдарды кім жасайды? Қандай асыл тастарды білесіңдер?
Б) Мұражайдың келесі залы-18-20 ғасырдағы зергерлік бұйымдары.«Зергерлік бұйымдары» деген мәтінді жатқа айту.-оқушы.
В) 3-ші зал.Зергердің шеберханасы. «Зергер» деген мәтінді жатқа айту-оқушы.
Г) 4-ші зал.Кітапхана. «Менің атам- зергер», «Зергерлік өнер» деген мәтіндерді мәнерлеп оқу.
Ғ) 5-ші зал.Кинотеатр. Билеттер бойынша сұрақтарға жауап беру.
Д) «Зергерлік дүкенінде» диалогты жатқа сұрау.
5. Сергіту кезеңі.
6. Практикалық кезеңі.Фонетика, морфологияны қайталау.
Жіктік есімдіктерді, тәуелдік жалғауларды қайталау. Қазақ әліпбиі,тәуелдік жалғаулар, буын түрлері- ережелерді жатқа айту.
Мультимедиалық материалды пайдалану. Жіктік есімдіктер. Түсініктемелер.
Тәуелдік жалғаулар. Түсініктемелер.
Тапсырмалар. Тәуелдік жалғаудың түрін анықтаңыз.
Тапсырма: Бос ұяшыққа жіктік есімдіктерді жазыңыз.
Тапсырма: Сөз тіркестерді құрастыру.
Тапсырма: Мына сөздерден сөйлем құрастыру.
Аудирование. Диалогты тыңдап, сұрақтарға жауап беру.
7. Қорытынды. Нәтиже тест орындау.
8.Үй тапсырмасын беру. Оқушыларды бағалау.
«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің № 121 Құсмұрын орта мектебі» ММ
Қазақ тілі.
Ашық сабақ.
«Зергерлік бұйымдар»
4-сынып.
Мұғалім: Досова Г.Р.
2015-2016 о.ж.
Достарыңызбен бөлісу: |